Ұлттық тарих бұрын-соңды мемлекеттік деңгейде зерделенбеген – профессор
Траих ғылымдарының докторы Қазақстан өз жерінің, халқының тарихын дүниежүзіне танытуы тиіс деген пікір білдірді.
«Қазақстанда көптеген ұлт өкілдері өмір сүріп жатыр. Біз толерантты елміз. Өз тарихымызды дүние жүзіне танытуымыз қажет. Бұл бағытта аянбай еңбектену керек», - дейді ол.
«Тарихымызда көп мәселе зерттелген, дегенмен жаңа фактілерді ашу керек деп ойлаймын. Әрбір ғалымның тарихи оқиғаға қатысты өз ойы болады. Ол пікір дұрыс болуы үшін деректер түрінде қарау керек. «Естідім» деп жаза салмай, деректермен өзі танысып, зерттеп, нақты жазса ғана дұрыс болады. Тарихи деректер әртүрлі жазылып жүргені сондықтан. Бұл өте күрделі мәселе, оған дұрыс қарау қажет. Оған қатысты жаңа көзқарас болуы керек. Нақты тұжырымдама жасап шығу дұрыс деп ойлаймын», - деп түйіндеді ол.