Жаңалықтар

Шын жүректен сыйланған сыйлық

Өскеменнің 7 сынып оқушысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үш жүзден аса гүл сыйлады. Бөлме гүлдерін қыз бала өзі өсірген. Бұл оның мектептегі экологиялық жобасы екен. Жас биолог осы жобасы арқылы Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» ғылыми-тәжірбиелік орталығы және Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанып, 70 мың теңгенің грантын иеленген. Экологиялық байқау жайлы естігенде, ойланбастан өтініш берген. Ол «әлеуметтік экология» бөлімі бойынша жеңіске жетті. Әжесі гүлдерді қалай күтіп, баптауды үйретсе, анасы байқаудан кейін гүлді кімге сыйлау керектігіне кеңес берген. Анастасия Аргунова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы: - Бұл гүлдердің түрі көп, түсі де әртүрлі. Олар денсаулыққа пайдалы. Әртүрлі вирустар мен бактерияларды өлтіреді. Татьяна Аргунова, Анастасияның анасы: - Кішкентай балаға гүл өсіру, оны күтіп-баптауды үйрету баланың дамуына, қоғамдағы қалыптасуына үлкен үлес қосады. Baq.kz
24.09.2013 07:39 3362

Өскеменнің 7 сынып оқушысы балалар үйінің тәрбиеленушілеріне үш жүзден аса гүл сыйлады. Бөлме гүлдерін қыз бала өзі өсірген.

Бұл оның мектептегі экологиялық жобасы екен. Жас биолог осы жобасы арқылы Білім және ғылым министрлігі мен «Дарын» ғылыми-тәжірбиелік орталығы және Қоршаған ортаны қорғау министрлігі ұйымдастырған байқауда жеңімпаз атанып, 70 мың теңгенің грантын иеленген. Экологиялық байқау жайлы естігенде, ойланбастан өтініш берген. Ол «әлеуметтік экология» бөлімі бойынша жеңіске жетті. Әжесі гүлдерді қалай күтіп, баптауды үйретсе, анасы байқаудан кейін гүлді кімге сыйлау керектігіне кеңес берген.

Анастасия Аргунова, Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы:
- Бұл гүлдердің түрі көп, түсі де әртүрлі. Олар денсаулыққа пайдалы. Әртүрлі вирустар мен бактерияларды өлтіреді.

Татьяна Аргунова, Анастасияның анасы:
- Кішкентай балаға гүл өсіру, оны күтіп-баптауды үйрету баланың дамуына, қоғамдағы қалыптасуына үлкен үлес қосады.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға