Сызуды оқытудың тарихына қысқаша шолу
Ресейде сызуды жүйелі түрде оқыту он сегізінші ғасырда басталған. Бірінші Петрдің дәуірінде тау кен зауытының мектебінде сызуды оқыту саласында алғашқы қадам жасалған. Мұндай мектеп 1721 жылы Екатиринбургте ашылған болатын.Тау кен зауыт мектебінде сызу негізгі пәндердің бірі болып есептелген. Ондағы оқушылар цехтардың жоспарын, машина бөлшектерін сызумен шұғылданған. Бірақ бұл кездегі сызбаларда өлшемдер қойылған жоқ. Олардың кейбір өлшемдері, сызбаның қосымша жазбаларында ғана берілді. Сонымен қатар сызу он сегізінші ғасырда гимназияларда оқытылды. Осы кезеңде Ресейдегі Петербургте (1725 ж.), Москвада (1755 ж.), Қазанда (1758 ж.) гимназиялар ашылды.
Гимназиядағы сызу маериалдары геометрия курсының ішінде оқытылды. Оқушылар сызба құралдарының көмегімен көпқырлы моделдер дайындауға қажетті жалпақ фигураларды, сызба талдаулардың сызбаларын сызумен айналысты. Бұл жердегі сызуды оқыту барысы дайын сызбаларды көшіріп сызу мен механикалық жаттауға негізделді.1828 жылдан бастап сызуды оқыту орта мектепке енгізілді. 1828 жылдан бастап сурет пен сызу жалпы бір бағдарламаға біріктіріліп, оны сурет мұғалімі оқытатын болды. Гимназиялар бағдарламаларында, ең бастысы сызғыш пен циркульді пайдалана отырып, үлгілер бейнелерін көшіру жолымен сурет салу дағдысын дамыту қарастырылды.Сызу курсының өзіндік міндеттері сурет салудың жалпы міндеттерінің тасасында қалып қойды. 1871 жылы сурет мектептегі міндетті емес пәндердің қатарына қосылды. Оның ішінде сызу да болды. Бұл сабақ мектептегі жалпы сабақтар біткен соң, тек қана сызуға ынтасы мен қызығушылығы бар оқушылар үшін ғана өткізілді. Кейінгі уақытта сызу гимназияның оқу жоспарынан шығарылып тасталды.1872 жылдан бастап гимназиялармен қатар реалдық учелищелер ашылды. Гимназияларда сызу сурет пәнінің қосымшасы ретінде болса, учелищеде сурет сызудың қосымшасы етінде танылды. Бірақ сызу суреттің қосымшасы болудан арылғанымен, ол қолданбалы пән ретінде қалып, оны математика мұғалімі геометриялық сызу түрінде өткізді.
Қазан төңкерісінен кейін жаңа біріңғай еңбек мектептері құрылды. Кеңес мектебіндегі сызу курсының бағдарламасына геометриялық, проекциялық, техникалық, аксонометриялық проектілеу мен тахникалық сурет тақырыптары қосылды. Бірақ осы жылдардағы оқу жоспарларында сызудың дербестік мәні болған жоқ. Мысалы, геомертиялық құрылым мен ортоганалдық проекциялауға қатысты материалдар математика бағдарламасында болса, техникалық сызбаға қатысты материалдар еңбек пен физика пәнінің бағдарламасында болды. Сол сияқты, көрнекті бейнеге қатысты материалдардың барлығы бейнелеу өнерінің бағдарламасында болды. 1932 жылдан бастап сызу дербес пән ретінде бөлініп шықты. Оқу бағдарламасында «Геометриялық сызу», «Проекциялық сызу», «Аксонометриядығы сызба», «Нұсқадан сызу» атты төрт бөлім болды.Сызудан алғашқы оқулық 1934 жылы жарық көрді. Ол В.О.Гордон жазған «Техникалық сызу негідері» деп аталатын, оқулық еді. Оқулық проекциялық сызудан және техникалық сызу элементтерінен басталып, онда жазықтық бетіне құрастыру жүйелі түрде баяндалды. Сонымен сызуды бұл жылдардағы оқыту оқушыларды жартылай техникалық дайындау міндеттеріне сай, ұйымдастыруға толық жағдай жасалынды.
Бірақ ол кейінгі кезде мазмұны жағынанда, әдістері жағынанда елеулі өзгерістерге ұшырады.1934-35 оқу жылындағы оқу жоспарында сызуды оқыту 6-10 сыныптарға бөлінді. Бағдарлама революцияға дейінгі ескі оқыту дәстүріне қайта оралып, сызу көптеген геометриялық құрылымдарды орындау болып табылатын сызу техникасының іскерлігі мен дағдыларын жетілдіретін пән ретінде қарастырылды.