Билл Гейтс Ctrl-Alt-Del түймелерінің сырын ашты
Билл Гейтс Ctrl-Alt-Del клавиштерінің комбинациясын жасау қате болды дейді. Ол негізінде IBM тарапынан қысым көрсетілгендіктен жасалған екен.
Билл Гейтстің айтуынша, алғашында жүйеге кіру операциясы үшін бір ғана түймені пайдалану жоспарланған, алайда, IBM PC үшін пернетақтаны әзірлеген IBM инженерлері бұл әрекет үшін арнайы бір түймені арнағысы келмеген.
Ctrl-Alt-Del комбинациясын IBM PC-ді әзірлеген IBM инженері Дэвид Бредли жасаған. Алғашында бұл комбинация компьютерді өшіріп, қайта қосу үшін пайдаланылған. Кейіннен Билл Гейтс бұл түймелерді тапсырмалар диспетчеріне ауыстырып, әлемге әйгіледі. Қазір Ctrl-Alt-Del түймелері Windows XP, Vista және 7 жүйелік бағдарламаларында кеңінен пайдаланылады.
Baq.kz