Жаңалықтар

Л.Н.Толстой дидактиканың мәселелері

“Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті. Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет. Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды. Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді. Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады. Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды. Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды. Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады. Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет.
27.09.2013 10:51 4419

“Еркін тәрбие” теориясымен Толстой өзінің жаңа дидактикалық қағидаларын тығыз байланыста дамытты. Мектеп пен мұғалімнің борышы-оқытуды оқушылар толық үлгеретіндей етіп, ұйымдастыруға қол жеткізу керек. Оқушыларға берілетін материал түсінікті және қызықты болу керекетігін ерекше атап өтті.
Бастауыш мектептің оқулықтарында отан өмірінен жеңіл естерінде қалатын жаңа балаларға күшті әсер ететін материалдарды беру қажет.
Толстой өзінің оқулықтарына қойылатын дидактикалық көзқарастары мен талаптарынасәйкес 1872 ж.жарық көрген “Әліппесін” құрастыруды содан кейін екі рет қайта өңделіп басылды. 1875 жылы “Жаңа әліппе” деген атпен қайта басылды. Ол сонымен қатар төрт “Оқу кітабын” құрастырды. “Әліппе” де және “Оқу кітаптары” да әрқайсысы 30-дан астам қайта басылып шықты, миллиондаған таралыммен Ушинскийдің “Ана тілімен” қатар бастауыш мектептердегі ең кеңінен таралған оқу кітаптары болды.
Бұл оқулықтардың жарыққа шығысымен, педагогикалық басылым бұл оқу кітаптарын жоғары бағалады. Толстойдың оқулықтары үшін жазған әңгімелері мазмұны жағынан бай және жан-жақты, олар балалар әдебиетіне қосылған құнды үлес болып табылады. Бұл балалар әңгімелерінің негізгі кемшілігін кейбір әңгімелерінде Толстойдың діни көзқарастары орын алды. Толстой оқу кітаптарының тіліне ерекше мән берді.
Толстой білімнің әртүрлі салаларынан білімдік материалдардан басқа оқу кітаптарына әртүрлі жұмбақтар мен мысалдар енгізудің қажеттілігін ол ескеріп отырды. Жұмбақтар мен мысалдар балалардың ойын дамытуда және жағымды қасиеттерді тәрбиелеуде құнды құрал болып табылады.
Л.Н.Толстой халық мұғалімінің негізгі сапаларына педагогикалық еңбекке және балаларға сүйіспеншілік, сонмен қатар педагогикалық өнер немесе “талантты” жатқызды.
Л.Н.Толстой мұғалім туралы былай деді: “Егер мұғалім жеке басында өз ісіне сүйіспеншілікті және оқушыларына сүйіспеншілікті ұштастыра білсе, ол нағыз мұғалім”. Л.Н.Толстой мұғалімнің шығармашылық қабілеттігіне, оның педагогикалық шеберлігіне педагогикалық ізденістеріне ерекше мән берген болатынды.
Толстойдың жан-жақты педагогикалық қызметінде орыс, педагогикалық ой-пікірін және Ресейдің төңкеріске дейінгі мектебін байытқан көптеген жағымды жақтары мен құнды тұстары мол болды. Оның педагогикалық ілімінің жағымды жақтарына балаға деген сүйіспеншілік, баланың жеке басына құрметпен қарау, балалардың шығармашылығын ояту және дамыту ептілігі, әрбір жеке оқушының ерекшеліктерін психологиялық тұрғыдан талдау жатады.
Толстойдың әруақытта да педагогикалық ізденістерін, педагогикалық қызметпен ерекше айналысуы, шығармашылыққа үндеуі, оның мұғалім және оқу құралдарының авторы ретіндегі орасан зор шеберлігін атап өту қажет.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға