Оралда 1995-1995 жылы туған жасөспірімдер арасында бокстан Қазақстан чемпионаты басталды, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Ұлттық біріншілікке 170-тен астам спортшы қатысуда.
Жарыс Оралдағы Мұз айдыны спорт сарайында өтуде. Боксшылар 49-91 аралығындағы салмақ дәрежесінде жарысқа түспек. Қазақстан чемпионатының қорытындысы бойынша елдің жастар құрамасына іріктеу өтеді. Ел құрамасы наурыз айында Филиппинде өтетін Азия чемпионына қатысады.
«Оралдағы жарысты ұйымдастырушылар жақсы дайындалған. Келген қонақтар жарысты өткізу деңгейіне жоғары баға беруде», – деді ҚР Еңбек сіңірген бапкері Ғалым Кенжебаев.
Республикамыздағы көптеген танымал боксшылар өз кәсіптерін осы тектес жастар чемпионатынан бастаған. Олардың қатарында қазақстандық бокс мектебіне атақ-даңқ алып келген Серік Сәпиев, Геннадий Головкин және Бақтияр Артаев бар.
ҚР чемпионатының финалдық жарыстары 9 ақпанда өтеді.
Оралда бокстан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды
Оқи отырыңыз
15 Шілде, 12:09
Зендеяны стиль иконасына айналдырған адам: Лоу Роуч туралы не білеміз?14 Шілде, 17:41
ӘЧ-2026: қай құрама финалға жолдама алады?7 Шілде, 12:44
Шикі сүт ішеді, етті жақсы көреді: Норвегия қаһарманына айналған Эрлинг Холанн кім?7 Шілде, 10:00
Миллион жазылушы – дайын вице-президент? Қазақстан спортындағы жаңа тренд