Жаңалықтар

Б.Алтаев: Қазақстанның мәдени мұра нысандары жойылып жатыр

Урбанизация үдерісі барысында өткен ғасырлардың тарихи-мәдени нысандары жойылып жатыр. Мұндай пікірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы Базарбай Алтаев білдірді. «Өкінішке қарай, мәдени нысандарды сақтау ісінде көптеген проблемалар бар. Мәселен, тарихи-мәдени нысандар урбанизация үдерісі мен табиғи факторлар салдарынан жойылуы жиілеп кетті»,- деді Б.Алтаев. Оның айтуынша, көне ескерткіштердің жойылуына табиғи аумақтар мен қорық аймақтарындағы адамдардың қызметін бақыламайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдары да «үлес» қосуда. «Біздің көптеген басшыларымыздың, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің немқұрайлылығы салдарынан адамдар күзетілетін тарихи-мәдени қорықтарға қол салып жатады», - деп атап өтті Б.Алтаев. «Болашақ ұрпақ үшін әлі де талай жылдар бойы қызмет істеуі тиіс мәдени нысандар мәңгілікке жойылып, одан әрі дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне ілініп, туризм нысанына айналып кетіп жатқан жағдайлар аз емес», - деп атап өтті Б.Алтаев.
26.09.2013 08:45 3995

Урбанизация үдерісі барысында өткен ғасырлардың тарихи-мәдени нысандары жойылып жатыр. Мұндай пікірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы Базарбай Алтаев білдірді.

«Өкінішке қарай, мәдени нысандарды сақтау ісінде көптеген проблемалар бар. Мәселен, тарихи-мәдени нысандар урбанизация үдерісі мен табиғи факторлар салдарынан жойылуы жиілеп кетті»,- деді Б.Алтаев.

Оның айтуынша, көне ескерткіштердің жойылуына табиғи аумақтар мен қорық аймақтарындағы адамдардың қызметін бақыламайтын жергілікті өзін-өзі басқару органдары да «үлес» қосуда.

«Біздің көптеген басшыларымыздың, жергілікті атқарушы билік өкілдерінің немқұрайлылығы салдарынан адамдар күзетілетін тарихи-мәдени қорықтарға қол салып жатады», - деп атап өтті Б.Алтаев.

«Болашақ ұрпақ үшін әлі де талай жылдар бойы қызмет істеуі тиіс мәдени нысандар мәңгілікке жойылып, одан әрі дүниежүзілік мұра нысандарының тізіміне ілініп, туризм нысанына айналып кетіп жатқан жағдайлар аз емес», - деп атап өтті Б.Алтаев.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға