Жаңалықтар

Қазақстан тарихшыларының конгресіне шетел ғалымдары, түркітанушылар да қатысуы керек - М.Тәжин

Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қазан айында өтетін Қазақстан тарихшыларының конгресін кең форматта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi. «Ағымдағы жылдың қазан айында тиісті академиялық деңгейде қойылған міндеттерді іс жүзінде атқару мәселесіне арналған тарихшылар Конгресін өткізу қажет. Аталмыш шараға біздің аймақты, нақты алғанда Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын беделді шетел ғалымдарын шақыру маңызды деп есептеймін. Түркітану саласын тек филологиялық ғылым ретінде ғана қарастырмайтын болайық, басым жағынан алғанда бұл тарихи ғылым болып табылады. Филологиялық аспектінің маңызды екені сөзсіз. Бұл конгресске түркітанушы ғалымдарды неге шақырмасқа? Мүмкіндігіміз бар емес пе? Қазақстан тарихшыларының конгресін осындай кең форматта қарастырсақ», - деді М.Тәжин.
26.09.2013 05:18 2985

Бүгiн Ақордада өткен Ведомствоаралық жұмыс тобы мүшелерiнiң отырысы барысында ҚР Мемлекеттік хатшысы Марат Тәжин қазан айында өтетін Қазақстан тарихшыларының конгресін кең форматта қарастыруды тапсырды, деп хабарлайды BNews.kz тiлшiсi.

«Ағымдағы жылдың қазан айында тиісті академиялық деңгейде қойылған міндеттерді іс жүзінде атқару мәселесіне арналған тарихшылар Конгресін өткізу қажет. Аталмыш шараға біздің аймақты, нақты алғанда Қазақстан тарихын зерттеумен айналысатын беделді шетел ғалымдарын шақыру маңызды деп есептеймін. Түркітану саласын тек филологиялық ғылым ретінде ғана қарастырмайтын болайық, басым жағынан алғанда бұл тарихи ғылым болып табылады. Филологиялық аспектінің маңызды екені сөзсіз. Бұл конгресске түркітанушы ғалымдарды неге шақырмасқа? Мүмкіндігіміз бар емес пе? Қазақстан тарихшыларының конгресін осындай кең форматта қарастырсақ», - деді М.Тәжин.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға