Жаңалықтар

«Күтпеген дуэт» — Алтынай мен Айгүлдің шығармашылық кеші өтті

Продюсердің бұрынғы және қазіргі әйелдері бірігіп концерт берді. Шымкентте Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаеваның шығармашылық кеші өтті. Бұл концертке таңырқай қарағандардың көп болғаны рас. Сондықтан шығар залда ине шаншыр жер жоқ. Жұрттың бәрі бақталас деп ойлайтын қос әнші бірігіп сахнаға шығады дегенді естігендер, оған сенбесе керек. Концерт басталғанда да мұндайда болады екен-ау дегендер көп болды. Ал продюсер һәм отағасының өзі мұндай бұрын соңды болмаған дейді. Сәбит Әбдіхалықов әншілердің бұл қадамын тарихта болмаған оқиғаға балап отыр. Сәбит Әбдіхалықов, әртіс: «Менің бұл концертке көзқарасым, ниетім біреу ғана – жұртшылыққа тамаша бір ән кешін сыйлау. Сол ғана! Басқа ешқандай ойым да көзқарасым да жоқ. Жалпы өнерде жүргененнен кейін, халыққа бір осындай кеш ұсынған да дұрыс болар! Ал бұл тарихта болмаған ғой. Тарихты жасайтын біз болғандықтан, бұл біздің міндет деп білемін. Бұған ұлым ешқандай қарсылық білдірмеді, қайта қуанып жүр. Бұл «концерттік жоба» бірінші менің ойыма келген еді. Қалай болғанда да халыққа қызық керек қой. Мәселен, Алтынай Жорабаева мен Мәдина Сәдуақасова екеуі концерт берейін деп жатыр десе, ешкім келмейді. Өйткені екеуін ештеңе байланыстырып тұрған жоқ қой. Қарақат пен Алтынай концерт қойса да мұндай қызық болмайды. Ал Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның кеші десе бәрі жапатармағай жиналады. Неге дейсіз ғой?! Екеуін байланыстырып тұрған нәрсе бар! Баршаға қызық , жаңалық бұл. Сондықтан ,халық жаппай жиналады концерке. Өздеріңізде куә болып отырсыздар бір ғана ауысыммен өтеді деген концертімізді халықтың сұранысымен екінші ауысымды өткізіп жатырмыз. Тағы да сұраныстар түсіп жатыр, сондықтан жақын күндері -осы айдың соңына қарай Шымкентке тағы да кеш өткіземіз-ау осы… Себебі біз халық осыншама көп болады деп ойлаған жоқпыз, көрерменнің көңілін қалдырмауға тырысамыз». Сұхбат барысында әншілер сөз таластырды Алтынай Жорабаева, әнші: «Менің ойымша концертке халық ән тыңдау үшін емес, біздің Айгүл екеуміздің қарым-қатынасымызды білу үшін келген сияқты. Өнерімізді тамашалауы – екінші орында. Сондықтан бүгінгі кеш арқылы біз туралы біраз мағлұматтарды алып кетті деп ойлаймын. Біз жайында адамның ойына кіріп шықпайтын қауесеттер болды ғой. Тіптен жұрттың айтқанына еріп, «Сен былай депсің Айгүл… Жо-жоқ Алтынай сен неге бұлай дейсің» деп сыртымыздан ренжіп жүрген кездеріміз аз болған жоқ әрине. Алғашында “шок” болатынбыз, кейінірек назар аудармайтын болдық». Айгүл Иманбаева, әнші: «Тағдыр деген болады… Мүмкін көрермен менің пікіріммен келіспейтін де болар. Егер екі адам бір-бірін түсінісе алмаса, тәтті ауыздың дәмін кетірмей, 2 жаққа кетіп, тып-тыныш қана ортада ұл өсіп жатыр, сол ұлдың психологиясын бұзбай, жүрегін жараламай тәрбие беруі керек деп ойлаймын. Біз қазір шаш жұлысып, Алтынай екеуміздің арамызда ешқандай мұндай араздасу жоқ. Екеумізде Құдай сақтасын, тегі жоқ, қараңғы жерден шыққан жоқпыз ғой. Біз үшін баламыздың тәрбиесі, баламыздың болашағы бәрінен маңызды. Орта жасқа да келіп қалдық. Сол 5 баланың ешқандай жүрегіне қаяу түсірмей, тату-тәтті араласып жүргені дұрыс. Ал менің жеке өмірім, жеке басымның өз қызығы мен шыжығым бар. Біздің Алтынаймен қарым-қатынасымыз дұрыс, сондықтан ел алдында да осыны көрсетпек болдық Менің ойымша бүгінгі кешті халық қуана қабылдаған сияқты. Сахнаға шығар алдында да қобалжу болды. Алтынай екеуміз бір-бірімізді құшақтап алып, «біссімілләмізді» айтып, тілеуімізді тілеп алдық та шықтық. Одан кейін халық өзі-ақ көтеріп әкетті. Сонымен қоса Алтынай екеуміздің достық қарым-қатынасымыз 6 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Бізге де оңай емес, бұлай араласу үшін бізге де үлкен күш қажет. Сондықтан осы күшті өзімізден тауып, халыққа өнерімізбен, әнімізбен, әңгімемізбен шыққанымызға өте қуаныштымыз”. “Тойдың болғанынан боладысы қызық”. Бір қызығы Айгүл мен Алтынай дуэт болып та ән шырқады бұл кеште. Ал көрермендер бұл қадам тосын жаңалық болғанын жасырмай жүр. Роза Бауыржан, көрермен: “Бір жағы қызық екен. Бірақ бұл арулардың өнерімен де салт-дәстүрді аттамайтындығымен де көзге түсті бүгін. Бәрбір менің ойымша бұл жай ғана сахнадағы әртістік қабілеттілік. Қаншама жасырғанымен халық бәрін көріп тұр. Олардың көз-жанарынан-ақ бір-біріне деген талай сырды ұғуға болады”. Рахманберді Сабырәлиев, көрермен: “Концерт керемет өтіп жатыр. Мынау Айгүл мен Алтынай қызымызға риза болып отырмыз. Қазақтың намысын қолдан жібермейтін арулар екенін дәлелдеді бүгін. Қазақтың өнері арқылы жұртшылққа адамгершілік қасиетті де ұқтырды”. Ия, өнерсүйерқауым осындай пікірде. Бір қызығы өнер жұлдыздарынан сұхбат алу барысында кейбір қақтығыстарына куә болдық. Өнер иелері сахна төрінде бас-аяғы 23 ән орындады. Оның ішінде дуэт болып орындаған әндері де көп. Бір қызығы бір ауысымда өтеді деген кеш көпшіліктің сұранысымен 2-ші ауысымға жалғасты. Ал енді қос әнші алдағы күндері елдің барлық аймақтарын аралап, жұртты таң қалдырмақ Отырар  
05.02.2013 17:00 4307

Продюсердің бұрынғы және қазіргі әйелдері бірігіп концерт берді. Шымкентте Айгүл Иманбаева мен Алтынай Жорабаеваның шығармашылық кеші өтті.
Бұл концертке таңырқай қарағандардың көп болғаны рас. Сондықтан шығар залда ине шаншыр жер жоқ. Жұрттың бәрі бақталас деп ойлайтын қос әнші бірігіп сахнаға шығады дегенді естігендер, оған сенбесе керек. Концерт басталғанда да мұндайда болады екен-ау дегендер көп болды. Ал продюсер һәм отағасының өзі мұндай бұрын соңды болмаған дейді.
Сәбит Әбдіхалықов әншілердің бұл қадамын тарихта болмаған оқиғаға балап отыр.
Сәбит Әбдіхалықов, әртіс: «Менің бұл концертке көзқарасым, ниетім біреу ғана – жұртшылыққа тамаша бір ән кешін сыйлау. Сол ғана! Басқа ешқандай ойым да көзқарасым да жоқ. Жалпы өнерде жүргененнен кейін, халыққа бір осындай кеш ұсынған да дұрыс болар! Ал бұл тарихта болмаған ғой. Тарихты жасайтын біз болғандықтан, бұл біздің міндет деп білемін. Бұған ұлым ешқандай қарсылық білдірмеді, қайта қуанып жүр. Бұл «концерттік жоба» бірінші менің ойыма келген еді. Қалай болғанда да халыққа қызық керек қой. Мәселен, Алтынай Жорабаева мен Мәдина Сәдуақасова екеуі концерт берейін деп жатыр десе, ешкім келмейді. Өйткені екеуін ештеңе байланыстырып тұрған жоқ қой. Қарақат пен Алтынай концерт қойса да мұндай қызық болмайды. Ал Алтынай Жорабаева мен Айгүл Иманбаеваның кеші десе бәрі жапатармағай жиналады. Неге дейсіз ғой?! Екеуін байланыстырып тұрған нәрсе бар! Баршаға қызық , жаңалық бұл. Сондықтан ,халық жаппай жиналады концерке. Өздеріңізде куә болып отырсыздар бір ғана ауысыммен өтеді деген концертімізді халықтың сұранысымен екінші ауысымды өткізіп жатырмыз. Тағы да сұраныстар түсіп жатыр, сондықтан жақын күндері -осы айдың соңына қарай Шымкентке тағы да кеш өткіземіз-ау осы… Себебі біз халық осыншама көп болады деп ойлаған жоқпыз, көрерменнің көңілін қалдырмауға тырысамыз».

Сұхбат барысында әншілер сөз таластырды
Алтынай Жорабаева, әнші: «Менің ойымша концертке халық ән тыңдау үшін емес, біздің Айгүл екеуміздің қарым-қатынасымызды білу үшін келген сияқты. Өнерімізді тамашалауы – екінші орында. Сондықтан бүгінгі кеш арқылы біз туралы біраз мағлұматтарды алып кетті деп ойлаймын. Біз жайында адамның ойына кіріп шықпайтын қауесеттер болды ғой. Тіптен жұрттың айтқанына еріп, «Сен былай депсің Айгүл… Жо-жоқ Алтынай сен неге бұлай дейсің» деп сыртымыздан ренжіп жүрген кездеріміз аз болған жоқ әрине. Алғашында “шок” болатынбыз, кейінірек назар аудармайтын болдық».

Айгүл Иманбаева, әнші: «Тағдыр деген болады… Мүмкін көрермен менің пікіріммен келіспейтін де болар. Егер екі адам бір-бірін түсінісе алмаса, тәтті ауыздың дәмін кетірмей, 2 жаққа кетіп, тып-тыныш қана ортада ұл өсіп жатыр, сол ұлдың психологиясын бұзбай, жүрегін жараламай тәрбие беруі керек деп ойлаймын. Біз қазір шаш жұлысып, Алтынай екеуміздің арамызда ешқандай мұндай араздасу жоқ. Екеумізде Құдай сақтасын, тегі жоқ, қараңғы жерден шыққан жоқпыз ғой. Біз үшін баламыздың тәрбиесі, баламыздың болашағы бәрінен маңызды. Орта жасқа да келіп қалдық. Сол 5 баланың ешқандай жүрегіне қаяу түсірмей, тату-тәтті араласып жүргені дұрыс. Ал менің жеке өмірім, жеке басымның өз қызығы мен шыжығым бар. Біздің Алтынаймен қарым-қатынасымыз дұрыс, сондықтан ел алдында да осыны көрсетпек болдық Менің ойымша бүгінгі кешті халық қуана қабылдаған сияқты. Сахнаға шығар алдында да қобалжу болды. Алтынай екеуміз бір-бірімізді құшақтап алып, «біссімілләмізді» айтып, тілеуімізді тілеп алдық та шықтық. Одан кейін халық өзі-ақ көтеріп әкетті. Сонымен қоса Алтынай екеуміздің достық қарым-қатынасымыз 6 жылдан бері жалғасып келе жатыр. Бізге де оңай емес, бұлай араласу үшін бізге де үлкен күш қажет. Сондықтан осы күшті өзімізден тауып, халыққа өнерімізбен, әнімізбен, әңгімемізбен шыққанымызға өте қуаныштымыз”.

“Тойдың болғанынан боладысы қызық”. Бір қызығы Айгүл мен Алтынай дуэт болып та ән шырқады бұл кеште. Ал көрермендер бұл қадам тосын жаңалық болғанын жасырмай жүр.

Роза Бауыржан, көрермен: “Бір жағы қызық екен. Бірақ бұл арулардың өнерімен де салт-дәстүрді аттамайтындығымен де көзге түсті бүгін. Бәрбір менің ойымша бұл жай ғана сахнадағы әртістік қабілеттілік. Қаншама жасырғанымен халық бәрін көріп тұр. Олардың көз-жанарынан-ақ бір-біріне деген талай сырды ұғуға болады”.

Рахманберді Сабырәлиев, көрермен: “Концерт керемет өтіп жатыр. Мынау Айгүл мен Алтынай қызымызға риза болып отырмыз. Қазақтың намысын қолдан жібермейтін арулар екенін дәлелдеді бүгін. Қазақтың өнері арқылы жұртшылққа адамгершілік қасиетті де ұқтырды”.

Ия, өнерсүйерқауым осындай пікірде. Бір қызығы өнер жұлдыздарынан сұхбат алу барысында кейбір қақтығыстарына куә болдық. Өнер иелері сахна төрінде бас-аяғы 23 ән орындады. Оның ішінде дуэт болып орындаған әндері де көп. Бір қызығы бір ауысымда өтеді деген кеш көпшіліктің сұранысымен 2-ші ауысымға жалғасты. Ал енді қос әнші алдағы күндері елдің барлық аймақтарын аралап, жұртты таң қалдырмақ

Отырар

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға