Жаңалықтар

NHK

Жапонияда телерадио хабарларын тарату жүйесi үш салалы. Хабар тарату жүйесiн үй­лестiрiп тұрған ең iрi корпорация NHK (нихонхоусоукйоукай) абоненттердiң төлемақысы негiзiнде қаржыланса, жекеменшiк арналар жарнамадан түсетiн табысқа тәуелдi. Ал телеуни­вер­ситеттi Үкiмет қар­жы­ландырады. Ақпарат­тан­дырудың жекеменшiк жүйесiнде 150 компания жұмыс iстейдi. NHK қа­рамағында екi телеарна және ортатолқынды үш радио бар. Сонымен қатар, қос спутниктiк байланыс жүйесi жұмыс iстейдi. Жапонияда 1950 жылы «Хабар тарату туралы заң» қабылданды. Соның негiзiнде NHK-дiң бағыт-бағдары айқындалып, мақсат-мiндетi бекiтiледi. Қазiргi таңда NHK – бүкiл Жапонияға және шет елдерге хабар тарататын дүниежүзiндегi iрi кор­порациялардың бiрi. Ол тәу­лiктiк көлемi 49 сағат болатын хабарларды 22 тiлде таратады. Корпорация жұмысын Орталық Кеңес беру комитетi қадағалайды. 118 мүшесi бар бұл комитет корпорация қарамағындағы телерадио компанияларының жұмысы мемлекет стандарттарына сай және рухани мүдденi көздейтiн, өте сапалы болуын ұдайы бақылап отырады. Комитет мүшесi болып табылатын 118 адам кiмдер? Бұлар: мұғалiмдер, спортшылар, журналистер, жұмысшылар, тұтынушылардың құқығын қорғайтын мекеме өкiлдерi, т.б. Қысқасы, NHK аталмыш комитетке толығымен тәуелдi. Орталық Кеңес беру комитетi корпорацияның жылдық жоспарын тексерiп, айына бiр рет, корпорация қызметкерлерiмен кездесу өткiзiп тұрады. NHK-дiң Басқару Кеңесiне 12 адам кiредi. Оларды Жапония Парламентiнiң қос палатасы­ның құптауымен Премьер-министр сайлайды. Басқару Кеңесi корпорацияның қаржы мәселеле­рiн шешумен қатар, басшылық құрамын бекiтедi. Басқару Кеңесi, сондай-ақ, сөз бостандығын қам­тамасыз етiп, журналистердiң құқығын қорғайды. Теле-радио арналарды сыртқы саяси күштердiң ықпалынан қорғау да Басқару Кеңесiнiң мiндетi. «Хабар тарату туралы заңға» сәйкес NHK-ге жарнама беруге және жарнамалық мақсаттағы ха­барларды таратуға тыйым салынған. Жапония­ның барлық аймағында NHK-дiң қоғаммен, яғни тыңдармандармен, көрермендермен байланысын қамтамасыз етумен айналысатын 53 комитет жұмыс iстейдi. Бұл комитеттерде әр түрлi сала­ның өкiлдерi болып табылатын 750-ге жуық адам еңбек етедi. Олар жылына үш рет бас қосып, ра­диотыңдаушылар мен теле­көрер­мен­дерден түскен өтiнiштер мен талап-тiлек, ұсы­ныстарды бүге-шiгесiне дейiн талдап, талқылап, ортақ шешiм шығарады. Осы 53 комитеттiң арқасында NHK-дiң халықпен байланысы өте жақсы деңгейде деуге болады. Шарафат Жылқыбаева
20.09.2013 12:32 2431

Жапонияда телерадио хабарларын тарату жүйесi үш салалы. Хабар тарату жүйесiн үй­лестiрiп тұрған ең iрi корпорация NHK (нихонхоусоукйоукай) абоненттердiң төлемақысы негiзiнде қаржыланса, жекеменшiк арналар жарнамадан түсетiн табысқа тәуелдi. Ал телеуни­вер­ситеттi Үкiмет қар­жы­ландырады. Ақпарат­тан­дырудың жекеменшiк жүйесiнде 150 компания жұмыс iстейдi. NHK қа­рамағында екi телеарна және ортатолқынды үш радио бар. Сонымен қатар, қос спутниктiк байланыс жүйесi жұмыс iстейдi.
Жапонияда 1950 жылы «Хабар тарату туралы заң» қабылданды. Соның негiзiнде NHK-дiң бағыт-бағдары айқындалып, мақсат-мiндетi бекiтiледi. Қазiргi таңда NHK – бүкiл Жапонияға және шет елдерге хабар тарататын дүниежүзiндегi iрi кор­порациялардың бiрi. Ол тәу­лiктiк көлемi 49 сағат болатын хабарларды 22 тiлде таратады.
Корпорация жұмысын Орталық Кеңес беру комитетi қадағалайды. 118 мүшесi бар бұл комитет корпорация қарамағындағы телерадио компанияларының жұмысы мемлекет стандарттарына сай және рухани мүдденi көздейтiн, өте сапалы болуын ұдайы бақылап отырады. Комитет мүшесi болып табылатын 118 адам кiмдер? Бұлар: мұғалiмдер, спортшылар, журналистер, жұмысшылар, тұтынушылардың құқығын қорғайтын мекеме өкiлдерi, т.б. Қысқасы, NHK аталмыш комитетке толығымен тәуелдi. Орталық Кеңес беру комитетi корпорацияның жылдық жоспарын тексерiп, айына бiр рет, корпорация қызметкерлерiмен кездесу өткiзiп тұрады.
NHK-дiң Басқару Кеңесiне 12 адам кiредi. Оларды Жапония Парламентiнiң қос палатасы­ның құптауымен Премьер-министр сайлайды. Басқару Кеңесi корпорацияның қаржы мәселеле­рiн шешумен қатар, басшылық құрамын бекiтедi. Басқару Кеңесi, сондай-ақ, сөз бостандығын қам­тамасыз етiп, журналистердiң құқығын қорғайды. Теле-радио арналарды сыртқы саяси күштердiң ықпалынан қорғау да Басқару Кеңесiнiң мiндетi.
«Хабар тарату туралы заңға» сәйкес NHK-ге жарнама беруге және жарнамалық мақсаттағы ха­барларды таратуға тыйым салынған. Жапония­ның барлық аймағында NHK-дiң қоғаммен, яғни тыңдармандармен, көрермендермен байланысын қамтамасыз етумен айналысатын 53 комитет жұмыс iстейдi. Бұл комитеттерде әр түрлi сала­ның өкiлдерi болып табылатын 750-ге жуық адам еңбек етедi. Олар жылына үш рет бас қосып, ра­диотыңдаушылар мен теле­көрер­мен­дерден түскен өтiнiштер мен талап-тiлек, ұсы­ныстарды бүге-шiгесiне дейiн талдап, талқылап, ортақ шешiм шығарады. Осы 53 комитеттiң арқасында NHK-дiң халықпен байланысы өте жақсы деңгейде деуге болады.

Шарафат Жылқыбаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға