Түскі ұйқының пайдасы мол
29.09.2013 08:51
6492
Ғалымдар түскі астан кейін баланың 1 сағат ұйықтауы пайдалы екендігін дәлелдеді, деп хабарлады шетелдік БАҚ.
Ғалымдардың пайымынша, ұйқы баланың сабағына көп пайдасын тигізеді. Өйткені ұйқы ми қатпарларының жұмысын жақсартады, әсіресе 3-5 жастағы балаларға ақпараттарды есте сақтауда да пайдалы.
Массачусетс университетінің ғалымдары 40 балаға арнайы зерттеу жүргізген. Нәтижесінде ұйқының пайдалы әсерінің келесі күні де сақталатындығы анықталған.
BAQ.KZ
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға