Жаңалықтар

Жантөрин Нұрмұхан Сейітахметұлы (1928 -1990 жж.)

1928 жылы 22 сәуірде Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы киномеханиктер дайындайтын мектепке түскен, осы кезде тағдырдың өзі оның бойындағы әртістік қасиетін көре білген ұстаздарға жолықтырып, Алматының актерлер дайындайтын мектебінің студенті болады. Кешікпей Ташкенттің театр-көркемсурет институтының актерлік факультетінің 3-ші курсына қабылданып, 1952 жылы бітіріп шығады. 1959 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1966 жылы Қазақстанның халық әртісі атағына ие болған. 1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетті. 1967-1988 жылдар аралығында "Қазақфильм" киностудиясында актерлік қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында театр мен экранда сомдаған ондаған рөлдері, айшықты актерлік шеберлігі оны Қазақстан мәдениетіндегі аңызға айналдырды. Алғашқы ойнаған рөлі – «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіт Туматуге бейнесі (Т.Семушкин романның желісі бойынша түсірілген, 1950 жыл). Ол С.Мұқановтың «Ш.Уәлихановында» Шоқанның, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодардың, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырымның, З.Қабдоловтың «Сөнбейтін отында» Қабеннің, Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктордың, У.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Мекбетінде» Ягоның және Мекбеттің рөлінде ойнауымен ерекше көзге түсті. Ол қандай рөлді ойнаса да ой мен әрекет тұтастығын таба білді, кейіпкерінің бойына өзінше жан бітіруге талпынды. Ол 1948 жылдан киноға түсе бастады. 30-дан аса фильмге қатысқан. М. Бегалиннің "Оның уақыты келеді" (1957 жыл) фильмінде Шоқан Уәлиханов образымен өнер күмбезіне жұлдыздай жарқырап шықты. Кинода ойнаған рөлдерінің бастылары: Керім, Жомарт («Дала қызы» мен «Салтанатта», 1955), Әлжанов («Асау Ертіс жағасында», 1959), «Сұлтан Бейбарыста» Бейбарыс (1990) т.б. В. Мажурин қойған М.А.Булгаковтың «Мольер» қойылымы Жантөриннің асқан шеберлікпен ойнауы арқасында Мәскеу театр сүйер қауымын дүр сілкіндірді», — деп еске алады актриса Лейло Бекназар-Ханинга. Режиссер Б.Мансуров қойған «Сұлтан Бейбарыс» (1989 жыл) фильміндегі Бейбарыс бейнесі — тек Жантөриннің емес, қазақ киносының ірі табысы болды. Бұл образ актер шеберлігінің шырқау шыңына айналды. Ол осы рөлі үшін кеңес киносы актерлерінің бүкілодақтық "Созвездие-90" фестивалінде "Актер мамандығына қосқан аса зор үлесі үшін" сыйлығын жеңіп алып, арнайы дипломмен марапатталды. 1980 жылдары Алматы театр-көркемсурет институтында педагогикалық қызметпен айналысты. Режиссурамен де шұғылданды. Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және  Халықтар достығы орденімен марапатталған. 1990 жылы Алматыда қайтыс болды. Атырау облыстық филормониясына және Атырау қаласының бір көшесіне Н. Жантөриннің есімі берілген.
03.02.2013 09:36 12554

1928 жылы 22 сәуірде Атырау облысы Махамбет ауданында дүниеге келген. Мектепті бітірген соң, Алматыдағы киномеханиктер дайындайтын мектепке түскен, осы кезде тағдырдың өзі оның бойындағы әртістік қасиетін көре білген ұстаздарға жолықтырып, Алматының актерлер дайындайтын мектебінің студенті болады. Кешікпей Ташкенттің театр-көркемсурет институтының актерлік факультетінің 3-ші курсына қабылданып, 1952 жылы бітіріп шығады.
1959 жылы Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, 1966 жылы Қазақстанның халық әртісі атағына ие болған.
1952-1967 жылдары және 1988 жылдан өмірінің соңына дейін қазақ драма театрының сахнасында өнер көрсетті. 1967-1988 жылдар аралығында "Қазақфильм" киностудиясында актерлік қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында театр мен экранда сомдаған ондаған рөлдері, айшықты актерлік шеберлігі оны Қазақстан мәдениетіндегі аңызға айналдырды.
Алғашқы ойнаған рөлі – «Аласталған Алитет» фильміндегі чукча жігіт Туматуге бейнесі (Т.Семушкин романның желісі бойынша түсірілген, 1950 жыл).
Ол С.Мұқановтың «Ш.Уәлихановында» Шоқанның, Ғ.Мүсіреповтің «Қозы Көрпеш-Баян сұлуында» Қодардың, М.Әуезовтің «Еңлік-Кебек» пен «Қарагөзінде» Кебек пен Сырымның, З.Қабдоловтың «Сөнбейтін отында» Қабеннің, Назым Хикметтің «Елеусіз қалған есіл ерінде» Доктордың, У.Шекспирдің «Отеллосы» мен «Мекбетінде» Ягоның және Мекбеттің рөлінде ойнауымен ерекше көзге түсті. Ол қандай рөлді ойнаса да ой мен әрекет тұтастығын таба білді, кейіпкерінің бойына өзінше жан бітіруге талпынды.
Ол 1948 жылдан киноға түсе бастады. 30-дан аса фильмге қатысқан. М. Бегалиннің "Оның уақыты келеді" (1957 жыл) фильмінде Шоқан Уәлиханов образымен өнер күмбезіне жұлдыздай жарқырап шықты. Кинода ойнаған рөлдерінің бастылары: Керім, Жомарт («Дала қызы» мен «Салтанатта», 1955), Әлжанов («Асау Ертіс жағасында», 1959), «Сұлтан Бейбарыста» Бейбарыс (1990) т.б.
В. Мажурин қойған М.А.Булгаковтың «Мольер» қойылымы Жантөриннің асқан шеберлікпен ойнауы арқасында Мәскеу театр сүйер қауымын дүр сілкіндірді», — деп еске алады актриса Лейло Бекназар-Ханинга. Режиссер Б.Мансуров қойған «Сұлтан Бейбарыс» (1989 жыл) фильміндегі Бейбарыс бейнесі — тек Жантөриннің емес, қазақ киносының ірі табысы болды. Бұл образ актер шеберлігінің шырқау шыңына айналды. Ол осы рөлі үшін кеңес киносы актерлерінің бүкілодақтық "Созвездие-90" фестивалінде "Актер мамандығына қосқан аса зор үлесі үшін" сыйлығын жеңіп алып, арнайы дипломмен марапатталды.
1980 жылдары Алматы театр-көркемсурет институтында педагогикалық қызметпен айналысты. Режиссурамен де шұғылданды.
Екі мәрте Еңбек Қызыл Ту және  Халықтар достығы орденімен марапатталған. 1990 жылы Алматыда қайтыс болды. Атырау облыстық филормониясына және Атырау қаласының бір көшесіне Н. Жантөриннің есімі берілген.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға