Атлант мұхитының гидрологиялық тәртібі
Атмосфера айналымы ықпалымен мұхиттың солтүстік және оңтүстік бөліктерінде теңіз ағысының негізгі екі жүйесі қалыптасқан. Бұл ағыстар пассат желдерінің әсерінен пайда болады. Солтүстік Пассат, Голфстрим, Солтүстік Атлант жылы ағыстары мен Канар суық ағысы солтүстік теңіз ағысының айналым жүйесін құрайды. Оңтүстік Пассат пен Бразилия жылы ағыстары және Батыс Желдер мен Бенгал суық ағыстары оңтүстік теңіз ағысының айналым жүйесіне кіреді. Бұлардан басқа Солтүстік Американың шығыс жағалауын бойлап Лабрадор, ал Оңтүстік Американың шығыс жағалауымен Фолкленд суық ағыстары ағады. Бұл ағыстар мұхит суының температурасы мен тұздылығына (орташа тұздылығы 35.4%) әсерін тигізеді. Мұхит суының деңгейі Айдың тартылу әсерінен жарты тәулік сайын өзгеріп отырады. Ашық мұхитта судың көтерілу биіктігі 1 метрге дейін, ал Солтүстік Америкадағы Фанди шығанағы жағалауында 18 метрге дейін жетеді. Мұхиттың солтүстік қоңыржай ендіктеріндегі ішкі теңіздер де ғана мұз қатады. Мұхитқа солтүстіктен теңіз мұзы мен мұзтаулар (айсберг), негізінен, Солтүстік Мұзды мұхиттан келсе, оңтүстік бөлігінде Антарктида және Уэдделл т-нде түзіледі.
Мұхит түбінде, негізінен, жасыл және қызыл қоңыр балдырлар өседі. Фито-планктон бір жсушалы ұсақ балдырлардан тұрады. Зоо-планктонды, көбінесе, шаян тәрізділер құрайды. Олардың ішінде киттің негізгі қорегі – криль Антарктида жағалауында өте көп. Суық және қоңыржай белдеуінде сүт қоректілерден – кит пен жарғақаяқтылар, балықтардан – майшабақ, нәлім және қамбала кездеседі. Тропиктік белдеуде кашалот, теңіз тасбақасы, акула, ұшқыш балықтар, краб, медуза, радиолярийлер тараған. Құстардан фрегат, альбатрос, пингвин, т.б. мекендейді.
Атлант мұхитының зерттелу тарихы 3 кезеңге бөлінеді.
- Ежелгі дәуірден 18 ғ. ортасына дейінгі 1-кезеңде, көптеген саяхатшылар,. теңізшілер (финикиялықтар, карвагендіктер, Б.Диаш, Васко-да-Гама, Христофор Колумб, Дж.Кабот, Фернан Магеллан, Дж. Дейвис, Г. Гудзон, Баффин, т.б.) мұхиттың шекарасын, мөлшерін, құрлықпен ара қатынасын анықтаумен айналысты.
- 2-кезеңде (1749-1872) мұхит суының температурасы, ағыстар, тереңдіктер, т.б. мұхит өлшемдері анықталды (Г. Эллис, Дж. Кук, О. Соссюр, И.Ф. Крузенштерн, Э. Ленц, т.б.).
- 3-кезеңде (1872 жылдан бүгінге дейін) арнайы жабдықталған кемелермен кешенді мұхиттық зерттеулер жүргізілді (“Челленджер”, 1872-76; “Витязь” 1986-1989; ”Метеор”, 1925-1938; “Дискавери-11”, 1931-ден қазірге дейін; “Атлантис” 1933 жылдан қазірге дейін; Халықаралық геофизикалық экспедициялар, 1957-1958; “Калипсо” 1952 жылдан қазірег дейін). Мұхит дүние жүзінде ауланатын балықтың 40%-ын береді. Негізгі кәсіптік балықтар: майшабақ пен нәлім. Оңтүстігінде кит ауланады. Мұхиттың үлесіне дүние жүзі мұхиттық жүк айналымының жартысынан көбі тиеді. Аса ірі порттары: Роттердам, Марсель, Гавр, Антверпен, Лондон, Ливерпуь, Генуя, Гамбург, Санг-Петербор, Нью-Йорк, Хьюстон, Филаделфия, Балтимор, Балтимор, Буэнос-Айрес, Рио-де-Жанейро, Кейптаун, дакар, Абиджан, т.б.