Жаңалықтар

Жапон журналистикасы туралы

Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi. Жапон баспасөзiн үш топқа бөлуге болады: жалпы сипаттағы газет-журналдар, спорттық басылымдар және кәсiби басылымдар. Жапонияда құрамына 117 газет кiретiн кәсiби ба­сы­лым­дардың Ассоциациясы бар. Оған химия, балық шаруашылығы, металлургия, электротехника, т.б. сала мамандарына арналған басылымдар кiредi. Журналдардың 60 пайызы айына бiр рет шы­ға­тын басылым болса, 40 пайызы апталық журналдар. Кейбiр қоғамдық-саяси, әдеби журналдар айына екi рет жарық көредi. Мәселен, «Сарай» басылымы әр айдың 1-шi, 3-шi бейсен­бiсiнде шықса, «Сапйо» әр айдың 2-шi, 4-шi сәрсенбiсiнде оқырман қолына тиедi. Жалпы, жапон журналдары тақырып ауқымы кең, жо­ғары сапалы басылымдар. Тек журналистерi ғана емес, фототiлшiлерiнiң еңбегi де ерекше бай­қала­ды. Көркем безендiрiлген, әдебиет, мәдениет мәселелерiн кеңiнен қозғайтын «Бунгэйшюншю», «Катэйгахоу», «Шюханбуншюн», «Гэйджюцушинчйоу», «Сарай» тәрiздi журналдарды классикалық басылымдар санатына жатқызуға болады. Жапонияда ағылшын тiлiнде «Metropolis», «Tokyo journal», «Kansai Time Out» деген үш журнал және «The Japan Times», «Daily Yomiuri», «Asabi Evening News», «Mainichi Daily News» деген төрт газет бар. Әр жапон орташа есеппен күнiне 3,5 сағатын теледидар көруге арнаса, 1 са­ғаттай газет-журнал оқиды екен. Жапония БАҚ саны жөнiнен дүниежүзiнде 1-шi орын алады. Бұл елде 1000 адамға 548 дана газеттен келедi. БАҚ дегенде ұлттық ерекшелiк ретiнде манга кiтапшаларын атауға болады. Мәтiнiмен қоса берiлетiн суреттi кiтаптарды жапондар баспасөзге жатқызады. Барлық тақырыптарды қам­титын манга Жа­по­ния­дағы баспа өнiмiнiң 30 пайызын қам­тиды. Жылына 3300 түрлi манга жарық көредi. Таралымына келсек, жылына 670 миллион манга-журнал мен 480 миллион манга-кi­тапшалар сатылады екен. Мангадан түсетiн табыс жылына 448 миллиард иендi құрайды. Жапон мульт­фильм­дерi мен видео ойындарының негiзi мангадан алынған. Киотодағы ха­лық­аралық манга мұражайына 300 мыңнан астам өнiм қойылған. Мұражайға жылына 280 мың адам келедi екен. Ал Токиода жылына екi рет өткiзiлетiн манга жәрмеңкесiне 500 мың адам қатысады. 2008 жылы Жапонияда сатылған электронды кiтап­тар­дың 75 пайызы манга кiтаптары болып шық­қан. Одан түскен табыс 35 миллиард иендi құраған. Шарафат Жылқыбаева
20.09.2013 12:30 10799

Жапонияда журналистердi және де ақпарат құралдарының өзге де мамандарын жоғары оқу орындарындағы социология, ақпараттық технология, қоғамдық өндiрiс, филология тәрiздi факультеттер құрамындағы медиа бөлiмдерi даярлайды. Бұндай бөлiмдер көптеген университеттерде ашылған. Жылына жалпы таралымы 4 миллиард дана болатын 3000 түрлi газет-журнал шығады. Күн сайын газеттердiң 90 пайызы үйге жеткiзiледi. Газет тасушылардың көпшiлiгi – мектеп оқушылары. Газет бетiндегi кеңiстiктiң 40 пайызы жарнамаға арналған. Жапон баспасөзi үшiн жарнама – маңызды табыс көзi.

Жапон баспасөзiн үш топқа бөлуге болады: жалпы сипаттағы газет-журналдар, спорттық басылымдар және кәсiби басылымдар. Жапонияда құрамына 117 газет кiретiн кәсiби ба­сы­лым­дардың Ассоциациясы бар. Оған химия, балық шаруашылығы, металлургия, электротехника, т.б. сала мамандарына арналған басылымдар кiредi.
Журналдардың 60 пайызы айына бiр рет шы­ға­тын басылым болса, 40 пайызы апталық журналдар. Кейбiр қоғамдық-саяси, әдеби журналдар айына екi рет жарық көредi. Мәселен, «Сарай» басылымы әр айдың 1-шi, 3-шi бейсен­бiсiнде шықса, «Сапйо» әр айдың 2-шi, 4-шi сәрсенбiсiнде оқырман қолына тиедi. Жалпы, жапон журналдары тақырып ауқымы кең, жо­ғары сапалы басылымдар. Тек журналистерi ғана емес, фототiлшiлерiнiң еңбегi де ерекше бай­қала­ды. Көркем безендiрiлген, әдебиет, мәдениет мәселелерiн кеңiнен қозғайтын «Бунгэйшюншю», «Катэйгахоу», «Шюханбуншюн», «Гэйджюцушинчйоу», «Сарай» тәрiздi журналдарды классикалық басылымдар санатына жатқызуға болады.
Жапонияда ағылшын тiлiнде «Metropolis», «Tokyo journal», «Kansai Time Out» деген үш журнал және «The Japan Times», «Daily Yomiuri», «Asabi Evening News», «Mainichi Daily News» деген төрт газет бар.
Әр жапон орташа есеппен күнiне 3,5 сағатын теледидар көруге арнаса, 1 са­ғаттай газет-журнал оқиды екен. Жапония БАҚ саны жөнiнен дүниежүзiнде 1-шi орын алады. Бұл елде 1000 адамға 548 дана газеттен келедi. БАҚ дегенде ұлттық ерекшелiк ретiнде манга кiтапшаларын атауға болады. Мәтiнiмен қоса берiлетiн суреттi кiтаптарды жапондар баспасөзге жатқызады. Барлық тақырыптарды қам­титын манга Жа­по­ния­дағы баспа өнiмiнiң 30 пайызын қам­тиды. Жылына 3300 түрлi манга жарық көредi. Таралымына келсек, жылына 670 миллион манга-журнал мен 480 миллион манга-кi­тапшалар сатылады екен. Мангадан түсетiн табыс жылына 448 миллиард иендi құрайды. Жапон мульт­фильм­дерi мен видео ойындарының негiзi мангадан алынған. Киотодағы ха­лық­аралық манга мұражайына 300 мыңнан астам өнiм қойылған. Мұражайға жылына 280 мың адам келедi екен. Ал Токиода жылына екi рет өткiзiлетiн манга жәрмеңкесiне 500 мың адам қатысады. 2008 жылы Жапонияда сатылған электронды кiтап­тар­дың 75 пайызы манга кiтаптары болып шық­қан. Одан түскен табыс 35 миллиард иендi құраған.

Шарафат Жылқыбаева

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға