Жаңалықтар

«Қазақстан Дауысы» көрерменге жол тартады

Қыркүйектің жиырма тоғызыншы жұлдызында Қазақстан ұлттық арнасында «Қазақстан Дауысы» жобасының тұсауы кесіледі. Бұл туралы Baq. kz тілшісіне «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.  Жобаның басты мақсаты – ел ішінен дарынды жастарды табу және оларға қолдау көрсету. Байқаудың талабын толық орындаған үміткерлерді қазақ эстрадасының жұлдыздары өз қоластыларына алып, тәлім береді.  Мұның нәтижесінде жоба қатысушылары сахна саңлақтарымен бірге ән шырқап, шеберліктерін шыңдайды. Еліміздің белгілі әншілері Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан, және Алмас Кішкенбаев  Қазақстан дарындыларының тәлімгерлері болмақшы. Бұл жоба алғаш рет 2010 жылы голландияның RTL4 телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шығып, дүниежүзі көрермендерін баурап алды. Енді «Talpa Producties B.V.» (Talpa) лицензиясы бойынша «Қазақстан Дауысы» деген атпен қазақ көрермендеріне жол тартады. Жобада кәсіби және түрлі жанрларда ән салатын таланттар өнер көрсетеді.  
24.09.2013 06:36 3007

Қыркүйектің жиырма тоғызыншы жұлдызында Қазақстан ұлттық арнасында «Қазақстан Дауысы» жобасының тұсауы кесіледі. Бұл туралы Baq. kz тілшісіне «Қазақстан» Ұлттық телеарнасының баспасөз қызметі хабарлады.

 Жобаның басты мақсаты – ел ішінен дарынды жастарды табу және оларға қолдау көрсету. Байқаудың талабын толық орындаған үміткерлерді қазақ эстрадасының жұлдыздары өз қоластыларына алып, тәлім береді.  Мұның нәтижесінде жоба қатысушылары сахна саңлақтарымен бірге ән шырқап, шеберліктерін шыңдайды.

Еліміздің белгілі әншілері Медеу Арынбаев, Мәдина Сәдуақасова, Нұрлан Албан, және Алмас Кішкенбаев  Қазақстан дарындыларының тәлімгерлері болмақшы.

Бұл жоба алғаш рет 2010 жылы голландияның RTL4 телеарнасында «The Voice of Holland» деген атпен жарыққа шығып, дүниежүзі көрермендерін баурап алды. Енді «Talpa Producties B.V.» (Talpa) лицензиясы бойынша «Қазақстан Дауысы» деген атпен қазақ көрермендеріне жол тартады. Жобада кәсіби және түрлі жанрларда ән салатын таланттар өнер көрсетеді.

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға