Жаңалықтар

Математика пән мұғалімінің мәселесін шешудегі міндеттер

Болашақ математика мұғалімін қалыптастыру үш бағытта жүзеге асырылады: теориялық-әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық-әдіснамалық. Мұнда ұстаздар білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде педагогикалық-психологиялық, физиологиялық, т.б. ғылымдардың жаңалықтарының нәтижесін және әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. А. Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген. Мектеп ұстаздарының шеберлігі, білімдегі жаңашылдығы  білімгердің болашақта өз өмір жолдарын ертерек таңдай , кәсіби бағытын қиналмай анықтай алатындай, нарықтық өмірге белсенді араласатындай  болып ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, мектеп ұстаздарының, ата-аналарының көмегімен білімгердің кәсіби бағдары тәрбиеленеді. Саналы түрде таңдалған мамандық білімгердің болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіп- әрбір жеке адам сапасы. Оны өз мәнінде таңдау жеке тұлғаның болашақта қоғамға қажет маман болуына жағдай жасайды. Осы ретте ұлы ақын Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөздері  философиялық өміршеңдігімен ойға оралады. Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық-инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі: оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді; нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;  материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады. Болашақ мұғалімдерді кәсіби шыңдауда  жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн: мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны білімгелерге жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет; мұғалім білімгелердің жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр жеке тұлғаның жүрегіне жол таба білуі қажет; мұғалім әр білімгелерге , бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек; мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі керек; мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі керек; балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру; сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану; әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет. Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті — тіл, қадір қасиеті — кісілік» деген екен.  Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін  мамандар дайындап отырған біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі. Қапал Көксалов Жамалхан Ахметова Рымкүл Қапарова
23.09.2013 04:02 5034

Болашақ математика мұғалімін қалыптастыру үш бағытта жүзеге асырылады: теориялық-әдіснамалық, психологиялық-педагогикалық, ұйымдастырушылық-әдіснамалық.

Мұнда ұстаздар білім беру мен тәрбиелеу жүйесінде педагогикалық-психологиялық, физиологиялық, т.б. ғылымдардың жаңалықтарының нәтижесін және әлемдік озық тәжірибелердің алдыңғы қатарлы идеяларын басшылыққа алады. А. Байтұрсынов «Жақсы мұғалім мектепке жан кіргізеді» деген. Мектеп ұстаздарының шеберлігі, білімдегі жаңашылдығы  білімгердің болашақта өз өмір жолдарын ертерек таңдай , кәсіби бағытын қиналмай анықтай алатындай, нарықтық өмірге белсенді араласатындай  болып ұйымдастырылуы тиіс. Яғни, мектеп ұстаздарының, ата-аналарының көмегімен білімгердің кәсіби бағдары тәрбиеленеді. Саналы түрде таңдалған мамандық білімгердің болашақ өміріне әсер етеді. Кәсіп- әрбір жеке адам сапасы. Оны өз мәнінде таңдау жеке тұлғаның болашақта қоғамға қажет маман болуына жағдай жасайды. Осы ретте ұлы ақын Абай атамыздың: «Сенде бір кірпіш дүниеге, кетігін тап та, бар қалан» деген сөздері  философиялық өміршеңдігімен ойға оралады.

Сондықтан білім беруді жаңа сатыға көтеру үшін тек білім мазмұны мен оқыту әдістерін ғана емес, ақпараттық-инновациялық технологияларды кеңінен пайдалану арқылы оқытуды ұйымдастыру формаларын да жетілдіру керек. Мұның өзі мынадай оқу-тәрбие міндеттерін шешуге көмектеседі:

  • оқу үрдісін дербестендіру. Мәселен, компьютер оқытуды нақты бір авторлық бағдарлама бойынша жүзеге асыруға мүмкіндік береді;
  • нақты әрекетке негізделген кері байланысты қамтамасыз етеді. Мәселен, компьютер арқылы әрбір оқушы өзінің білімін бақылауға, тексеруге және бағалауға мүмкіндік алады;
  •  материалды меңгеру жылдамдығын арттыруға болады.

Болашақ мұғалімдерді кәсіби шыңдауда  жаңа педагогикалық технологияларды қолдана отырып төмендегідей қағидаларды есте сақтаған жөн:

  • мұғалім пәнді өзі жетік терең біліп, оны білімгелерге жай, қарапайым тілмен, өмірмен байланыстыра отырып беруі қажет;
  • мұғалім білімгелердің жеке басының психологиясын (жан дүниесін) жете біліп, әр жеке тұлғаның жүрегіне жол таба білуі қажет;
  • мұғалім әр білімгелерге , бүкіл сыныпқа талап қоя білуі керек;
  • мұғалім әр сабақта ғылым мен техника жаңалықтарын дұрыс қолдана білуі керек;
  • мүмкіндігінше, кейбір үлкен тақырыптарды топтап, жеке блоктар түрінде топтай білуі керек;
  • балалардың есте сақтау қабілеттерін арттыру үшін жаңа сабақты тірек конспектілері мен жеке тірек белгілері бойынша беру;
  • сабақта балалардың пәнге деген қызығушылығын арттыру үшін әртүрлі қызықты элементтерді пайдалану;
  • әрбір сабақ өз дәрежесінде өтуі қажет.

Білім беру саласында атқарылып жатқан игі істермен қатар түбегейлі

шешімін күтіп жатқан проблемалар да көп. Оның бірсыпырасы алда шешімін табар деп үміттенеміз. Дана бабамыз Ж.Баласағұн: «Елдің өзегі білік, кілті — тіл, қадір қасиеті — кісілік» деген екен.

 Ойлап отырсақ, осы тұжырымдар тұтастай дерлік жастардың санасына, өн бойына сапалы біліммен, өрешіл рухты сіңіретін, әлемдік өркениет асуында, ел тәуелсіз туын берік ұстауға мұқалмайтындай жастарды тәрбиелейтін  мамандар дайындап отырған біздерге, педагогтарға арнап айтқандай сезіледі.

Қапал Көксалов

Жамалхан Ахметова

Рымкүл Қапарова

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға