Жаңалықтар

“Қазақтың түп атасы“

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, философы, тарихшы, композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шықты. Сонда “Қазақтың түп атасы“ деген тақырыпта өлең шумақтарын арнаған.. Айтайын енді Оспанды түрік жайын. Түріктің Сақа деген бір табы еді ол, Тауына Гималайдың барыпты ол. Сақадан қаңлы деген тап бөлініп, Баруға Үрім жеріне тартыпты жол. Солардың кеткеніне 700 жыл, Айтылды біраз одан, оны да біл. Кез болып кезіп жүріп зор бақытқа, Қандай бақ берді тәңірі, соны есеп қыл. Қаңлының ханы болған Қия деген, Жер алып, ерлікпенен ел билеген. Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен, Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген. Евфраттың дариясына келіп жеткен, Су тасып, нөсер құйып асқан шектен. Алды-артқа қаза келсе қарата ма, Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен. Талапты тағдыр оған бала берген, Қайраты, ақылы артық дана берген. Ер Тұғырыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы, Сол жерде 400 үймен қала берген. Көшсе де өңкей қаңлы, көшпей қалған, Ерлікпен маңындағы елді алған. Бірталай аз уақыт әскер жиып, Ер Тұғырыл есті батыр деп аталған. Хан емес, көп әскердің басы болған, Қартайып сүйтіп жүріп жасы толған. Орнына Оспан деген ұлы отырып, Ер Тұғырыл 90 жаста опат болған. Осы Оспан көп ел алып хан болыпты, Ақылды, аса айлалы жан болыпты. Келгенше осы кезге сол ат өшпей. «Оспанды түрік» деген даң болыпты. Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар, Өз бауырың ол түрік те, осыны аңғар. Осман империясының соңғы хали­фінің немересі Фатма Назлишах Османоглу Сұлтан 2 сәуір 2012 жылы жүрек ауруынан 92 жасында дүниеден озды.Ол 1921 жылы 4 ақпанда Стамбұлда туылған. Империясы құлағанға дейін туған Осман ұрпағының соңғы өкілі болатын. Ф.Сұлтан ханшайым 1922 жылы 16 қарашада тақтан бас тартып, Италияға қашып кеткен Осман империясының соңғы халифі Мехмед VI Уахидеддиннің немересі болып келеді. Балалық шағы Францияның Ницце қаласында өтті. Түркия үкіметі 1952 жылы Осман сұлтан әулеттерін Отанына қайтуға рұқсат етті. Фатма 1957 жылы жұбайымен екеуі Стамбұлға келді. Назлишах Сұлтанның ұлы, қызы, немересі қалды Ф.Сұлтан Осман империясы тағына мұрагерлік етуге мүмкіндігі болған осы әулеттің ең соңғы өкілі десе де болады, себебі оның ұлына Египет ханзадасы деген атақ берілген еді. XX ғасыр басында Османлы импе­риясының әміршісі Сұлтан II Абдулхамит еді. Бұл патшаның мемлекет билігіне қарсы «жас түріктер» қозғалысы күшейе түсті. 1908 жылы жас түріктер партиясы еркіндік жариялады және көп ұзамай II Абдулхамит патша тақтан түсті. Билік басына «Иттихат ва таракки» партиясы келіп, Әнуар паша үкімет тізгінін ұстады. Османлы империясы Германия үкіметімен одақтас болып, I дүниежүзілік соғысқа қатысты. Одақтасы жеңіліп қалғаннан кейін, Османлы мемлекетінің жерін алпауыт елдер бөліске салды. Түркия түріктері Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің бастауымен ұлт-азаттық (1918–1923 ж.) күреске шықты. Жау­ды жеңіп, елді дұшпаннан тазартқан Ататүрік 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасын құрып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Осман империясы 1299 жылы дүиеге келсе, тарих сахнасынан осылай кетті. Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ
20.09.2013 05:01 9271

Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, философы, тарихшы, композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шықты. Сонда “Қазақтың түп атасы“ деген тақырыпта өлең шумақтарын арнаған..

Айтайын енді Оспанды түрік жайын.

Түріктің Сақа деген бір табы еді ол,

Тауына Гималайдың барыпты ол.

Сақадан қаңлы деген тап бөлініп,

Баруға Үрім жеріне тартыпты жол.

Солардың кеткеніне 700 жыл,

Айтылды біраз одан, оны да біл.

Кез болып кезіп жүріп зор бақытқа,

Қандай бақ берді тәңірі, соны есеп қыл.

Қаңлының ханы болған Қия деген,

Жер алып, ерлікпенен ел билеген.

Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен,

Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген.

Евфраттың дариясына келіп жеткен,

Су тасып, нөсер құйып асқан шектен.

Алды-артқа қаза келсе қарата ма,

Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен.

Талапты тағдыр оған бала берген,

Қайраты, ақылы артық дана берген.

Ер Тұғырыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы,

Сол жерде 400 үймен қала берген.

Көшсе де өңкей қаңлы, көшпей қалған,

Ерлікпен маңындағы елді алған.

Бірталай аз уақыт әскер жиып,

Ер Тұғырыл есті батыр деп аталған.

Хан емес, көп әскердің басы болған,

Қартайып сүйтіп жүріп жасы толған.

Орнына Оспан деген ұлы отырып,

Ер Тұғырыл 90 жаста опат болған.

Осы Оспан көп ел алып хан болыпты,

Ақылды, аса айлалы жан болыпты.

Келгенше осы кезге сол ат өшпей.

«Оспанды түрік» деген даң болыпты.

Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар,

Өз бауырың ол түрік те, осыны аңғар.

Осман империясының соңғы хали­фінің немересі Фатма Назлишах Османоглу Сұлтан 2 сәуір 2012 жылы жүрек ауруынан 92 жасында дүниеден озды.Ол 1921 жылы 4 ақпанда Стамбұлда туылған. Империясы құлағанға дейін туған Осман ұрпағының соңғы өкілі болатын.

Ф.Сұлтан ханшайым 1922 жылы 16 қарашада тақтан бас тартып, Италияға қашып кеткен Осман империясының соңғы халифі Мехмед VI Уахидеддиннің немересі болып келеді. Балалық шағы Францияның Ницце қаласында өтті. Түркия үкіметі 1952 жылы Осман сұлтан әулеттерін Отанына қайтуға рұқсат етті. Фатма 1957 жылы жұбайымен екеуі Стамбұлға келді. Назлишах Сұлтанның ұлы, қызы, немересі қалды

Ф.Сұлтан Осман империясы тағына мұрагерлік етуге мүмкіндігі болған осы әулеттің ең соңғы өкілі десе де болады, себебі оның ұлына Египет ханзадасы деген атақ берілген еді.

XX ғасыр басында Османлы импе­риясының әміршісі Сұлтан II Абдулхамит еді. Бұл патшаның мемлекет билігіне қарсы «жас түріктер» қозғалысы күшейе түсті. 1908 жылы жас түріктер партиясы еркіндік жариялады және көп ұзамай II Абдулхамит патша тақтан түсті. Билік басына «Иттихат ва таракки» партиясы келіп, Әнуар паша үкімет тізгінін ұстады. Османлы империясы Германия үкіметімен одақтас болып, I дүниежүзілік соғысқа қатысты. Одақтасы жеңіліп қалғаннан кейін, Османлы мемлекетінің жерін алпауыт елдер бөліске салды. Түркия түріктері Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің бастауымен ұлт-азаттық (1918–1923 ж.) күреске шықты. Жау­ды жеңіп, елді дұшпаннан тазартқан Ататүрік 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасын құрып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Осман империясы 1299 жылы дүиеге келсе, тарих сахнасынан осылай кетті.

Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға