«Халық тарих толқынында» айдарымен 2 мыңнан астам материал жарық көрді – М.Құл-Мұх
«Тарихқа жолдан қосылған тарихшылар бүгін сақ тарихына, ертең ғұн тарихына, бүрсігүні түрік тарихына, одан арғы күні қазақ тарихына әмбебап шығармаларды топырлатып жаза береді. Олардың барлығы ғылыми айналымға түспейді және ол ғылыми тараптан үлкен баға да алмайды. Сондықтан тарихшыларымыз біздің бүкіл өмірін бір тақырыпты зерттеуге арнайды», - деді министр.
Оның айтуынша, оны жазып шығу үшін шетелдік мұрағаттардағы қазақ тарихына қатысты құжаттарды алдырмайынша, оларды зерттеп, жүйелемейінше нақты нәтижелерге қол жеткізе алмайтындығымыз белгілі.
«Мінеки осыған байланысты, Мәдениет және ақпарат министрлігі «Халық тарих толқынында» деген жалпы айдар бойынша Қазақстанның барлық дерлік БАҚ-ын осы тақырыпқа жұмылдырды. Соның нәтижесінде мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істейтін және мемлекет меншігіндегі басылымдардан басқа, жеке меншік жетекші телеарна, радио, газет, интернет қауымдастығындағы ақпарат құралдарында қысқа мерзімде, 5 маусымнан бүгінгі дейін 2170 материал жарық көрді. Ақпарат құралдарында 743, телеарналарда 524-тен астам материал шықты», - деп толықтырды ол.
BNews.kz