Түрік тарихындағы қаңлылар
Біраз уақыттан кейін, соғыс аяқталған соң Қайының баласы Сүлеймен елін алып қайтады. Жолда Евфрат дариясынан өту барысында, өзі суға кетіп мерт болады. Аман қалған төрт жүздей үйді Сүлейменнің баласы Тұғырыл Арыз маңына алып келіп, сол маңда тоқтайды.
Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғырыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрған. Салжұк әскерінің жартысы қаңлыдан құралған болатын. Бұл жер бейліктерге бөлініп кеткен бұрынғы Салжук мемлекетінің жері болатын. (Бейлік – «бей», яғни билеуші деген сөзден шыққан). Осы бейліктердің бірі – Кония сұлтандығының жері-тін.
Селжүктердің түбі Оғыз қағандығына барып тіреледі. Туыстас тайпалар болғандықтан осы жерді Сүлейменнің баласы Тұғырылға бөліп береді... Кейін, шапқыншылық қарқыны саябырсыған кезде қаңлылардың бір бөлігі өзінің тарихи отанына қайтады. Қалған қаңлыларға басшы болып Тұғырыл қалады. Түркияның географиялық қартасында, қазіргі кезде бұл жерлерді Аққойлы, Қарақойлы деп атайды. Біздің Қазақстан аумағындағы Сарыарқа жері деген сияқты. Аққойлы мен Қарақойлы қазақ шежіресінде Ысты руына жатады. Ал, Ысты қаңлыға жатады. (Ұлы жүздің Шапырашты, Ысты, Сіргелі және Ошақты бұл төртеуі Қаңлыдан шыққан. Албан, Қоңырат, Адай шежіресі 52, 36 және 50-беттерді қараңыз. (Авторы Халидуллин О.Х. 2006, «ТОО,ТРАНСИНТЕР»)
Тұғырыл жергілікті тайпалардың бірінің билеушісі Ғалалиддин деген мен Шыңғысханның баласы Шағатайдың әскері соғысып жатқанын көріп, Ғалалиддинге болысып көп қайрат көрсетеді. Оның себебі де бар еді.Шыңғысхан 1219 жылы қаңлының ханы Қайырханды жауыздықпен өлтіріп, астанасы Отырарды басып алған болатын. Бұл соның кегін қайтару болды. Тұғырыл әкесінен де мықты жауынгер болып өскен екен. Ол Қараша Хасар деген жерлерді басып алады. Бұған Ғалалиддин разы болып, Аскуд, Қараша тау, Тұманшы деген жерлерді береді. Ертоғырыл қайтыс болғаннан соң, 10 жылдан кейін 1282 жылы Ғалалиддин баласы Османды өз алдына бөлек бек қойды. Мұнан он бір жылдан соң Тәбриздегі Шыңғыс нәсілінен хан болып тұрған Ғазан хан Рум жұртын шауып, кішкене хандықтарға бөліп жіберген кезде Осман да өз алдына 1300 жылы бір хан болып қалады. Сол себептен қазіргі қаңлы-түріктер Османлы жұрты атанып, Осман сұлтанды бірінші сұлтан деп санайды: 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған қаңлылардың басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326 өмір сүрген) қалаған еді.
Олар құрған империяның бастауында тұрған 1-ші Осман сұлтанның ұрпақтары бұл мемлекетті 600 жылдан астам уақыт басқарған.
1877-1878 ж. Орыс – түрік соғысында жеңіліп, бұған «Жас османлылар» кінәлі санап, конституцияны таратып жіберіп, дара билік жүргізді. Бұл кезең тарихта зюлим (езу, қанау, зұлымдық) деп аталды.
1908 жылы «Жас түріктер» қозғалысынан сескенген сұлтан конституцияны қалпына келтірді.
Ең соңғы ұрпағы. ІІ Абдул Хамид сұлтанды 1909 жылы тақтан тайдырып, оның орнына V Мехмед сайланды. «Жас түріктер» елдегі дағдарысты тоқтата алған жоқ.
Соңғы Осман сұлтаны Мехмед VІ Уахидеддин (1918 – 22) сұлтандық жойылғаннан кейін (1922 жылғы 1 қараша) Түркиядан қашып кетті.
Бұл империяны алты ғасыр бойы билеген османлы-қаңлылардың тізімі төмендегше:
1.Осман (1288–1326); 2. Орхан I (1326–59); 3.Мурад (1359–1389); 4. Баязет (1389–1402); 5.Сулейман (1402–1410); 6.Мехмед I(1411–1421); 7. Мурада II (1421–1451); 8. Мехмедом II (1451–81); 9. Баязет II (1481–1512); 10. Селиме I (1512–20); 11.Сулейман I (1520–66), 12. Селим II (1566–74): 13. Селима Мурад III (1574–95): 14. Мехмед III (1595–1603): 15. Ахмеде I (1603–17): 16. Мустафа I (1617–1618): 17. Осман II (1618–1622): 18. Мурад IV (1623–1640): 19. Ибрагиме (1640–1648): 20. Мехмеда IV (1648–1687): 21. Сулеймана II (1687–91): 22. Ахмеде II (1691–95): 23. Мустафе II (1695–1703): 24. Ахмед III (1703–1730): 25. Махмуде I (1730–54): 26. Осман III (1754–57):, 27. Мустафа III (1757–74): 28. Абдул-Хамиде I (1774–1789):: 29. Селиме III (1789–1807): 30. Мустафа IV (1807–08). 31. Махмуд II (1808–1839): 32. Мухаммед Али,(1831–1833 и 1839): 33.Абдул-Меджида (1839–1861): 34. Абдул-Азиз (1861–76): 35. Абдул-Хамид II (1876–1909): 36. Мехмед V(1909–1918): 37. Мехмед VI (1918–1922)
Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ