Жаңалықтар

Сарымсақтың пайдасы

Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төртжүзден аса пайдалы компоненттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар: Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай-ақ, ми ісігінің алдын алады. Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді. Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді. Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді. Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде. Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ, организмді тазалауға пайдаланылады. Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма, тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады. Арнайы зерттеулер АҚШ пен Швеция ғалымдары сарымсақтың молекулалық тұрғыда адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде сарымсақтың әсерімен қан тамырлардың кеңейіп, ашылатыны байқалды. «Бұл сарымсақ-пен гипертонияны (қан қысымының көтерілуін) емдеуге болатындығын білдіруде», – деп мәлімдеді Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиус. Жапон ғалымдарының мәлімдеуін-ше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетіп, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады. Тағы бір ескере кетер жайт, ға-лымдардың зерттеуінше сарымсақты жиі қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны аз кездескен. Пайдалы кеңестер: • Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек. • Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүртеді. • Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен ара-ластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн. • Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды. • Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды. • Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы. Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанмен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ешқандай зертханада зерттеу жүргізбей-ақ, уахиға сүйене отырып жеткізген. «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар», – деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – әз елшінің (с.ғ.с.) тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда. Құдайберді БАҒАШАР
20.09.2013 12:22 25997

Бүгінге дейін зерттеген ғалымдардың айтуынша, сарымсақтың құрамында төртжүзден аса пайдалы компоненттер бар. Бірқатар пайдалары мыналар:
Құрамындағы антиоксиданттардың жағымды емдік қасиеттері мол. Қан қысымын төмендетеді. Қабынуға қарсы. Перифериялық қан тамырлардың бітелуі мен ластануының, сондай-ақ, ми ісігінің алдын алады.
Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды. Ағзадағы бактерияларды өлтіреді.
Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем. Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.
Авитаминозға өте пайдалы. Оның құрамындағы селен антиоксидантты құрамымен ерекшеленеді.
Сарымсақ қанды тазалайды, ол табиғи антибиотик болып табылады. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.
Сарымсақ суық тиген ауруларға да таптырмайтын ем. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге, сондай-ақ, организмді тазалауға пайдаланылады.
Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма, тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады.
Арнайы зерттеулер
АҚШ пен Швеция ғалымдары сарымсақтың молекулалық тұрғыда адам денсаулығына қаншалықты әсер ететінін зерттеді. Нәтижесінде сарымсақтың әсерімен қан тамырлардың кеңейіп, ашылатыны байқалды. «Бұл сарымсақ-пен гипертонияны (қан қысымының көтерілуін) емдеуге болатындығын білдіруде», – деп мәлімдеді Калифорния университетінің профессоры Дэвид Джулиус.
Жапон ғалымдарының мәлімдеуін-ше, сарымсақ адам миындағы қартаю процесін бәсеңдетіп, оның жасушаларын тазартып отырады екен. Құрамында өте белсенді күкірт қосындылары болғандықтан, қанға түскен соң сарымсақ мидың ең қажетті деген бөліктеріне оң әсер етеді. Яғни сарымсақтан бөлінетін заттар есте сақтау қабілеті мен эмоцияға жауап беретін жасушаларды жақсартады.
Тағы бір ескере кетер жайт, ға-лымдардың зерттеуінше сарымсақты жиі қолданатын әйелдер арасында кеуде ісігі дертіне шалдыққандар саны аз кездескен.

Пайдалы кеңестер:
• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.
• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүртеді.
• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен ара-ластырып алып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.
• Радикулит асқынып кеткен кезде сарымсақ пен қара шаңбырды (черная редька) үккіштен өткізіп алып, бір-бірімен жақсылап араластырып, белге тартады. Тағы бір әдісі: ұсақталған сарымсақты жұқа дәкеге салып, қашан қыздырғанша, белге тартып байлап қояды. Сосын оның орнына май жағып, жүн матамен орап тастайды.
• Гипертониялық аурулар кезінде қатарынан екі күн, 2-3 түйір сарымсақты ұсақтап турап алып, түнге қарай жейді. Сосын екі апта үзіліс жасап барып, осы процедураны тағы бірнеше рет қайталайды.
• Тұмаудың алдын алу немесе ауыра қалған жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы.
Қорыта келгенде, өзі бармақтай болғанмен сарымсақтың емдік қасиеті мол. Нақты қандай ауруларға ем екендігі бүгінгі күні толық ашылды. Бұндай жайттарды ардақты пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) ешқандай зертханада зерттеу жүргізбей-ақ, уахиға сүйене отырып жеткізген. «Сарымсақты емге жаратыңыздар, онда жетпіс түрлі ем бар», – деуі әрі оның бүгінгі күні толықтай дәлелденуі – әз елшінің (с.ғ.с.) тек ақиқатты ғана айтқанын ұқтыруда.

Құдайберді БАҒАШАР

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға