Жаңалықтар

Егер тұрмысқа шыққыңыз келсе...

Ал қыздар, бүгiн ашылып, ақтарылайықшы. Бәрiмiздiң де ойымызда жар атанып, ана болу арманы жоқ емес. Оны мойындаймыз. Бiрақ әркiмнiң тағдырына сай осы жолға не ерте, не кеш түсуi мүмкiн. Бiз, қыздар қауымы, тұрмысқа шығу үшiн белгiлi бiр қатып қалған қағидалар мен ырымдарға сенетiн сияқтымыз ба, қалай? Түсiнiктi болу үшiн бiз сiздерге қыздар тұрмысқа шығу үшiн не нәрселердi күтетiндiгiн санап, саралап берейiк. Ендеше, кеттiк.  ҮШ РЕТ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚЫЗ ЖОЛДАСЫ БОЛУ Мұндайға сенбеймiн дейтiндер аз шығар. Тiптi бiр рет қыз жолдас болып-ақ тұрмыс құрудан дәмеленiп жүретiндер де аз емес. Ал үш рет той төрiнде тұрып, сонда да өз орныңызды таппасаңыз, кiмге өкпелейсiз? Кешiрiңiз, кейбiр қыздар қалыңдық тойында қыз жолдас болмай-ақ, өмiрлiк жолдасына жолығып жатыр. Ал сiз қыз жолдас болу арқылы бағым ашылар деп күтiп жүрсiз бе? ҚАЛЫҢДЫҚ ГҮЛIН ТОСЫП АЛУ Мұны да мойындайық. Оң жақта отырған қыздардың көбi Еуропадан келген гүл лақтыру рәсiмiнде көп бой көрсетедi. Бiрақ сiздiң бүкiл тағдырыңыз сол бiр гүл шоғына қарап қалып па? Қалыңдықтың көкке лақтырған гүлiн жерге түсiрмей, бас­қа арулармен таласып жүрiп тосып аламыз. Сөйтемiз де, мәз болып қаламыз. Құдды сол тойдан шыға салып өмiрлiк серiгiмiзге жолыға салатындай болып, гүл лақтырған қалыңдық “бағыңызды ашып” бергендей болып қуанамыз. Өйткенi бiз шын жар атану үшiн қайдағы жоқ гүлдi күтемiз. Қаншама рет гүл тосып алып, сол гүл солғанша серiгiн күткен сұлулар да бар. Сол гүлмен бiрге болашақ жарымызды тосып алсақ, қанекей! ҚАЛЫҢДЫҚ КИIМIН, ЯҒНИ ТОЙ КӨЙЛЕГIН КИIП КӨРУ Қыздар жағы той көйлегiн киюге құмартады да тұрады. Аппақ көйлектi киiп, аққудай кейiпке ену бәрiмiздiң де көңiлiмiзге жағары сөзсiз. Бiрақ сол көйлектi кигеннен ертесiне-ақ өзiмнiң той көйлегiмдi киермiн деп қатты сенудiң керегi шамалы. Көйлекте тұрған дәнеңе жоқ. Кейде қызының ерте тұрмысқа кетiп қалуынан қорқатын шешелер қыздарына той көйлектерiн киiп көруге мүлде рұқсат етпей отырады. Ойларынша – қыздары мұнан кейiн бiрден өз жұртын тауып кетедi. ТУЫСТАР МЕН ТАНЫСТАРДАН «ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ» КҮТУ Мұндайлар да жоқ емес. Қыздардың көбi өздерi ұнатып, танып-бiлiп тұрмысқа шыға салудан қорқады. Сондықтан бiрден бiлетiн жермен атасқанды дұрыс көредi. Адамды бiр көруi былай тұрсын, бiр жыл жүрiп те тани алмайтындығын түсiнген қыздар таныс-бiлiсi бар жерге келiн болып түсудi қалайды. Сондықтан қыздардың бiраз бөлiгi тұрмысқа шығу үшiн әлдебiреулердiң «жеңгетайлығына» аса зәру болады. ДИПЛОМ, ЖҰМЫС, КӨЛIК, ҮЙ... “Дипломымды алып алайын, сосын...”, “Жұмысқа тұрып алайын, сосын...”, “Өз жағдайымды жақсылап жасап алайын, сосын..”, “Үйдегiлердiң жағдайын жасап берейiн, сосын...”, “Өзiме үй алып алайын, сосын...”. Ойлаңызшы, уақыт өтiп кеткен жоқ па? Артыңызға бiр қарап қойыңызшы. Сiз жағдайдың қамымен көп жүрiп қойған жоқсыз ба? Алғашқылары түсiнiктi. Ал соңғылары тiптi шектен шығып кеттi деп ойламайсыз ба, қалай? Тұрмысқа шығу үшiн осыншама нәрсенi күту деген болашағыңызға қиянат деп бiлмейсiз бе? Ой салу – бiзден. Бiрақ сiздiң болашағыңызбен санасу – бiздiң жұмыс емес. ЖОЛЫН КҮТУ «Алдымда ағам бар», «Менен үлкен әпкем әлi жүр ғой тұрмысқа шықпай...». Мұндайды көп естiмедiм демеңiзшi. Қыздардың көбi бүгiнде тұрмысқа шығу үшiн өз жолын күтiп жүр. Бұл – рас нәрсе. Әрине, жолды күту қазақтың қанына сiңген сыйластықтың бiр түрi шығар. Әйткенмен қыздың жолы ешқашан ұлдың жолына байланысты емес. Екеуi – екi бөлек жол. Алдыңызда үлкен ағаңыз болса да, сiз одан асып кетсеңiз, сiзге ешкiм өкпелемейдi. Ал егер алдыңызда үлкен әпкеңiз тұрса, онымен келiсiп, рұқсатын алғаныңыз жөн. Baq.kz  
24.09.2013 06:14 6336

Ал қыздар, бүгiн ашылып, ақтарылайықшы. Бәрiмiздiң де ойымызда жар атанып, ана болу арманы жоқ емес. Оны мойындаймыз. Бiрақ әркiмнiң тағдырына сай осы жолға не ерте, не кеш түсуi мүмкiн. Бiз, қыздар қауымы, тұрмысқа шығу үшiн белгiлi бiр қатып қалған қағидалар мен ырымдарға сенетiн сияқтымыз ба, қалай? Түсiнiктi болу үшiн бiз сiздерге қыздар тұрмысқа шығу үшiн не нәрселердi күтетiндiгiн санап, саралап берейiк. Ендеше, кеттiк.

 ҮШ РЕТ ҮЙЛЕНУ ТОЙЫНДА ҚАЛЫҢДЫҚТЫҢ ҚЫЗ ЖОЛДАСЫ БОЛУ
Мұндайға сенбеймiн дейтiндер аз шығар. Тiптi бiр рет қыз жолдас болып-ақ тұрмыс құрудан дәмеленiп жүретiндер де аз емес. Ал үш рет той төрiнде тұрып, сонда да өз орныңызды таппасаңыз, кiмге өкпелейсiз? Кешiрiңiз, кейбiр қыздар қалыңдық тойында қыз жолдас болмай-ақ, өмiрлiк жолдасына жолығып жатыр. Ал сiз қыз жолдас болу арқылы бағым ашылар деп күтiп жүрсiз бе?

ҚАЛЫҢДЫҚ ГҮЛIН ТОСЫП АЛУ
Мұны да мойындайық. Оң жақта отырған қыздардың көбi Еуропадан келген гүл лақтыру рәсiмiнде көп бой көрсетедi. Бiрақ сiздiң бүкiл тағдырыңыз сол бiр гүл шоғына қарап қалып па? Қалыңдықтың көкке лақтырған гүлiн жерге түсiрмей, бас­қа арулармен таласып жүрiп тосып аламыз. Сөйтемiз де, мәз болып қаламыз. Құдды сол тойдан шыға салып өмiрлiк серiгiмiзге жолыға салатындай болып, гүл лақтырған қалыңдық “бағыңызды ашып” бергендей болып қуанамыз. Өйткенi бiз шын жар атану үшiн қайдағы жоқ гүлдi күтемiз. Қаншама рет гүл тосып алып, сол гүл солғанша серiгiн күткен сұлулар да бар. Сол гүлмен бiрге болашақ жарымызды тосып алсақ, қанекей!

ҚАЛЫҢДЫҚ КИIМIН, ЯҒНИ ТОЙ КӨЙЛЕГIН КИIП КӨРУ
Қыздар жағы той көйлегiн киюге құмартады да тұрады. Аппақ көйлектi киiп, аққудай кейiпке ену бәрiмiздiң де көңiлiмiзге жағары сөзсiз. Бiрақ сол көйлектi кигеннен ертесiне-ақ өзiмнiң той көйлегiмдi киермiн деп қатты сенудiң керегi шамалы. Көйлекте тұрған дәнеңе жоқ. Кейде қызының ерте тұрмысқа кетiп қалуынан қорқатын шешелер қыздарына той көйлектерiн киiп көруге мүлде рұқсат етпей отырады. Ойларынша – қыздары мұнан кейiн бiрден өз жұртын тауып кетедi.

ТУЫСТАР МЕН ТАНЫСТАРДАН «ЖЕҢГЕТАЙЛЫҚ» КҮТУ
Мұндайлар да жоқ емес. Қыздардың көбi өздерi ұнатып, танып-бiлiп тұрмысқа шыға салудан қорқады. Сондықтан бiрден бiлетiн жермен атасқанды дұрыс көредi. Адамды бiр көруi былай тұрсын, бiр жыл жүрiп те тани алмайтындығын түсiнген қыздар таныс-бiлiсi бар жерге келiн болып түсудi қалайды. Сондықтан қыздардың бiраз бөлiгi тұрмысқа шығу үшiн әлдебiреулердiң «жеңгетайлығына» аса зәру болады.

ДИПЛОМ, ЖҰМЫС, КӨЛIК, ҮЙ...
“Дипломымды алып алайын, сосын...”, “Жұмысқа тұрып алайын, сосын...”, “Өз жағдайымды жақсылап жасап алайын, сосын..”, “Үйдегiлердiң жағдайын жасап берейiн, сосын...”, “Өзiме үй алып алайын, сосын...”. Ойлаңызшы, уақыт өтiп кеткен жоқ па? Артыңызға бiр қарап қойыңызшы. Сiз жағдайдың қамымен көп жүрiп қойған жоқсыз ба? Алғашқылары түсiнiктi. Ал соңғылары тiптi шектен шығып кеттi деп ойламайсыз ба, қалай? Тұрмысқа шығу үшiн осыншама нәрсенi күту деген болашағыңызға қиянат деп бiлмейсiз бе? Ой салу – бiзден. Бiрақ сiздiң болашағыңызбен санасу – бiздiң жұмыс емес.

ЖОЛЫН КҮТУ
«Алдымда ағам бар», «Менен үлкен әпкем әлi жүр ғой тұрмысқа шықпай...». Мұндайды көп естiмедiм демеңiзшi. Қыздардың көбi бүгiнде тұрмысқа шығу үшiн өз жолын күтiп жүр. Бұл – рас нәрсе. Әрине, жолды күту қазақтың қанына сiңген сыйластықтың бiр түрi шығар. Әйткенмен қыздың жолы ешқашан ұлдың жолына байланысты емес. Екеуi – екi бөлек жол. Алдыңызда үлкен ағаңыз болса да, сiз одан асып кетсеңiз, сiзге ешкiм өкпелемейдi. Ал егер алдыңызда үлкен әпкеңiз тұрса, онымен келiсiп, рұқсатын алғаныңыз жөн.

Baq.kz

 

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға