Жаңалықтар

Мінсіз мінез

Адамнан – қоғам, қоғамнан – қауым құралады. Қоғамдық қатынастарды реттеп, жүйелеп отыруда көп адамда кездесе бермейтін көркем мінез үлкен рөл атқарады. Көркем мінезді бір сөзбен түсіндіру, тіпті бір мақаланың аясына сыйдыру мүмкін емес. Ислам ғұламалары жақсы мінез-құлыққа мынадай сипаттама берген: адамдармен жақсы мәміле жасау, кішілерге насихат айту, дүниелік нәрсе үшін ешкіммен жауласпау, өзінен бұрын өзгені ойлау, дін және дүниелік істерде адамдарға көмектесу, мейірімді, қарапайым болу, ешкімді ренжітпеу, т.б. Кез келген нәрсенің іргетасы болады. Исламның іргетасы да жақсы мінезге құрылған. Жақсы мұсылман болу үшін көркем мінезге бай болу керек. Тіпті тар құрсаққа сыйса да, кең дүниеге сыймай, ағайынмен ат құйрығын үзіп жатқан адамдардың арасын жақындататын күш – көркем мінез. Демек, адам баласының басын біріктіретін ортақ құндылық – жақсы мінез-құлық. Адамзаттың асылы болған, айтқан сөзі амалымен ұштасқан пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қо-лыңнан келгенше адамдарға өз мінез-құлқыңның ең жақсы жақтарын көрсет», – деп өсиет еткен. Бұл кемелдік жолын іздеген әрбір адам үшін бағдаршам іспетті. Ешкімді тілімен де, ісімен де ренжітпей, таспен атқанды аспен ата білу – көркем мінез бен парасаттылықтың белгісі. Жақсымен жақсы қарым-қатынаста болу оңай. Ал мінезі мазасыз кісінің тілін табу, онымен үздіксіз қарым-қатынас жасау кез келгеннің қолынан келе бермейтіні белгілі. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деп текке айтпаса керек. Бірде әлі мұсылман болмаған Зәйд ибн Саъна Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбар-лығын сынамақ ниетпен уәделескен мезгілі жетпесе де өте өрескел түрде қарызын қайтаруды талап етеді. Оған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлімсіреп, жылы жүзбен жауап қайтарады. Ал Омар (р.а.) оны жеки бастағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екеуіне де өнеге болатын сөз айтады: «О, Омар, біз басқа нәрсеге көбірек мұқтаж едік: сен маған қарызды дер кезінде қайтаруымды әмір етуің керек еді, ал оған – қарызын қайтаруымды өз дәрежесінде талап етуін бұйыруың керек еді» (Ибн Хиббан, Хаким, Тирмизи). Осыдан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Зәйд ибн Саънаға қарызын қайтарып қана қоймай, Омарға (р.а.) оның зәресін алғаны үшін айыппұл ретінде қарызына қосымша тағы бір нәрсе қосып беруді бұйырды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы сөздері мен мінез-құлқын көргеннен кейін Зәйд (р.а.) Исламды қабылдады, сөйтіп аса құдіретті де ұлы Алланың мейіріміне бөленіп, тозақ отынан аман қалды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ақ көңіл, ақ жарқын мінезі ашуынан үстем тұрды. Жамандықты жақсылыққа айырбастады. Өйткені, расулулланың (с.ғ.с.): «Мен жақсы мінез-құлықтарды кемеліне жеткізу үшін жіберілгенмін», – деген хадисі бар (Байхақи). Жаман әдеттерден аулақ болу, бейәдеп сөйлемеу, дүниеге қатты қызықпау, нәпсіге бой алдырмау, күншілдік пен күпірліктен ада болу – жүректі емдеу жолдарының бірегейі. Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріне еліктеу. Әр істе Алла елшісін (с.ғ.с.) үлгі тұту. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзап» сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят). Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік – оның айтқан сөзіне амал етуден басталады. Өзі жоқ болса да, сөзіне мән беріп, іс-әрекетін іске асыруға тырысып, оны өзімізге ұстаз тұтуды – ұстанымға айналдырғанымыз абзал. Үшіншіден, ұдайы дұғада болу. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», – деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Жаратқаннан жақсы мінез сұрап, көркем мінез иесі болуға тырысуымыз тиіс. Қай жағынан алсақ та, үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны көп оқитын еді: «Ей, мейірімділердің мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хақы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа риза болуды нәсіп ет!». Төртіншіден, кез келген адам туралы жақсы ойда болу. Кемшілігін көруге асықпау. «Адам танымағанын сыйламас», – демекші, кемшілігіне көз жеткізбей, айыбын ашуға асықпауымыз керек. «Білмей жатыр ғой, түсінсе бұлай істемес еді» деген оймен ол адамды жөнге салуға атсалысуымыз қажет. Бесіншіден, адамдармен қарым-қатынас кезінде жақсы мәміледе болу. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деген өсиетін ұдайы жадымыздан шағырмаған жөн. Алтыншыдан, жақсы адамдармен жиі араласу. Олардың насихатын тыңдау. Себебі, адам пендешілікке салынып, ұмытып кетуі мүмкін. Көркем мінездің артықшылығын көп еске түсіру – адамды жаманшылықтан сақтайды. Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ
20.09.2013 12:10 6007

Адамнан – қоғам, қоғамнан – қауым құралады. Қоғамдық қатынастарды реттеп, жүйелеп отыруда көп адамда кездесе бермейтін көркем мінез үлкен рөл атқарады. Көркем мінезді бір сөзбен түсіндіру, тіпті бір мақаланың аясына сыйдыру мүмкін емес. Ислам ғұламалары жақсы мінез-құлыққа мынадай сипаттама берген: адамдармен жақсы мәміле жасау, кішілерге насихат айту, дүниелік нәрсе үшін ешкіммен жауласпау, өзінен бұрын өзгені ойлау, дін және дүниелік істерде адамдарға көмектесу, мейірімді, қарапайым болу, ешкімді ренжітпеу, т.б.
Кез келген нәрсенің іргетасы болады. Исламның іргетасы да жақсы мінезге құрылған. Жақсы мұсылман болу үшін көркем мінезге бай болу керек. Тіпті тар құрсаққа сыйса да, кең дүниеге сыймай, ағайынмен ат құйрығын үзіп жатқан адамдардың арасын жақындататын күш – көркем мінез. Демек, адам баласының басын біріктіретін ортақ құндылық – жақсы мінез-құлық. Адамзаттың асылы болған, айтқан сөзі амалымен ұштасқан пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.): «Қо-лыңнан келгенше адамдарға өз мінез-құлқыңның ең жақсы жақтарын көрсет», – деп өсиет еткен. Бұл кемелдік жолын іздеген әрбір адам үшін бағдаршам іспетті. Ешкімді тілімен де, ісімен де ренжітпей, таспен атқанды аспен ата білу – көркем мінез бен парасаттылықтың белгісі. Жақсымен жақсы қарым-қатынаста болу оңай. Ал мінезі мазасыз кісінің тілін табу, онымен үздіксіз қарым-қатынас жасау кез келгеннің қолынан келе бермейтіні белгілі. Жазушы Мұхтар Әуезов: «Жақсылыққа жақсылық – әр кісінің ісі. Жамандыққа жақсылық – ер кісінің ісі», – деп текке айтпаса керек.
Бірде әлі мұсылман болмаған Зәйд ибн Саъна Алла елшісінің (с.ғ.с.) пайғамбар-лығын сынамақ ниетпен уәделескен мезгілі жетпесе де өте өрескел түрде қарызын қайтаруды талап етеді. Оған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) күлімсіреп, жылы жүзбен жауап қайтарады. Ал Омар (р.а.) оны жеки бастағанда, пайғамбарымыз (с.ғ.с.) екеуіне де өнеге болатын сөз айтады: «О, Омар, біз басқа нәрсеге көбірек мұқтаж едік: сен маған қарызды дер кезінде қайтаруымды әмір етуің керек еді, ал оған – қарызын қайтаруымды өз дәрежесінде талап етуін бұйыруың керек еді» (Ибн Хиббан, Хаким, Тирмизи).
Осыдан кейін пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Зәйд ибн Саънаға қарызын қайтарып қана қоймай, Омарға (р.а.) оның зәресін алғаны үшін айыппұл ретінде қарызына қосымша тағы бір нәрсе қосып беруді бұйырды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) осы сөздері мен мінез-құлқын көргеннен кейін Зәйд (р.а.) Исламды қабылдады, сөйтіп аса құдіретті де ұлы Алланың мейіріміне бөленіп, тозақ отынан аман қалды. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ақ көңіл, ақ жарқын мінезі ашуынан үстем тұрды. Жамандықты жақсылыққа айырбастады. Өйткені, расулулланың (с.ғ.с.): «Мен жақсы мінез-құлықтарды кемеліне жеткізу үшін жіберілгенмін», – деген хадисі бар (Байхақи).
Жаман әдеттерден аулақ болу, бейәдеп сөйлемеу, дүниеге қатты қызықпау, нәпсіге бой алдырмау, күншілдік пен күпірліктен ада болу – жүректі емдеу жолдарының бірегейі.
Екіншіден, пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) адамгершілік қасиеттеріне еліктеу. Әр істе Алла елшісін (с.ғ.с.) үлгі тұту. Құранда Алла Тағала былай дейді: «Сендер үшін Алланың елшісінде көркем өнегелер бар» («Ахзап» сүресі, 21-аят). Тағы бір аятта: «Шын мәнінде сен әлбетте ұлы мінезге иесің» («Қалам» сүресі, 4-аят).
Пайғамбарымыз Мұхаммедке (с.ғ.с.) деген сүйіспеншілік – оның айтқан сөзіне амал етуден басталады. Өзі жоқ болса да, сөзіне мән беріп, іс-әрекетін іске асыруға тырысып, оны өзімізге ұстаз тұтуды – ұстанымға айналдырғанымыз абзал.
Үшіншіден, ұдайы дұғада болу. «Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады», – деген халық даналығы босқа айтылмаса керек. Жаратқаннан жақсы мінез сұрап, көркем мінез иесі болуға тырысуымыз тиіс. Қай жағынан алсақ та, үмбетіне үлгі болған пайғамбарымыз (с.ғ.с.) мына дұғаны көп оқитын еді: «Ей, мейірімділердің мейірімдісі Аллаһым, мейіріміңнің хақы үшін денсаулық, амандық, аманатқа мұқият болуды, көркем мінезді болуды және тағдырыңа риза болуды нәсіп ет!».
Төртіншіден, кез келген адам туралы жақсы ойда болу. Кемшілігін көруге асықпау. «Адам танымағанын сыйламас», – демекші, кемшілігіне көз жеткізбей, айыбын ашуға асықпауымыз керек. «Білмей жатыр ғой, түсінсе бұлай істемес еді» деген оймен ол адамды жөнге салуға атсалысуымыз қажет.
Бесіншіден, адамдармен қарым-қатынас кезінде жақсы мәміледе болу. Алла елшісінің (с.ғ.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, жаман істен кейін оны жоятын жақсы іс істе және адамдармен қатынас жасағанда жақсы мінез-құлық таныт», – деген өсиетін ұдайы жадымыздан шағырмаған жөн.
Алтыншыдан, жақсы адамдармен жиі араласу. Олардың насихатын тыңдау. Себебі, адам пендешілікке салынып, ұмытып кетуі мүмкін. Көркем мінездің артықшылығын көп еске түсіру – адамды жаманшылықтан сақтайды.

Асан ТІЛЕУБЕРДИЕВ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға