Жаңалықтар

Теледидар тарихы. Токио телемұнарасы

1924 жылы Хамамацу техникалық коллед­жiнде жұмыс iстейтiн Такаянаги Кэндзироу электронды сәулелердi пайдалану тәжiрибесiн жүзеге асыра бастайды. Тоғыз жылдан соң ол катодты түтiкшенi ойлап табады. Ал теледидар жапон үйiне ең алғаш 1953 жылы кiредi. Осы жылдың ақпан айында 866 жапон отбасы ақ-қара теледидар арқылы төрт сағаттық бағдарла­ма­ны тамашалайды. 1960 жылға таман 10 миллион жапон отбасы теледидар сатып алса, 1968 жылы 20 миллион отбасы көгiлдiр экранды көру мүмкiндiгiне ие болды. Жапондар түрлi-түстi теледидарға 1960 жылы қол жеткiздi. Ол кезде теледидар автокөлiк, кондиционер тәрiздi қажеттi техниканың бiрi ретiнде белгiлi едi. Бүгiнде орта жастағы жапон азаматы күнiне 3 сағат 32 минутты теледидар көруге арнаса, қариялар көгiлдiр экран алдында 5 сағаттан артық отырады екен. 1987 жылы NHK тәулiктiк спутниктiк хабар тарату жүйесiн енгiзедi. Жапонның жалпыұлттық каналдары: Nihon TV, TBS, FUJI TV, TV Asahi. Жапонияда коммерциялық бағыттағы 109 телестанция бар. Табыс көзi жарнама болып табылатын бұндай станциялардың жылдық табысы 1,65 триллион иендi құрап отыр. NHK қарамағындағы телеарналар кеңiстiгiнiң 50 пайызы ақпараттық хабарларды құраса, 20 пайызы мәдениет тақырыбындағы бағдарламалар, 20 пайызы ойын-сауықтық бағдарламалар. Ал коммерция­лық телеарналар желiсiнiң 40 пайызы ойын-сауықтық, 24 пайызы мәдени-танымдық, 19 пайызы ақпараттық хабарлардан тұрады. Токио телемұнарасы. Тұңғыш жапон телемұнарасы Айчи префек­тура­сындағы Нагоя қаласында тұрғызылған болатын. Ал биiктiгi – 333 метр, салмағы – 4 мың тонна болатын Токио мұнарасы 1958 жылы салынған. Қызыл және ақ түске боялған мұнара әлемдегi болаттан жасалған конструкциялардың ең биiгi саналады. Токио телемұнарасының антенналарын 12 телерадиостанция пайдаланады. Токионың символына айналған бұл ғимаратты жапондар көп қырлы құрылым ретiнде пайдаланады. Бiрiншi қабатында 800 түрлi 50 мың балықтың мекенiне айналған аквариум орналасса, үшiншi қабатынан мұражайды тама­шалау­ға болады. 250 метрлiк биiктiктегi алаңқай­дан Фудзияма, Цукуба таулары көрiнедi. Мұнарада сондай-ақ, 1000 кiсiге арналған мейрамханалар жүйесi жұмыс iстейдi. Ал ашылуы 2012 жылдың мамыр айына жоспарланған «Аспан ағашы» деген одан зор ғимарат астананың солтүстік-шығысындағы Сумида ауданында бой көтерді. Биiктiгi – 634 метр болатын әлемдегi ең биiк телемұнараны жа­сауда жапон архитекторлары мыңдаған жылдық тарихы бар тәжiрибенi пайдаланған. 2011 жылғы алапат жер сілкінісіне селт етпеген жаңа мұнараның жобасы Нарадағы Шйотоку Тайши дәуiрiнен жеткен Хоурюдзи ғибадат­ханасының негізінде жасалған. Ғалымдар мен архитекторлар зәулiм ғимараттардың жобасына бес қабатты Будда ғибадатханаларының сызбасын пайдаланған себебi, «шимбашира» деп ата­латын дiңгектiң сан түрлi зiлзалаға төтеп беретiн бiрден-бiр тiрек екендiгiн дәуiрлер дәлелдеген. Шарафат Жылқыбаева
20.09.2013 12:33 9453

1924 жылы Хамамацу техникалық коллед­жiнде жұмыс iстейтiн Такаянаги Кэндзироу электронды сәулелердi пайдалану тәжiрибесiн жүзеге асыра бастайды. Тоғыз жылдан соң ол катодты түтiкшенi ойлап табады. Ал теледидар жапон үйiне ең алғаш 1953 жылы кiредi. Осы жылдың ақпан айында 866 жапон отбасы ақ-қара теледидар арқылы төрт сағаттық бағдарла­ма­ны тамашалайды. 1960 жылға таман 10 миллион жапон отбасы теледидар сатып алса, 1968 жылы 20 миллион отбасы көгiлдiр экранды көру мүмкiндiгiне ие болды. Жапондар түрлi-түстi теледидарға 1960 жылы қол жеткiздi. Ол кезде теледидар автокөлiк, кондиционер тәрiздi қажеттi техниканың бiрi ретiнде белгiлi едi. Бүгiнде орта жастағы жапон азаматы күнiне 3 сағат 32 минутты теледидар көруге арнаса, қариялар көгiлдiр экран алдында 5 сағаттан артық отырады екен. 1987 жылы NHK тәулiктiк спутниктiк хабар тарату жүйесiн енгiзедi.
Жапонның жалпыұлттық каналдары: Nihon TV, TBS, FUJI TV, TV Asahi. Жапонияда коммерциялық бағыттағы 109 телестанция бар. Табыс көзi жарнама болып табылатын бұндай станциялардың жылдық табысы 1,65 триллион иендi құрап отыр. NHK қарамағындағы телеарналар кеңiстiгiнiң 50 пайызы ақпараттық хабарларды құраса, 20 пайызы мәдениет тақырыбындағы бағдарламалар, 20 пайызы ойын-сауықтық бағдарламалар. Ал коммерция­лық телеарналар желiсiнiң 40 пайызы ойын-сауықтық, 24 пайызы мәдени-танымдық, 19 пайызы ақпараттық хабарлардан тұрады.

Токио телемұнарасы. Тұңғыш жапон телемұнарасы Айчи префек­тура­сындағы Нагоя қаласында тұрғызылған болатын. Ал биiктiгi – 333 метр, салмағы – 4 мың тонна болатын Токио мұнарасы 1958 жылы салынған. Қызыл және ақ түске боялған мұнара әлемдегi болаттан жасалған конструкциялардың ең биiгi саналады. Токио телемұнарасының антенналарын 12 телерадиостанция пайдаланады. Токионың символына айналған бұл ғимаратты жапондар көп қырлы құрылым ретiнде пайдаланады. Бiрiншi қабатында 800 түрлi 50 мың балықтың мекенiне айналған аквариум орналасса, үшiншi қабатынан мұражайды тама­шалау­ға болады. 250 метрлiк биiктiктегi алаңқай­дан Фудзияма, Цукуба таулары көрiнедi. Мұнарада сондай-ақ, 1000 кiсiге арналған мейрамханалар жүйесi жұмыс iстейдi.
Ал ашылуы 2012 жылдың мамыр айына жоспарланған «Аспан ағашы» деген одан зор ғимарат астананың солтүстік-шығысындағы Сумида ауданында бой көтерді. Биiктiгi – 634 метр болатын әлемдегi ең биiк телемұнараны жа­сауда жапон архитекторлары мыңдаған жылдық тарихы бар тәжiрибенi пайдаланған. 2011 жылғы алапат жер сілкінісіне селт етпеген жаңа мұнараның жобасы Нарадағы Шйотоку Тайши дәуiрiнен жеткен Хоурюдзи ғибадат­ханасының негізінде жасалған. Ғалымдар мен архитекторлар зәулiм ғимараттардың жобасына бес қабатты Будда ғибадатханаларының сызбасын пайдаланған себебi, «шимбашира» деп ата­латын дiңгектiң сан түрлi зiлзалаға төтеп беретiн бiрден-бiр тiрек екендiгiн дәуiрлер дәлелдеген.

Шарафат Жылқыбаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға