Жаңалықтар

Абылай ханның тойы Көкшеде өтеді

Абылай ханның 300 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің әр аймақтарында кеңінен аталып өтуде. Ханның мерейтойына арналған ауқымда 5 қазанда басталады деп күтілуде деп хабарлайды Baq.kz тілшісі. Үш жүздің басын қосқан, қазақ пен қалмаққа бірдей хан болған Абылайдың тойы Көкше өңірінде өтеді. Қазаның 5 күні басталатын тойға еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай өтетін салтанатты кеште ҚР халық әртісі Т.Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және өзге де өнепаздардың қатысуы жоспарланған.
24.09.2013 05:40 3501

Абылай ханның 300 жылдығына арналған іс-шаралар еліміздің әр аймақтарында кеңінен аталып өтуде. Ханның мерейтойына арналған ауқымда 5 қазанда басталады деп күтілуде деп хабарлайды Baq.kz тілшісі.

Үш жүздің басын қосқан, қазақ пен қалмаққа бірдей хан болған Абылайдың тойы Көкше өңірінде өтеді. Қазаның 5 күні басталатын тойға еліміздің өнер және мәдениет қайраткерлері, мемлекет және қоғам зиялылары қатысады. Абылай ханның туғанына 300 жыл толуына орай өтетін салтанатты кеште ҚР халық әртісі Т.Жаманқұлов, ҚР еңбек сіңірген әртісі Қайрат Байбосынов, ҚР халық әртісі Нұржамал Үсенбаева және өзге де өнепаздардың қатысуы жоспарланған.

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға