Жаңалықтар

Тəрбиенің жалпы заңдылықтары

Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу. Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз. - мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады. - практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады. - объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне. Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет. - тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі. - тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды. - педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады. - тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді. - педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды. Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.
27.09.2013 06:23 4361

Жалпы заңдылықтардың ықпал аймағы тəрбие процесінің барша жүйесіне əсер етеді əрі оның аса маңызды бірліктері арасындағы байланыстарды танытады. Бірақ тəрбие процесі, біз білетіндей, педагогикалық процестің құрамды бөлігі болуымен осы процесс заңдылықтарына тəуелді келуі табиғи құбылыс. Бұл процесте даму жəне қалыптасу заңдылықтары əрекетке түседі. Бұдан шығатын қорытынды - тəрбие процесі аса күрделі де көп түрлі сипатқа ие. Тəрбие практикасы үшін өте қажет нəрсе: тəрбие процесінің тиімділігі (өнімділігі) мен тəрбие сапасын анықтайтын оның сипаттары жəне шарт –жағдайлары арасындағы байланыстардың қалай түзілетінін түбегейлі білу.
Тəрбие тиімділігі келесі жағдаяттарға тəуелді:-қалыптасқан тəрбиелік қарым-қатынастарға; балаға деген ықпал оның қоршаған ортаға, тəрбиешіге, тəрбиелік əсерлерге қатынасына орай жасалады. Егер бұл қатынастар ұнамды болса, проблема тумайды. Ал егер бұл қатынас керағар сипатта болса, тəрбие процесі тежеледі, одан келетін нəтиже болымсыз сипат алады. Сондықтан келеңсіз қатынасты əрекеттер алдымен жойылып, көзделген мақсатқа қарай қадам аттау орынды. Бастаудан тəрбиеші көзқарастары мен талаптарын оңды қабылдаған тəрбиеленуші оларға икемдесіп үйренеді əрі сенеді, орынды талап кейпінде қабылдайды. Ал егер тəрбиеленуші өз тəрбиешісінің талаптарын дұрыс деп таппай, одан күмəнданса, процесс бағытының қай арнаға түсіп, дамитыны белгісіз. Гуманистік тəрбие өсиеті: жақсы тəрбиелегіңіз келсе, баланы бауырмалдықпен өзіңізге жақындатасыз.
- мақсат жəне оған жетуге бағытталған іс-əрекеттер арасындағы сəйкестік. Егер іс-əрекет, тəрбие жұмыстарының ұйымдасуы алға тартылған мақсатқа орайласпаса, тəрбие процесі табысты болмайды. Керісінше, ұйымдастырылған істер мақсатқа тура келсе, қолданылған əдістер, формалар мен құрал-жабдықтар көзделген міндеттер денгейінде болса, тəрбие процесінің тиімділігі де сəтті шығады.
- практика мен тəрбиелік ықпалдар сəйкестігіне. Тəрбие процесіне тəн құбылыс: тəрбиеленуші өз тəрбиешісі айтқанының бəрін практикада тексеруге құштар. Егер осыдан бала өмір мен алған білімінің, сөзбен істің өзара сай болмағанын сезсе, түңіліске тап болады. Қалыптасқан тұрмыстық, өмір жағдайларын əсте ақырын əрі бірізділікпен бірте-бірте ауыстырып бару жөн. Жылтың, мезеттік табыс қуалау көп ұзамастан тəрбие мен өмір сəйкестігін шұғыл жойып салады.
- объектив жəне субъектив жағдаяттардың бірлікті əрекетке түсуіне.
Субъектив жағдаяттар құрамы: тəрбиешілер мен тəрбиенушілер, олар арасындағы ықпалдастық, қалыптасқан қарым-қатынастар, психологиялық климат жəне т.б., ал объектив жағдаяттар: тəрбиені іске асыруға қажет шаралар-экономикалық, материалды-техникалық, əлеуметтік, санитар-гигиеналық жəне т.б., əрқандай нақты тəрбиеге байланысты аталған жағдаяттардың өзара ұштаса күрделі бірігімге келуі тəрбие процесіне қайталанбас, өзіндік сипат береді. Сөйтсе де, тиімді тəрбиені қамтамасыз ету үшін оған қолайлы жағдайлар түзілуі қажет.
- тəрбие мен өзіндік тəрбие қарқындылығына. Өзіндік тəрбие - өз тұлғасын жетілдіруге бағытталған оқушы іс-əрекеті. Өзіндік тəрбие процесінде бала өз тəрбие процесінің субъекті ретінде танылады. əрқандай өзіндік тəрбие нақты оқушы өмірінің мазмұнымен, оның қызығулары жəне жасына сай қатынастарымен тікелей байланысты. Өзіндік тəрбие сырттай тəрбиемен сабақтас əрі оның нəтижесі. Тəрбиеленушінің өзін өзі бағалай білуі, өзінің ұнамды қылықтары мен келеңсіздіктерін тануы, жеке өмірлік жоспарын іске асыруға кедергі болар жəйттерді ерік күшін қосып жеңе білуі - өзіндік тəрбиенің табыс кепілдері. Ал оқушының өзін жетілдіре білуінен, яғни өзіндік тəрбиеден мұндай кепілдіктер дамып, ұлғая түседі.
- тəрбиеге қосарлана жүретін даму мен оқу процестерінің тиімділігіне. Белгілі болғандай, егер екі процесс өзара байланысты іске қосылса, онда олардың бірінің тиімділігі көтеріледі не кемиді де, екіншісіне өз ықпалын тигізеді. Осыдан тəрбие даму қарқындылығын асырып, ал даму ұтымды тəрбиеге жол ашады. Егер осы байланыс бұзылса, күрделі кедергілер туындайды да, олар өз кезегінде тұлғаның дамуына да, оқуына да, тəрбиесіне де жайсыз жағдайлар жасайды.
- педагогтың тəрбиелік əрекеттерінің сапасына. Біліктілігі кем, көлемі тұрғысынан жетімсіз не мерзімінен кешіктірілген педагог істері тəрбие қызметінің төмен нəтижесіне себепкер болады.
- тəрбиеленушінің «жан аймағына» жасалған ықпалдардың қарқындылығына. «жан аймағы» дегеніміз тұлғаның сеп-түрткілер, қажеттер, көңіл-күй, сана-сезім жүйесі. Тəрбие процесінде сыртқы ықпалдар оқушының іштей табыстарына, яғни сапа-қасиеттерінің ұнамды дамуына, ауысады. Ал, егер осы ықпалдар ойға алынғандай күшті болса, бала қажеттеріне орайлас келіп, оның белсенділігінің көтерілуіне жəрдем беретін болса, тұлғаның жеке сеп-түрткілері мен мақсаттарының идеалды күйден практикалық нəтижеге ауысуы анағұрлым жеңіл əрі жылдам өтеді.
- педагогикалық ықпалдар мен тəрбиеленушілер мүмкіндіктері арасындағы үйлесімге. Тəрбие процесінде дамудың біркелкі болмау заңы көрініс береді, себебі тəрбиеленуші мүмкіндіктері тəрбиеші талаптарына əрқашан сай келе бермейді. Осыдан кейбір теориялық білімдерге байланысты мəселе, сұрақтарды еркін де жеңіл шеше білетін оқушы практикалық тапсырыстарды орындауда, қарапайым еңбек операцияларымен кезіккенде, дене шынықтыру жаттығуларын көрсетуде ебедейсіздік байқатып, едəуір қиналып қалды.
Сонымен, тəрбие заңдылықтары тəрбие процесінің жағдаяттары, шарттары мен нəтижелері арасындағы басты байланыстарды бейнелейді. Тəрбие тəжірибесінде нəтиженің қалыптасқан қатынастарға тəуелділігі, мақсат пен іс-əрекет, практика мен тəрбиелік ықпалдар, субъектив жəне объектив жағдаяттардың байланысы, əсері, тəрбие жəне өзіндік тəрбие қарқындылығы жəне т.б. өз дəлелін өмір барысында тауып отыр.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға