ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дариға Назарбаева бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында зейнетақы қорларының жұмысын сынға алып, сондай-ақ «Ұлар Үміт» ҰЗҚ-ны «қабілетсіз» менеджмент үшін айыптады.
«Пайдасыз менеджмент – зейнетақы жүйесіндегі басты соққы. Мысалы, «ҰларҮміт» қоры өз салымшыларының қаражатын «Шар–Өскемен» темір жолының құрылысына салды. Ақша жаратылды, ал жоба дұрыс жұмыс істеп жатқан да жоқ», – деді Д.Назарбаева.
Депутат темір жол қазір уақытша пайдалануға берілген, станция жанындағы залдар салынбаған, жолға техникалық қызмет көрсету жоқ және мемлекеттік комиссия тексермегенін айтты.
«Темір жол шамамн 70 пайызға ғана жұмыс істеп тұр. Жоба дұрыс емес жоспарланған және есептелген. Салымшылардың ақшасы «аспанға ұшып кетті». Енді мемлекет, яғни сіз бен біз – елдің жұмыс істеп жатқан азаматтары аталған қордың қабілетсіз менеджментінің зардабын тартамыз. Осы іске кім жауап береді және мұндай тірліктер қашан аяқталады?» – деді Д.Назарбаева.
Оның айтуынша, бұл зейнетақы жүйесінің солқылдақтығын көрсетеді.
«Мұндай қорлар үшін салымшылардың мүдделері әзірше басты басымдық болмай отыр», – деді депутат.
Назарбаева «Ұлар Үміт» қорын «қабілетсіз» менеджменті үшін айыптады
Оқи отырыңыз
7 Қазан, 09:25
18 көпірдің аржағындағы «елес қала»: Кезінде ұшақ қатынаған Байжансай неге қаңырап қалды?1 Қазан, 17:40
«Атын Төрехан деп қойдық»: шымкенттік отбасы жетінші перзентіне боксшының есімін берді1 Қазан, 12:41
Азиаданың финалына шыққан Ажар Асхат туралы не білеміз?1 Қазан, 11:32
«Шындықты жайып саламын»: Роналду ұлттық құрамадан кетті ме?