Жансая Әбдімәлік – әлемді тағы да мойындатты
27.09.2013 03:16
3226
Қазақстанның жас шахматшы қызы Жансая Әбдімәлік Түркияның Коджаэли қаласында болған Әлемдік жарыста жүлделі екінші орын алды.
Жансая өзінің соңғы ойынын үндістандық қыз Рут Падминиге қарсы өткізіп, тең түсті. Осының кесірінен ресейлік шахматшы Александра Горячкино алға шығып кетті.
Алтыннан алқа таққан ресейлік шахматшы қыздың жалпы ұпайы 10,5. Ал Жансая қызымыздың еншісіне жазылған 9,5 ұпай болды. Тағы бір қазақ елінің атынан сынға түскен Динара Сәдуақасова жетінші орын алды. Жансая, Динаралардан бөлек еліміздің намысын Бибісара Асаубаева мен Жанна Қарабаевалар қорғады. Олар жүлделі орынға іліккен жоқ.
Baq.kz
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға
Алдыңғы жаңалық
Toyota отзывает в США 615 тыс минивэнов Sienna