Жаңалықтар

Қабатовтар әулетінде ұлан-асыр той

Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының директоры, сықақшы Тұрсынбек Қабатов төртінші рет әке атанды. Қабатовтар әулиетінде той. Бүгін актердің жары Мөлдір шекесі торсықтай ұл баланы өмірге әкелді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы көрінеді. Сүйінші хабарды естіген бетте, актердің ұялы телефонына хабарластық. Алайда, өнер иесінің Ақтау қаласына жеке жұмыстарымен ұшып кеткенін білдік. Тұрсынбектің Әдемі, Айым, Айару есімді үш қыздың әкесі екенінен көпшілік қауым хабардар. Өнер иесі журналистерге берген сұхбаттарында, өзінің жақсы отағасы екенін, отбасына, қыздарына көп көңіл бөліп, олармен қыдырғанды жаны сүйетіндігін үнемі айтып жүреді. Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағын шаттаққа бөленіп жатқан ұл бала Алаштың айбынды азаматы болсын,- деген тілек білдіреміз! Baq.kz
26.09.2013 05:41 3856

Астана қаласы көңілді тапқырлар театрының директоры, сықақшы Тұрсынбек Қабатов төртінші рет әке атанды.

Қабатовтар әулиетінде той. Бүгін актердің жары Мөлдір шекесі торсықтай ұл баланы өмірге әкелді. Қазір ана мен баланың жағдайы жақсы көрінеді. Сүйінші хабарды естіген бетте, актердің ұялы телефонына хабарластық. Алайда, өнер иесінің Ақтау қаласына жеке жұмыстарымен ұшып кеткенін білдік.
Тұрсынбектің Әдемі, Айым, Айару есімді үш қыздың әкесі екенінен көпшілік қауым хабардар.
Өнер иесі журналистерге берген сұхбаттарында, өзінің жақсы отағасы екенін, отбасына, қыздарына көп көңіл бөліп, олармен қыдырғанды жаны сүйетіндігін үнемі айтып жүреді. Тұрсынбек Қабатовтың шаңырағын шаттаққа бөленіп жатқан ұл бала Алаштың айбынды азаматы болсын,- деген тілек білдіреміз!

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға