Жаңалықтар

Бабажан қырғыны туралы түсініктемелер

1. Жанғазы. Қолдағы мағлұматқа сүйенер болсақ, Жанғазының тегі былай: Өзбектен Әз Жәнібек, Әз Жәнібектен Тойқожа, Тойқожадан Барақ, Барақтан Жәнібек, Жәнібектен Қасым, Қасымнан Қайып (Ғайып), Қайыптан Әбілғазы, Әлімдерге де ықпалы жүрген – Әбілғазыдан Жанғазы. Кем тұтынғандары болар, халық Жанғазыны Мәненбей деп атандырған.  Жанғазының арғы аталары туралы өзге де нұсқалар бар.  2. Раманқұл. Алты кішкененің бірі Құттықтан Кенжеғұл, Кенжеғұлдан Таттыбай, Таттыбайдан Қосбармақ, Қосбармақтан Сырлыбай мен Раманқұл. Тойымбет Күлімбетовтің баяндауында, Раман­құл енді ықпалы арта бастаған орыстарға сүйеніп, билік алу мақсатында Орынборға алпыс серікпен аттанады. Ішінде домақ Көсебай баласы Өсербай мен атқосшы Шалабай бар. Сол кез Қыр шектісі мен Сыр шектілерінің араларында барымта өріс алып, кісі өліміне ұласып ушығып тұрған. Өлгендердің ішінде Қарағұлдың немере інісі де бар. Қайтарда Қарағұлдың кісілері Раманқұлдың жолын тосып, біраз жолдастарымен қоса өлтіреді. Қарағұлдың бұл ісіне Есет пен Әзберген наразы.  Аралдық Ізжан Жалғасовтың көрсетуінше де,­ Раманқұлды өлтіретін Әзберген, Қара­құл­дар. Қайтар жолда Үйтас деген өт­кел­де күтіп алған деп нақтылайды бұл кісі.  3. Ақтан. Елінің азаттығы үшін дәр­­­­мені жеткенше аттан түспей өткен санаулы батырлардың бірі Ақтан Ақайұлы (1770-1854 (?)) қаракесек тайпасынан. Хиуа, Қоқанға жасалған талай жорықтарда Жанқожаның ең сенімді серіктерінің бірі. Кенесары Қасымовтың басшылығымен үш жүз бірігіп, Қоқан бекінісі Созақты аларда Ақтанның да белсене қатысқандығын бірнеше деректер айғақтайды.  Батыр жайлы кейін жазылған бірнеше дастан, арнау өлеңдер бар. Ертеректегі ақын, жыраулардың өлең, жырларының қай-қайсысында да халық қамқоршысы, қарадан шыққан батыр және үнемі Жанқожаның адал серігі ретінде аталып келеді.  Бүгінге дейін өзім қараған мұрағат құжат­тарында аталған шағымнан өзге жерде орысқа қатысты оқиғаларда Ақтан бабамыздың есімі кездескен емес. Оның екі себебі болуға тиісті. Ақтан батыр көтерілістен бұрын, 1854 жылы дүниеден озған. Екінші себеп – кейінірек қайтқан дегеннің өзінде қарт батырдың сол кездегі мекені оқиға ошағы Сыр бойы емес, Мұғаджар аймағы.  4. Майқарабек – Бабажанның жа­нын­дағы ұлы. 1842 жылы он үш жаста. Ауызша деректерде бала Кенесарының алдына да апарылған. Жанқожа баланы жазаламай, қасына жолбасшы қосып, еліне қайтарады.  Бір деректе кейін Бекбауыл елшілік сапармен Хиуадан қайтып келе жатқанда серіктерімен осы Майқарабектің үйінде уланып, жолда қайтыс болады.  5. Төремұрат – Кішкененің Құрма­най­ының Бабағы. Талай жорықтарда жа­нында болған Жанқожаның жы­рауы. Ыбырайым деген жырау баласы да Жанқожа туралы жырлап жү­реді екен. Одан Ерқосай деген неме­ресі болған. Кенесарының жырауы Досқо­жа­мен айтысының үзіндісі арқылы бізге бі­раз мағлұмат жетіп отыр.  Қарасақал Ерімбет Шораяқтың Омары­мен айтысқанда Төремұраттың жыраулығын жоғары бағалайды.  Мұралары жиналмай ұмытылып, жоға­лып кеткен қазақтың санаулы жүй­рік ақындарының бірі.  1830 жылдың күзінде Созақты қоршап жатқан үш жүздің әскерін:  Екі жүзді семсердің Балдағы қолда қалғанша, Ат басындай сом жүрек От болып қаулап жанғанша. Мөлдіреген екі көз Жұмылып қанға толғанша, Тыным алып, ас ішпей, Ат бауырынан қан кешпей, Ел бетін көрмес күн бүгін! Созақты алсақ осыдан, Қоқанның туын құлатып, Сүйікті туған ерлерге, Табылмас бұндай ғазаттық. Қазақ үшін қан төккен, Өздеріңдей ерлерге... – деп жігерлендіріп, шабуылға көтеретін осы Төремұрат. («Қазақ тарихи жырларының мәселелері». Алматы. 1979 ж. 248-бет). 6. Сойдаққожа (Сайдаққожа) Оспанов (орыс жазбаларында Ходжа-Мухаммедали Усманов) Кенесары Қасымовтың жасауылында жүрген, ханға өте берілген, Самарқан мен Бұқарада білім алған білімді өзбек. Кенесары Фатиманы (Батма) жазықсыз жазалап, қайтаратында төркініне әкеліп салатын осы Сойдаққожа. Ханның жазба шаруаларын тындырып, елшілікке де жүрген, көтерілісшілер құрамына жасақ та тартқан.  Кенесарының жанында жүруінің басты себебі – Сойдаққожаның туған апасы Гүлшара Кенесарының әкесі Қасымның бәйбішесі. Кенесары қырғызда опат болған соң бір тайпа елмен Ташкентке кеткен. Кейін «Қазақ тайпаларының тарихы», «Қазақ хандарының тарихы» еңбектер мен «Кенесары батыр» атты дастан да жазған.  7. Жаныс Сығаев – төртқараның құрамасы, оның қожетінің биі. Елуінші жылдары елу екі жаста, орта бойлы, мығым, қарақоңыр, қара шашты кісі. Екі әйелі бар. Ор өзенінің Құман сағасын жайлап, Ырғыз өзенінің жағалауындағы Бесмұқа моласының маңына қыстаған.  8. Фатима (ауызекі Батба деп де айтыла береді. – М.Қ.) Ақмырзаның қызы, Жанқожаның қарындасы. Ақмырза Бабажанның қолынан мерт болған соң батыр жеңгесін өзіне некелейді. 1841 жылы үш жүздің сарбаздары Созақты алуға бас қосқанда, мезгіл күз, айт кезі болса керек, Кенесары Жанқожаның жарапазаншысына – ат, ал Жанқожа Кенесарының жарапазаншысына түйе берген. Ордада Созақтың алыну құрметіне болған басқосудан тарасып бара жатқанда серіктерінің бірі: «Батыр, Абылайдың шаңырағына құр қол келіп, кетіп бара жатырмыз. Бұл қалай болды?» – дейді. Сонда кедей батыр: «Ойбай-ау, ол да бар екен ғой», – деп, ордаға қайта келіп: «Абылайдың шаңырағына Фатима деген қызымды байладым», – дейді. «Байлау» міндетті түрде әйелдікке алу емес, Фатиманы хан әйелдікке алады. Алайда азулары алты қарыс төренің әйелдері қарадан келген басы артық күндеске күн берсін бе, ұйымдастырып жүріп ханға қаралайды. Хан ашу үстінде мәселенің ақ, қарасын ашпай, Фатиманы төр­кініне қайтарып жіберген.  Молдахмет Қаназ
20.09.2013 04:53 4440

1. Жанғазы. Қолдағы мағлұматқа сүйенер болсақ, Жанғазының тегі былай: Өзбектен Әз Жәнібек, Әз Жәнібектен Тойқожа, Тойқожадан Барақ, Барақтан Жәнібек, Жәнібектен Қасым, Қасымнан Қайып (Ғайып), Қайыптан Әбілғазы, Әлімдерге де ықпалы жүрген – Әбілғазыдан Жанғазы. Кем тұтынғандары болар, халық Жанғазыны Мәненбей деп атандырған. 

Жанғазының арғы аталары туралы өзге де нұсқалар бар. 

2. Раманқұл. Алты кішкененің бірі Құттықтан Кенжеғұл, Кенжеғұлдан Таттыбай, Таттыбайдан Қосбармақ, Қосбармақтан Сырлыбай мен Раманқұл.

Тойымбет Күлімбетовтің баяндауында, Раман­құл енді ықпалы арта бастаған орыстарға сүйеніп, билік алу мақсатында Орынборға алпыс серікпен аттанады. Ішінде домақ Көсебай баласы Өсербай мен атқосшы Шалабай бар. Сол кез Қыр шектісі мен Сыр шектілерінің араларында барымта өріс алып, кісі өліміне ұласып ушығып тұрған. Өлгендердің ішінде Қарағұлдың немере інісі де бар. Қайтарда Қарағұлдың кісілері Раманқұлдың жолын тосып, біраз жолдастарымен қоса өлтіреді. Қарағұлдың бұл ісіне Есет пен Әзберген наразы. 

Аралдық Ізжан Жалғасовтың көрсетуінше де,­ Раманқұлды өлтіретін Әзберген, Қара­құл­дар. Қайтар жолда Үйтас деген өт­кел­де күтіп алған деп нақтылайды бұл кісі. 

3. Ақтан. Елінің азаттығы үшін дәр­­­­мені жеткенше аттан түспей өткен санаулы батырлардың бірі Ақтан Ақайұлы (1770-1854 (?)) қаракесек тайпасынан. Хиуа, Қоқанға жасалған талай жорықтарда Жанқожаның ең сенімді серіктерінің бірі. Кенесары Қасымовтың басшылығымен үш жүз бірігіп, Қоқан бекінісі Созақты аларда Ақтанның да белсене қатысқандығын бірнеше деректер айғақтайды. 

Батыр жайлы кейін жазылған бірнеше дастан, арнау өлеңдер бар. Ертеректегі ақын, жыраулардың өлең, жырларының қай-қайсысында да халық қамқоршысы, қарадан шыққан батыр және үнемі Жанқожаның адал серігі ретінде аталып келеді. 

Бүгінге дейін өзім қараған мұрағат құжат­тарында аталған шағымнан өзге жерде орысқа қатысты оқиғаларда Ақтан бабамыздың есімі кездескен емес. Оның екі себебі болуға тиісті. Ақтан батыр көтерілістен бұрын, 1854 жылы дүниеден озған. Екінші себеп – кейінірек қайтқан дегеннің өзінде қарт батырдың сол кездегі мекені оқиға ошағы Сыр бойы емес, Мұғаджар аймағы. 

4. Майқарабек – Бабажанның жа­нын­дағы ұлы. 1842 жылы он үш жаста. Ауызша деректерде бала Кенесарының алдына да апарылған. Жанқожа баланы жазаламай, қасына жолбасшы қосып, еліне қайтарады. 

Бір деректе кейін Бекбауыл елшілік сапармен Хиуадан қайтып келе жатқанда серіктерімен осы Майқарабектің үйінде уланып, жолда қайтыс болады. 

5. Төремұрат – Кішкененің Құрма­най­ының Бабағы. Талай жорықтарда жа­нында болған Жанқожаның жы­рауы. Ыбырайым деген жырау баласы да Жанқожа туралы жырлап жү­реді екен. Одан Ерқосай деген неме­ресі болған.

Кенесарының жырауы Досқо­жа­мен айтысының үзіндісі арқылы бізге бі­раз мағлұмат жетіп отыр. 

Қарасақал Ерімбет Шораяқтың Омары­мен айтысқанда Төремұраттың жыраулығын жоғары бағалайды. 

Мұралары жиналмай ұмытылып, жоға­лып кеткен қазақтың санаулы жүй­рік ақындарының бірі. 

1830 жылдың күзінде Созақты қоршап жатқан үш жүздің әскерін: 

Екі жүзді семсердің

Балдағы қолда қалғанша,

Ат басындай сом жүрек

От болып қаулап жанғанша.

Мөлдіреген екі көз

Жұмылып қанға толғанша,

Тыным алып, ас ішпей,

Ат бауырынан қан кешпей,

Ел бетін көрмес күн бүгін!

Созақты алсақ осыдан,

Қоқанның туын құлатып,

Сүйікті туған ерлерге,

Табылмас бұндай ғазаттық.

Қазақ үшін қан төккен,

Өздеріңдей ерлерге... –

деп жігерлендіріп, шабуылға көтеретін осы Төремұрат. («Қазақ тарихи жырларының мәселелері». Алматы. 1979 ж. 248-бет).

6. Сойдаққожа (Сайдаққожа) Оспанов (орыс жазбаларында Ходжа-Мухаммедали Усманов) Кенесары Қасымовтың жасауылында жүрген, ханға өте берілген, Самарқан мен Бұқарада білім алған білімді өзбек. Кенесары Фатиманы (Батма) жазықсыз жазалап, қайтаратында төркініне әкеліп салатын осы Сойдаққожа. Ханның жазба шаруаларын тындырып, елшілікке де жүрген, көтерілісшілер құрамына жасақ та тартқан. 

Кенесарының жанында жүруінің басты себебі – Сойдаққожаның туған апасы Гүлшара Кенесарының әкесі Қасымның бәйбішесі. Кенесары қырғызда опат болған соң бір тайпа елмен Ташкентке кеткен. Кейін «Қазақ тайпаларының тарихы», «Қазақ хандарының тарихы» еңбектер мен «Кенесары батыр» атты дастан да жазған. 

7. Жаныс Сығаев – төртқараның құрамасы, оның қожетінің биі. Елуінші жылдары елу екі жаста, орта бойлы, мығым, қарақоңыр, қара шашты кісі. Екі әйелі бар. Ор өзенінің Құман сағасын жайлап, Ырғыз өзенінің жағалауындағы Бесмұқа моласының маңына қыстаған. 

8. Фатима (ауызекі Батба деп де айтыла береді. – М.Қ.) Ақмырзаның қызы, Жанқожаның қарындасы. Ақмырза Бабажанның қолынан мерт болған соң батыр жеңгесін өзіне некелейді. 1841 жылы үш жүздің сарбаздары Созақты алуға бас қосқанда, мезгіл күз, айт кезі болса керек, Кенесары Жанқожаның жарапазаншысына – ат, ал Жанқожа Кенесарының жарапазаншысына түйе берген. Ордада Созақтың алыну құрметіне болған басқосудан тарасып бара жатқанда серіктерінің бірі: «Батыр, Абылайдың шаңырағына құр қол келіп, кетіп бара жатырмыз. Бұл қалай болды?» – дейді. Сонда кедей батыр: «Ойбай-ау, ол да бар екен ғой», – деп, ордаға қайта келіп: «Абылайдың шаңырағына Фатима деген қызымды байладым», – дейді. «Байлау» міндетті түрде әйелдікке алу емес, Фатиманы хан әйелдікке алады. Алайда азулары алты қарыс төренің әйелдері қарадан келген басы артық күндеске күн берсін бе, ұйымдастырып жүріп ханға қаралайды. Хан ашу үстінде мәселенің ақ, қарасын ашпай, Фатиманы төр­кініне қайтарып жіберген. 

Молдахмет Қаназ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға