Жаңалықтар

Жапон радиосы. Жапониядағы сөз бостандығы

Жапонияда радиохабарларын тарату жұмысы 1925 жылы басталған болатын. Ол кезде Токио, Осака, Нагоя қалаларында үш радиостанция жұмыс iстеген. 1926 жылы станциялар NHK иелiгiне өтедi. Бүгiнде NHK-ге қа­расты үш радионың хабар тарату кеңiстiгiнiң 50 пайызын ақпараттық бағдарламалар құраса, 30 пайызы мәдениет-өнер, 20 пайызы ойын-сауықтық хабарлардан тұрады. Жеке-меншiк радио­ком­паниялардағы эфир уақытының 60 пайызы ойын-сауықтық бағдарламаларға берiлген. Коммерция­лық радиолардағы эфирдiң 17 пайызы мәдениет хабарларына, 14 пайыз бөлiгi ақпаратқа берiлген. Мемлекеттiк NHK FM радиостанциясының басты назары, негi­зi­нен жаңалықтарда. Бұл радио классикалық му­зы­каны көбiрек бередi екен. Токиодағы ком­мерциялық J-WAVE, INTER FM мен орталық Хонсюден тарайтын CO-CO-LO радиосы да бiрнеше шет тiлiнде хабар таратады. Жапониядағы сөз бостандығы.Жапонияның 1946 жылы 3 қарашада қабыл­данған Ата Заңының 3-шi бабының 21 тармағында «Мәжiлiстер мен басқосулар еркiндiгiне және сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына, пiкiр бiлдiрудiң өзге де түрлерiне кепiлдiк берi­ледi. Цензураға жол жоқ; ақпарат құпиялылығы сақталуы тиiс» деп жазылған. Жапонияда журналист Үкiмет немесе Парламент мүшесiнен сұхбат алу үшiн мiндеттi түрде «Саяси журналистердiң ұйымына» мүше болу керек. Осы ұйымның журналистерi ғана Үкiметтегi баспасөз мәслихатына, ресми кездесулерге, т.б. қатысу мүмкiндiгiне ие. Жапон жур­налис­тикасының қазiргi таңдағы мәселесi ретiнде Күншығыстағы қалам иелерi сол ұйым журналистерiнiң саяси қайраткерлердiң баспа­сөз хатшысы деңгейiнен аса алмай жатқандығын айтып жүр. Жапон журналистикасына тән ерекшелiктiң бiрi — газет-журнал бетiнде мақала авторының аты-жөнi жазылмауы және суретiнiң басылмауы. «Журналист болу дегенiмiз – елге танылу» деген бiздiң түсiнiк оларға жат. Дегенмен, кейiнгi жылдары бiраз басылымдар журналистiң аты-жөнiн жариялаумен қатар, автордың еңбек жолы туралы мағлұмат беру үрдiсiне көшкен. Қазақ журналистикасына ойды көбiнесе тұспалдап, астарлап жеткiзу, ой қорытуды оқырманның еншiсiне қалдыру тән болса, жапон баспасөзiне нақтылық, дәлдiк, тура айту, жинақылық сипаты басым. Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi. Шарафат Жылқыбаева
20.09.2013 12:33 5794

Жапонияда радиохабарларын тарату жұмысы 1925 жылы басталған болатын. Ол кезде Токио, Осака, Нагоя қалаларында үш радиостанция жұмыс iстеген. 1926 жылы станциялар NHK иелiгiне өтедi. Бүгiнде NHK-ге қа­расты үш радионың хабар тарату кеңiстiгiнiң 50 пайызын ақпараттық бағдарламалар құраса, 30 пайызы мәдениет-өнер, 20 пайызы ойын-сауықтық хабарлардан тұрады. Жеке-меншiк радио­ком­паниялардағы эфир уақытының 60 пайызы ойын-сауықтық бағдарламаларға берiлген. Коммерция­лық радиолардағы эфирдiң 17 пайызы мәдениет хабарларына, 14 пайыз бөлiгi ақпаратқа берiлген. Мемлекеттiк NHK FM радиостанциясының басты назары, негi­зi­нен жаңалықтарда. Бұл радио классикалық му­зы­каны көбiрек бередi екен. Токиодағы ком­мерциялық J-WAVE, INTER FM мен орталық Хонсюден тарайтын CO-CO-LO радиосы да бiрнеше шет тiлiнде хабар таратады.

Жапониядағы сөз бостандығы.Жапонияның 1946 жылы 3 қарашада қабыл­данған Ата Заңының 3-шi бабының 21 тармағында «Мәжiлiстер мен басқосулар еркiндiгiне және сөз бостандығы мен баспасөз бостандығына, пiкiр бiлдiрудiң өзге де түрлерiне кепiлдiк берi­ледi. Цензураға жол жоқ; ақпарат құпиялылығы сақталуы тиiс» деп жазылған.
Жапонияда журналист Үкiмет немесе Парламент мүшесiнен сұхбат алу үшiн мiндеттi түрде «Саяси журналистердiң ұйымына» мүше болу керек. Осы ұйымның журналистерi ғана Үкiметтегi баспасөз мәслихатына, ресми кездесулерге, т.б. қатысу мүмкiндiгiне ие. Жапон жур­налис­тикасының қазiргi таңдағы мәселесi ретiнде Күншығыстағы қалам иелерi сол ұйым журналистерiнiң саяси қайраткерлердiң баспа­сөз хатшысы деңгейiнен аса алмай жатқандығын айтып жүр.
Жапон журналистикасына тән ерекшелiктiң бiрi — газет-журнал бетiнде мақала авторының аты-жөнi жазылмауы және суретiнiң басылмауы. «Журналист болу дегенiмiз – елге танылу» деген бiздiң түсiнiк оларға жат. Дегенмен, кейiнгi жылдары бiраз басылымдар журналистiң аты-жөнiн жариялаумен қатар, автордың еңбек жолы туралы мағлұмат беру үрдiсiне көшкен.
Қазақ журналистикасына ойды көбiнесе тұспалдап, астарлап жеткiзу, ой қорытуды оқырманның еншiсiне қалдыру тән болса, жапон баспасөзiне нақтылық, дәлдiк, тура айту, жинақылық сипаты басым.

Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi.

Шарафат Жылқыбаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға