Жаңалықтар

БОКС: Г. Головкин суперчемпион Феликс Штурмды жекпе-жекке шақырды

WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша бұрынғы суперчемпион Феликс Штрумды жекпе-жекке шақырып отыр, деп жазады  Vesti.kz. Г.Головкин Феликспен болатын кездесу үшін кез-келген мәмілеге даяр екенін мәлімдеген. «Мен онымен оның каналында, қаласында жұдырықтасуға даярмын, табысты теңдей бөлісуге дейін келісемін. Бұған қоса Феликс өзінің бұрынғы атағы үшін жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болады», - деді Головкин. Еске сала кетейік, Штурм кейінгі екі жекпе-жекте қатарынан жеңіліс тапқан болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында Штурмның IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атағын австралиялық Дэниэл Гил ұтып алған еді. Артынша биылғы жылдың 1 ақпанында ол австралиялық Сэм Солиманнан ұтылды. Головкиннің келесі қарсыласы 37 жастағы жапондық Нобухиро Ишида болмақшы. Бұл жекпе-жек 30 наурыз күні Монаконың Монте-Карло қаласында өтпекші. Геннадий Головкин 2013 жылдың 19 қаңтарында кәсіпқой бокстағы 25-ші жекпе-жегіне техникалық нокаутпен қол жеткізді. Бұдан бұрын 21 кездесуін нокаутпен, 3-ін ұпай санымен жеңген-ді. BAQ.kz
05.02.2013 12:53 2797

WBA тұжырымы бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Геннадий Головкин WBA тұжырымы бойынша бұрынғы суперчемпион Феликс Штрумды жекпе-жекке шақырып отыр, деп жазады  Vesti.kz. Г.Головкин Феликспен болатын кездесу үшін кез-келген мәмілеге даяр екенін мәлімдеген.
«Мен онымен оның каналында, қаласында жұдырықтасуға даярмын, табысты теңдей бөлісуге дейін келісемін. Бұған қоса Феликс өзінің бұрынғы атағы үшін жекпе-жекке шығу мүмкіндігіне ие болады», - деді Головкин.
Еске сала кетейік, Штурм кейінгі екі жекпе-жекте қатарынан жеңіліс тапқан болатын. Өткен жылдың қыркүйек айында Штурмның IBF тұжырымы бойынша чемпиондық атағын австралиялық Дэниэл Гил ұтып алған еді. Артынша биылғы жылдың 1 ақпанында ол австралиялық Сэм Солиманнан ұтылды.
Головкиннің келесі қарсыласы 37 жастағы жапондық Нобухиро Ишида болмақшы. Бұл жекпе-жек 30 наурыз күні Монаконың Монте-Карло қаласында өтпекші.
Геннадий Головкин 2013 жылдың 19 қаңтарында кәсіпқой бокстағы 25-ші жекпе-жегіне техникалық нокаутпен қол жеткізді. Бұдан бұрын 21 кездесуін нокаутпен, 3-ін ұпай санымен жеңген-ді.

BAQ.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға