Жаңалықтар

Жаңа тақия тігілді

Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында арнайы тақия тігілді. Бас киім футбол добы пішіндес және қазақы ою-өрнектермен зерленген деп жазады Айқын газеті. Қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Куржикаевтың айтуынша, барлығы 200 тақия тігіліп, келген құрметті қонақтарға кәдесый ретінде таратылған. Сондай-ақ, мерейтоға орай жаңартылған «Спартак» стадионына тақия кигізілген футбол добының мүсіні қойылды. Айта кетейік, 20-22 қыркүйек аралығында аталып өткен Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына мәскеулік «Спартак», Қазан қаласының «Рубин», Бішкектің «Алғи», алматылық «Қайрат», киевтік «Динамо» командаларының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, әлем футболының аңызына айналған неміс футболшысы және жаттықтырушысы Хорст Хрубеш келді. Baq.kz
24.09.2013 02:32 2772

Қазақстан футболының 100 жылдығына орай Семей қаласында арнайы тақия тігілді. Бас киім футбол добы пішіндес және қазақы ою-өрнектермен зерленген деп жазады Айқын газеті.

Қалалық Дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Куржикаевтың айтуынша, барлығы 200 тақия тігіліп, келген құрметті қонақтарға кәдесый ретінде таратылған. Сондай-ақ, мерейтоға орай жаңартылған «Спартак» стадионына тақия кигізілген футбол добының мүсіні қойылды.
Айта кетейік, 20-22 қыркүйек аралығында аталып өткен Қазақстан футболының 100 жылдық мерейтойына мәскеулік «Спартак», Қазан қаласының «Рубин», Бішкектің «Алғи», алматылық «Қайрат», киевтік «Динамо» командаларының ардагерлері қатысты. Сондай-ақ, әлем футболының аңызына айналған неміс футболшысы және жаттықтырушысы Хорст Хрубеш келді.

Baq.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға