Жаңалықтар

Әлімхан Ермекұлының өмірі

Әлімхан Ермекұлы. 1891 жылы Темірші болысында дүниеге келген ол 1905 жылы Қарқаралыдағы училищені бітіріп, Семейдегі гимназияға түскен екен. Сол жасөспірім шағында-ақ губернатор Тройцкий оны саяси сенімсіздер қатарына тіркеп, степендиясынан айырған.Бозбаланың бар кінәсі дін сабағын жүргізетін попты «әулие әке» демегені екен. Иә, оның дегісі келмейді. Оның қазақи тәрбиесі де, көңіліне қонған исламның нұры да маскүнем попты «әке» дегізбеді. 1912 жылы гимназияны алтын медальмен бітірген Ә.Ермекұлы Томдағы технологиялық институтқа түсіп, бесінші курсқа жеткенде төңкерістің дабылы жетіп, талай-талай комитетке мүше, Алаш орданың да белгілі тұлғасы болып, өмір толқынында өз ұстанымы бар азамат қазақтың жоғын жоқтап шықты. 1919 жылы Колчактың Сібір үкіметі құлағаннан кейін Семейде де төңкеріс болып, Ә.Ермекұлы губерниялық-революциялық комитетке мүшелікке сайланса, 1920 жылы талантты жас Қазақстан әскери-революциялық комитеттің құрамына енеді. Осы әскери-революциялық  комитеттің атынан Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінде Қазақ­с­тан­ның уәкілі міндетін де атқарады. 1920 жылы 18 мамырда № 2043 мандатпен болашақ Қазақ автономиялық республикасының шекарасын белгілеу туралы баяндамашы ретінде Москваға барады. Ал Орталық комитеттің Саяси бюросы құрған комиссияны В.И. Лениннің өзі басқарған. Ұлы төңкерістің алдында қазақ халқы бар шұрайлы жерінен айырылып қалды. Қазаққа шөп шықпайтын Бетбақтың шөлі, егістік шықпайтын сор­таң, таудың тастақтары ғана бұйырған ауыр хал онан әрі ауырлап, қатерлі шақты басынан кешіріп жатты. Ішкі Ресейден қазақ жеріне  жаппай мұжықтарды көшіру өрістей түсті. Ресей Думасының шовинист депутаттары: «Қазақтар Шыңғыс ханның ұрпақтары, оларды қыру керек», – деп ашық айқайлады.  Еділді алды, елді алды, Енді алмаған нең қалды. Қораны санап малды алды, Қазаққа қамқор ханды алды. Кетейін десең жерің тар, Кетпейін десең кәпір бар. (Шортанбай жырау) Бала-шағасын емін-еркін өсіруге тоқымдай жер қалмай, тентіреуге ай­нал­ған осы тұстағы қазақтың халін ақын тағы былай  ашына суреттеген: Жандарал болды ұлығың, Майыр болды сиынғаның, Кәпірді көрдің піріңдей, Дуанды көрдің үйіңдей, Абақты тұр қасыңда, Қа­зылған қара көріңдей                                                                       (Шо­р­­­­танбай жырау) «Кетейін десе» барар жері жоқ, «кетпейін десе» мұжықтың зорлық-зомбылығына шыдар халі жоқ кезең.Міне осы тұста Алаш азаматтары бас көтерген. Алла жер үшін күрестің ендігі байрағын көтеруді Әлімхан Ермекұлының пешенесіне жазыпты.  Кәмел Жүністегі
20.09.2013 05:15 4308

Әлімхан Ермекұлы. 1891 жылы Темірші болысында дүниеге келген ол 1905 жылы Қарқаралыдағы училищені бітіріп, Семейдегі гимназияға түскен екен. Сол жасөспірім шағында-ақ губернатор Тройцкий оны саяси сенімсіздер қатарына тіркеп, степендиясынан айырған.Бозбаланың бар кінәсі дін сабағын жүргізетін попты «әулие әке» демегені екен. Иә, оның дегісі келмейді. Оның қазақи тәрбиесі де, көңіліне қонған исламның нұры да маскүнем попты «әке» дегізбеді.

1912 жылы гимназияны алтын медальмен бітірген Ә.Ермекұлы Томдағы технологиялық институтқа түсіп, бесінші курсқа жеткенде төңкерістің дабылы жетіп, талай-талай комитетке мүше, Алаш орданың да белгілі тұлғасы болып, өмір толқынында өз ұстанымы бар азамат қазақтың жоғын жоқтап шықты.

1919 жылы Колчактың Сібір үкіметі құлағаннан кейін Семейде де төңкеріс болып, Ә.Ермекұлы губерниялық-революциялық комитетке мүшелікке сайланса, 1920 жылы талантты жас Қазақстан әскери-революциялық комитеттің құрамына енеді. Осы әскери-революциялық  комитеттің атынан Бүкілроссиялық Орталық Атқару Комитетінде Қазақ­с­тан­ның уәкілі міндетін де атқарады. 1920 жылы 18 мамырда № 2043 мандатпен болашақ Қазақ автономиялық республикасының шекарасын белгілеу туралы баяндамашы ретінде Москваға барады. Ал Орталық комитеттің Саяси бюросы құрған комиссияны В.И. Лениннің өзі басқарған.

Ұлы төңкерістің алдында қазақ халқы бар шұрайлы жерінен айырылып қалды. Қазаққа шөп шықпайтын Бетбақтың шөлі, егістік шықпайтын сор­таң, таудың тастақтары ғана бұйырған ауыр хал онан әрі ауырлап, қатерлі шақты басынан кешіріп жатты. Ішкі Ресейден қазақ жеріне  жаппай мұжықтарды көшіру өрістей түсті. Ресей Думасының шовинист депутаттары: «Қазақтар Шыңғыс ханның ұрпақтары, оларды қыру керек», – деп ашық айқайлады. 

Еділді алды, елді алды,

Енді алмаған нең қалды.

Қораны санап малды алды,

Қазаққа қамқор ханды алды.

Кетейін десең жерің тар,

Кетпейін десең кәпір бар.

(Шортанбай жырау)

Бала-шағасын емін-еркін өсіруге тоқымдай жер қалмай, тентіреуге ай­нал­ған осы тұстағы қазақтың халін ақын тағы былай  ашына суреттеген:

Жандарал болды ұлығың,

Майыр болды сиынғаның,

Кәпірді көрдің піріңдей,

Дуанды көрдің үйіңдей,

Абақты тұр қасыңда,

Қа­зылған қара көріңдей                                                                      

(Шо­р­­­­танбай жырау)

«Кетейін десе» барар жері жоқ, «кетпейін десе» мұжықтың зорлық-зомбылығына шыдар халі жоқ кезең.Міне осы тұста Алаш азаматтары бас көтерген. Алла жер үшін күрестің ендігі байрағын көтеруді Әлімхан Ермекұлының пешенесіне жазыпты. 

Кәмел Жүністегі

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға