А.Базарбай: Қазақстанда жүздеген мәдени орын бар
Мәдени ландшафты сақтау мәселесі жақында туындады. Мұндай пікірді BNews.kz тілшісіне берген сұхбатында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі мәдениет комитеті жанындағы тарихи-мәдени мұра басқармасының бастығы Базарбай Алтаев білдірді.
«Мәдени ландшафт тарихи мұра нысаны ретінде» атты тақырып өте өзекті. Қазақстанда мұндай тақырып бірінше рет көтеріліп отыр десе де болады. Мәдени ландшафты сақтау Бүкіләлемдік конвенциядағы мәдени мұраларға қатысты көтерілген мәселелердентуындады. Қазақстан аумағынан ел тарихымен байланысты ондаған, жүздеген мәдени ландшафты көруге болады. Мұның барлығы болашақта бізге мәдени ландшафтарды ЮНЕСКО-ның мәдени мұра тізіміне енгізуге мүмкіндік береді»,-деді Б.Алтаев.
Оның айтуынша, бүгінде ЮНЕСКО тізіміне Түркістандағы Қожа Ахмет Яссауи, Алматы облысындағы «Тамғалы» петроглифтері мен Сарыарқаның табиғи мұра нысандары енген.