Жаңалықтар

А.С.Макаренконың педагогикалық қызметі

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді. Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады. 1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды. А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды. 1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады. 1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды. Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді. Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды. 1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”. А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды. А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды. Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды. Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды. Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды. 1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты. 1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды. 1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді. А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.
27.09.2013 11:40 6206

Аса көрнекті кеңес педагогі А.С.Макаренко Белополье қаласы, бұрынғы Харьков губерниясы темір жол шеберханасының майлау цехының шебері жанұясында дүниеге келді.
Кременчук қаласындағы қалалық училищені және педагогикалық курсты бітіргеннен кейін, ол 1905ж.Крюковадағы екі сыныптық теміржол училищесінде халық мұғалімі болып еңбек жолын бастады.
1905-1907 революция жолдары Макаренконың көзқарасы қалыптаса бастады. Өзінің еңбектерінің бірінде оның тарихты түсінуі большевиктік насихат пен революциялық қағидалардың жолымен жүргнедігін есіне алады. А.С.Макаренко жұмыс істеген мектепте жұмысшылардың балалары оқыды, ол революциялық пролетарлық ортамен тығыз байланыста болды.
А.С.Макаренкоға А.М.Горкийдің шығармалары ерекше әсер етті. А.С.Макаренко өзінің естеліктерінде: “Максим Горький мен үшін жазушы ғана емес, өмірлі ұстазым болды”, - деп жазды.
1914 жылдан 1917 жылға дейін Макаренко оқытушылар инстиутында оқып, оны алтын медальмен бітіріп шығады.
1920 жылы Полтава губерниялық халық ағарту бөлімі Макаренкоға Полтаваның жанында жасы камелетке толмаған заң бұзушы балалар үшін колония ұйымдастыруды және оны басқаруды тапсырды. Жұмысты өте қиын жағдайда бастауға тура келді. Жаңа ашылған мекемеге жартылай қираған бұрынғы жасы толмаған қылмыскерлердің колониясының ғимраты берілген болатын-ды.
Олармен 8 жыл жұмыс істеді. Макаренко осындай жастардан өз отанына шын берілген, тәртіпті, еңбек сүйгіш және жұмыс істей білетін нағыз азаматтарды тәрбиелей білді.
Бұл жылдар қиын да, ауыр еңбек пен күрестің жаңа, қазіргі адамды тәрбиелеудің кеңестік әдістері үшін ол Макаренкоға тек ғана тәжірибеде ғана емес, сонымен қатар педагогикалық теорияда да тамаша жеңіс әперген жылдар болды.
1925 жылдан бастап, колония өзінің идеялық жетекшісі А.М.Горькиймен біржүйелі байланыс жасай білді. Ол колония туралы Италиядан былай деп жазды: “Бұл шынында қайта тәрбиелеудің жүйесі және осындай ол бола алады және әруақытта болуға тиісті және қазіргі күндері ерекше”.
А.С.Макаренко 3-4 жылдың ішінде үлгілі тәрбие мекемесін А.М.Горький атындағы еңбек колониясын ұйымдастыра білді. А.М.Горький 1928 жылы колонияға қатысып, ол туралы: “Сіз ұлы істерді бастадыңыз, өз жемісін беруге тиісті. Сіз тамаша адамсыз, Ресей Сіз сияқты адамдарға зәру”, -деп жазды.
А.С.Макаренко оның педагогикалық қызметін сол кезде халық ағарту комиссариатында жұмыс істейтін педагог-бюрократтар мен педалогтардың тарапынан қарсылықты кездестірді. Ол 1928 жылы Горький атындағы колонияны тастауға мәжбүр болды.
Одан кейін бірнеше жыл бойы ол бар күш-жігерін Дзержинский атындағы еңбек коммунасын басқаруға арнады, онда ол тәрбие әдістерін жетілдіре түсуді одан әрі жалғастырды.
Дзержинский атындағы коммунада еңбек тәрбиесінің жаңа әдістері қолданылды. Ал Джержинский атындағы комунада фотоаппараттардың фабрика-зауыт өндірісі (ФЭД маркасы) және электросверл өндірісі жұмыс істеді. Бұл өндірістің екеуі де елімізде алғаш рет іске асты. Үлкен экономикалық мәнімен қатар, өндірістің бұл түрлері педагогикалық тұрғыдан өте қажет болды.
Коммунаның тәрбиеленушілері өндірісте күніне 4 сағаттан жұмыс істеді, коммунада жұмыс істейтін орта мектепте оқыды.
1935 жылы А.С.Макаренко коммунадағы жұмысын тастап, Украинаның еңбек колониялары оқу-тәрбие жұмысының меңгерушісі қызметіне тағайындалды, ол адам кейін Москваға келіп, А.М.Горькийдің кеңесімен әдеби қызметпен, А.М.Горький атындағы колонияның және Джержинский атындағы коммунаның қызметін педагогикалық жинақтаумен айналысты.
1933-35 жылдарда “Педагогикалық дастан” жарық көрді, 1937 ж.жанұя тәрбиесінің мәселелерін ашып көрсететін “Ата-аналар кітабы” жарияланды (І том). Автордың алғашқы ойы жанұя тәрбиесі туралы 4 томдық кітап жазу жоспарланған болатынды.
1938 ж.ең ірі “Мұнара үстінде тулар” атты көркем-педагогикалық шығармасы жарық көрді.
А.С.Макаренконың “Ата-аналар кітабы” және “Балаларды тәрбиелеу туралы лекциялар” атты еңбектері жанұя тәрбиесінің өзекті мәселелерін зерттеуге арналды. А.С.Макаренконың балаларды тәрбиелеудегі сіңірген еңбегін жоғары бағалай келіп, оны Еңбек Қызыл Ту орденімен марапаттады. 1939 жылы 1 сәуірде аса дарынды педагог, педагогика ғылымының көрнекті қайраткері, педагог А.С.Макаренко кенеттен дүние салды. Ол өзінен кейінгі ұрпаққа өшпейтін бай педагогикалық мұра қалдырды, оған дәлел: оның әртүрлі педагогикалық еңбектері мен жүргізген педагогикалық экперименттері.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға