Жаңалықтар

Ғарыш саласының мамандықтары сұранысқа ие

Қазақстандық ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне орай балама энергетика көздерін табу мәселелері өзекті болып отыр. Әсіресе, Қазақстанның болашақта Байқоңырды бірлесіп игеру жоспарларына байланысты ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз,-деп жауап жазады Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев өз блогына келіп түскен хаттардың біріне.   Ғарышкердің блогына хат жолдаған Елнұр есімді азамат өзінің электрэнергетика мамандығын бітіргендігін және Қазақстанда кейінгі кезде ашылған ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы бойынша магистратураға түскісі келетінін жазып, осы екі мамандық арқылы ғарыш саласында жұмыс істеуге қауқары бар-жоғын сұрайды. Талғат Амангелдіұлы Елнұрдың сауалына төмендегідей жауаптар жазған: «Сіздің мамандығыңыз тек ғарыш саласына ғана емес, одан басқа да салаларда сұранысқа ие. Қазақстандық ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне орай балама энергетика көздерін табу мәселелері өзекті болып отыр. Сіздің ғарыш технологиялары және техникасы мамандығын таңдап, оған қызығушылық танытып отырғаныңызға біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашақта Байқоңырды бірлесіп игеру жоспарларына байланысты ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз. Алайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыш саласын дамытудағы басты бағыттарды айқындап, жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылайтын мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан да сіз ғарыш саласындағы аталған мамандықты игерген болсаңыз, Қазғарыш қарамағындағы ұйымдарда бос лауазым болған жағдайда жұмысқа орналасу үшін қойылатын талаптарға байланысты конкурстарға қатысу мүмкіндігіңіз бар. Қазғарыштағы және оның қарамағындағы ұйымдардағы бос лауазымдар жайында хабарландырулар "Егемен Қазақстан және "Казахстанская правда газеттерінде, kyzmet.kz сайтында және аталған ұйымдардың сайттарында міндетті түрде жарияланып отырады». BAQ.KZ
20.09.2013 06:31 6437

Қазақстандық ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне орай балама энергетика көздерін табу мәселелері өзекті болып отыр. Әсіресе, Қазақстанның болашақта Байқоңырды бірлесіп игеру жоспарларына байланысты ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз,-деп жауап жазады Ұлттық ғарыш агенттігінің төрағасы Талғат Мұсабаев өз блогына келіп түскен хаттардың біріне.  

Ғарышкердің блогына хат жолдаған Елнұр есімді азамат өзінің электрэнергетика мамандығын бітіргендігін және Қазақстанда кейінгі кезде ашылған ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы бойынша магистратураға түскісі келетінін жазып, осы екі мамандық арқылы ғарыш саласында жұмыс істеуге қауқары бар-жоғын сұрайды.
Талғат Амангелдіұлы Елнұрдың сауалына төмендегідей жауаптар жазған:
«Сіздің мамандығыңыз тек ғарыш саласына ғана емес, одан басқа да салаларда сұранысқа ие. Қазақстандық ЭКСПО-2017 көрмесінің өткізілуіне орай балама энергетика көздерін табу мәселелері өзекті болып отыр. Сіздің ғарыш технологиялары және техникасы мамандығын таңдап, оған қызығушылық танытып отырғаныңызға біз қуаныштымыз. Қазақстанның болашақта Байқоңырды бірлесіп игеру жоспарларына байланысты ғарыш технологиялары және техникасы мамандығы жоғары сұранысқа ие болары сөзсіз.
Алайда, Қазақстан Республикасының Ұлттық ғарыш агенттігі ғарыш саласын дамытудағы басты бағыттарды айқындап, жоспарлардың жүзеге асырылуын бақылайтын мемлекеттік орган болып табылады. Сондықтан да сіз ғарыш саласындағы аталған мамандықты игерген болсаңыз, Қазғарыш қарамағындағы ұйымдарда бос лауазым болған жағдайда жұмысқа орналасу үшін қойылатын талаптарға байланысты конкурстарға қатысу мүмкіндігіңіз бар. Қазғарыштағы және оның қарамағындағы ұйымдардағы бос лауазымдар жайында хабарландырулар "Егемен Қазақстан және "Казахстанская правда газеттерінде, kyzmet.kz сайтында және аталған ұйымдардың сайттарында міндетті түрде жарияланып отырады».

BAQ.KZ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға