Жаңалықтар

Дариға Назарбаева: Біздің зейнетақыларымыз басқа мемлекеттердің экономикасы үшін қызмет етпеуі тиіс

Қазақстандықтардың зейнетақы қорлары шетелдік мемлекеттердің экономикасы үшін қызмет етпеуі тиіс. Мұндай пікірді бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мәлімдеді. «Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан зейнетақы активтерінің бірыңғай сыртқы басқарушысын тарту және қорларды шетелдік активтерге инвестициялау жоспарланып отырғаны туралы мәлім болды. Біз осыған алаңдаулымыз. Біз сыртқы басқарушыға қарсы емеспіз, бірақ біздің қаражатымыз өзге елдердің экономикасы үшін қызмет еткеніне қарсылық білдіреміз», – деп атап өтті депутат. Оның айтуынша, «көз алдымызда» батыстық қаржы жүйесінің тіректері құлағаннан кейін және олармен бірге зейнетақы қорлары өз тұрақтылықтарын жоғалтқаннан кейін, инвестициялау азаматтардың зейнетақы қаражаттарын үлкен қатерге тігеді. «Олар өзге елдің экономикасы үшін қызмет етпеуі керек. Олар мемлекеттің кепілдік беруі арқылы қазақстандық ірі инфрақұрылымдардық жобаларға инвестициялануы тиіс», – деді Д.Назарбаева. BNews.kz
07.02.2013 09:00 2755

Қазақстандықтардың зейнетақы қорлары шетелдік мемлекеттердің экономикасы үшін қызмет етпеуі тиіс. Мұндай пікірді бүгін еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында Мәжіліс депутаты Дариға Назарбаева мәлімдеді.

«Кейбір бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламасынан зейнетақы активтерінің бірыңғай сыртқы басқарушысын тарту және қорларды шетелдік активтерге инвестициялау жоспарланып отырғаны туралы мәлім болды. Біз осыған алаңдаулымыз. Біз сыртқы басқарушыға қарсы емеспіз, бірақ біздің қаражатымыз өзге елдердің экономикасы үшін қызмет еткеніне қарсылық білдіреміз», – деп атап өтті депутат.

Оның айтуынша, «көз алдымызда» батыстық қаржы жүйесінің тіректері құлағаннан кейін және олармен бірге зейнетақы қорлары өз тұрақтылықтарын жоғалтқаннан кейін, инвестициялау азаматтардың зейнетақы қаражаттарын үлкен қатерге тігеді.

«Олар өзге елдің экономикасы үшін қызмет етпеуі керек. Олар мемлекеттің кепілдік беруі арқылы қазақстандық ірі инфрақұрылымдардық жобаларға инвестициялануы тиіс», – деді Д.Назарбаева.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға