КАСПИЙ ҚАЯЗЫ балығы
КАСПИЙ ҚАЯЗЫ — Арал қаязыныңтүр тармағы, өткінші балық. Негізінен, Каспийдің оңтүстік бөлігінде тіршілік етіп, теңізге оңтүстігінен жөне батысынан құятын өзендерге өрістейді. Солтүстік Каспийде сирек кездеседі. Дене түрқы 56 — 76 см (103 см-ге де-йін), салмағы 3 — 6 кг-дай (14,5 кг-ға дейін) болады. Пішіні, жалпы морфол. белгілері Арал каязына үқсас (негізгі айырмашылығы — тіршілік ететін жерінде). Жыныстық жетілуі 5 жастан басталады. Уылдырық шашу үшін сөуірдің аяғынан тамызға дейін Жайыққа өрлейді. Көктемде өрлегендері судың темп-расы 20 —23°С-қа жеткенде уылдырығын (115 -- 1259 мың) ағысқа шашады. Каспий қаязы өзен шаяндарымен, су жәндіктерімен, дернөсілдерімен қоректенеді. Қорегінде өсімдік дөні мен детрит те кездеседі. Каспий қаязының еті өте дөмді, оның Қазақстан суларында ешуақытта саны көп болған емес, сондықтан көсіптік маңызы шамалы.
Каспий теңізі өңірі көптеген Еуразия халықтарының этн. және мөдени бастауының маңызды бір ошағы саналады, яғни тарихи-мөдени өлке болып табылады. Каспий өңірінің тоғыз жолдың торабы болуы ондағы этногенетикалық үрдістерге айтарлықтай өсерін тигізді. Ғылымға сүйенсек, Каспий өңірінде осыдан 1 млн. жылдай бұрын адамдардың арғы тегі — гоминидтер пайда болған. Каспийдің шығыс жағалауындағы үңгірлер мен даланың аңғарлық аумағында, аңшылар мен балықшылардың алғашқы қауымдық құрылыс қоныстарының іздері кездеседі. Үстірттің оңтүстік-шығыс аймағында неолит тұрғындарының ескерткіштері табылды. Қола дәуірінде Ан-дрон мәдениеті және Кима мәдениеті қалыптасты. Б.з.б. 8-мыңжылдықтан б.з. 1-мыңжылдығының бірінші жартысы аралығында Еділ мен Жайық өзендері аралығын отырықшы өрі көшпенді тайпалар қоныс етті. Солтүстік -Шығыс Каспий өңірінде көшпелілердің ежелгі дәуірдегі тарихи ескерткіштері сак-талған. Б.з.б. 1-мыңжыдцық-та Арал-Каспий өңірінде сақ, сармат, каспи тайпалары жөне оған туыстас т.б. тайпалар қоныстанған. Қарабұғазкөл жағалауындағы б.з.б 5 — 7 ғасырларларға жататын кесенелер массагет тайпалары мәдениетінің озық үлгілері болып табылады. Ежелгі грек тарихшысы Страбон: "Каспий теңізі жағалауында тұратын көшпелілерді дайлар деп атайды" деп жазады.
6 ғасырдың орта тұсында Каспий өңірі Батыс түрік қағанатының иелігінде болды. Орта ғасырларда Каспий өңірі халықар. сауда-дипломатиялық қатынастар торабы болды. Каспий өңірінің ортағасырлық тарихында хазарлар, қыпшақтар үлкен рөл атқарды.
Шыңгыс хан империясы құрылғаннан кейін теңіздің солтүстік, солтүстік-шығыс бөлігі Алтын Орда иелігіне көшті. Алтын Орда ыдырап, оның орнында пайда болған Қырым хандығы, Ноғай Ордасы, Астрахан (Қажы Тархан) хандықтарын жаулап алған Ресей империясы Каспий өңірін де иемдене бастады. Ресей мен Парсы елдері ара-сындағы алғашқы келісім -Решт келісімі болды. Ондағы келісімде Каспий теңізіне жөне Кура мен Аракс өзендерінде Ресей еркін сауда және кеме каты-насын қолдануына мүмкіндік алды. Кейін теңіз айдыны демаркацияланып, біраз бөлігі Ресейге қарады. 1813 ж. Гүлстан келісімінде, одан кейін Түрікменшай келісімінде (1828) Ресейге Каспий теңізінде толық әскери флот қүруына рұқсат берілді. Парсылар тек сауда және кеме қатьшасымен шектелді. Кеңес Одағы Каспий теңізіндегі монополиялык құқықтан бас тартып, 1921, 1935 жөне 1940 жылдардағы Кеңес — Иран келісімінде Каспий теңізінде кеме қатынасын жүзеге асыруға екі ел тең қүқықты деп саналды. КСРО ыдыра-ған соң (1991), Каспий теңізінде жағалауындағы бес мемлекет (Әзербайжан, Иран, Қазақстан, Ресей, Түрікменстан) Каспий теңізінің мөртебесін айқындауға ұмтылды. Осыған орай, 2002 ж. 23 -24 сөуірде Ашғабатта Каспий жағалауы мемлекеттерінің алғашқы саммиті өтті. Ашғабат кездесуінде бірде-бір құжатқа қол қойылмағанымен, бес мемлекет басшыларының жоғары дәрежелі басқосуы түйінді мәселені байыптылықпен шешу ісіне қосылған елеулі үлес болды. Ең бастысы, проблеманы талқылау барысында оны қа-лай да шешудің кджеттілігіне деген мүдделі пікірталас өріс алды. Тұңғыш рет проблема барынша ашық қойылып, егжей-тегжейлі талкы-ланды. Қазақстан үстанған бағытты Ресей де, Әзербай-жан да қолдады.