Михаил Кукушкин Измирдегі «Челленджер» турнирін ұтып алды
23.09.2013 06:00
3017
Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Түркияның Измир қаласында «Челленджер» турнирінің жеңімпазы атанды. Әлемдік рейтингіде 124-ші орында тұрған 25 жастағы Кукушкин италяндық Лук Соренсенді 6/1, 6/4 есебімен ұтты, деп хабарлайды Sport.kz.
Бұл ойыншылардың кездесуі тарихта алғаш рет 1 сағат 2 минутқа созылды.
Кукушкин 2013 жылдың маусымында «Челленджер» санатындағы турнирлерде осымен үшінші рет жеңіске жетіп отыр.
Бөлісу:
Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға