Жаңалықтар

Этнопедагогикалық зерттеу өдістері.

Этнопедагогиканың зерттеу өдістері және  сөз болған жекелеген авторлар Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңде қарастырылуы М.И.Стельмахович, И.С.Кон аса құптарлық жайлар. Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дәстүрлі тәрбиенің құрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принцптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы әлеуметтік, экономикалық,, мәдени, табиғи және т .6. белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б. жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі болмақ Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей такырыптармен белгілеуге болады: мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік төжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі рөлі; жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде; халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде; халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі рөлі; балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері; дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының, ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жегістіктерін қазіргі тәрбиеде қолданудың мақсатқа сәйкестілігі жөніндегі тұжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика рөлі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы әбден заңды сияқты деген пікірлермен келісу қиын. Мұңдай пікірлердің қателігі, ең алдымен халық даналығының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады. Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары өзінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Казақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми және халықтық педагогиканы қарсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол - ғылыми білімдер тұрғысынан педагогиканың халықтытан анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықтық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды.
27.09.2013 05:37 6705

Этнопедагогиканың зерттеу өдістері және  сөз болған жекелеген авторлар Н.Я.Ханбиков, Ш.А.Шоров, А.Мирзоев т.б. еңбектерінде әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер халықтық сенімдер, ойындар мен ойыншықтар жоніндегі этнографиялық материалдардың халықтық тәлім – тәрбие мазмұнын ашып көрсетудегі маңыздылығы атап көрсетіледі. Зор тәрбиелік ықпалға ие, өзіндік салт-дәстүрі бар балалар ортасының этнопедагогикалық зерттеу обьеқтісі ретіңде қарастырылуы М.И.Стельмахович, И.С.Кон аса құптарлық жайлар.
Әлеуметтік жүйенің көпшілікке ортақ түрі отбасынан басталады. Халықтың күнделікті тыныс-тіршілігімен тығыз байланыста дамыған дәстүрлі тәрбиенің құрамдас бөлігі отбасы тәрбиесі тәжірибесі, халық ұғымындағы тәрбие жөніндегі түсініктер, тарих елегінен өтіп қалыптасқан тәрбие принцптері, әдіс-тәсілдерінің мәнін ашып көрсету, оның бүгінгі тәрбие ісінде қолдану жолдарын қарастыру – этнопедагогика ғылымының өзекті проблемалары. Нақты өмір сүру жағдайыңдағы әлеуметтік, экономикалық,, мәдени, табиғи және т .6. белгілі бір этносқа тән рухани өлшемдердің яғни, әдет пен құлық, әлеуметтік орта құбылыстарына сезімдік қатынас, сезімдер, құндылық бағдар, салт-дәстүр, қажеттілік, талғам т.б. жеке тұлғаның өзіндік айқындалу қабілетіне ыкпал ететін басты факторлар екендігі даусыз. Осыған орай түрлі тарихи кезеңдердегі тәрбие сипатын тану, халық педагогикасын тәрбие мен тәлім мәселелері қатар көрініс табатын біртұтас процесс ретінде түсіну этнопедагогиканың теориялық мәселелерін қарастыруда қажетті шарттардың бірі болмақ
Этнопедагогикада кең теориялық қорытындылауды талап ететін проблемалармен қатар, фактілік материалдар жинақтау, терендеп зерттеу мен талдауды қажет ететін жекелеген мәселелер де аз емес. Оның алдында шешілуі ең алдымен педагогика мен этнографияға мәнді жәрдемін тигізетін өзекті міндеттер тұр. Бұларды төмендегідей такырыптармен белгілеуге болады:
мақалдар мен мәтелдер және олардың жас ұрпаққа адамгершілік төжірибесі берілісін қамтамасыз етудегі рөлі;
жұмбақтар ақыл-ой тәрбиесі құралы ретінде;
халық ертегілері халықтың педагогикалық кемеңгерлігінің жарқын талпыныстары ретінде;
халық әндері және олардың балалар мен жастарға эстетикалық төрбие берудегі рөлі;
балалар мен жастар ортасы, оның педагогикалық қызметтері;
дүние жүзі халықтарының бесік жырлары ана поэзиясының,
ана мектебінің және педагогиканың көрнекті жетістіктері ретіңде халықгық педагогика жегістіктерін қазіргі тәрбиеде қолданудың мақсатқа сәйкестілігі жөніндегі тұжырымдармен келіскенмен, кәсіби педагогикаға бағытталғандыққа қатысты халықтық педагогика рөлі байқарлықтай төмендеп, оның қолданыс аясы тарылуы әбден заңды сияқты деген пікірлермен келісу қиын. Мұңдай пікірлердің қателігі, ең алдымен халық даналығының ешуақытта ескірмейтіндігімен анықталады.
Адамзат ғасырлар бойы жүзеге асыру үшін күрескен халық педагогикасы идеялары өзінің толық іске қосылу мүмкіндігін дәл осы Казақстан Республикасы өзін демократиялық мемлекет ретінде орнықтырып жатқан бетбұрыс кезең жағдайында алуы қажет. Екіншіден, ғылыми және халықтық педагогиканы қарсы қоймау, ал салыстыру қажет, ол - ғылыми білімдер тұрғысынан педагогиканың халықтытан анықтап ашып керсету мүмкіндігін береді. Және, керісінше, балаларды халықтық тәрбиелеудің бұқаралық тәжірибесінің жәрдемімен ғылыми педагогикалык теориялардың өмірге икемділігін тексеру де маңызды.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға