Жаңалықтар

Ағылшын тілін оқыту – уақыт талабы

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек. Қазіргі әлемнің осы «лингвафранкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деп атап көрсеткені белгілі. Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз.  Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік.  Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды. Ғалымдардың зерттеуінше, 5-7 жас аралығындағы баланың қабылдау қабілеті өте жоғары болады. Баланың ерте жастан зейін-қабілетін дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге баса назар аударуда.  Биылғы оқу жылында еліміздің 1-сынып бағдарламасына ағылшын тілі енгізіліп отыр. Бұл – өте күрделі талап. Ұтқыр шешімдер мен тиімді әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдану мұғалімнің біліктілігін айқындайды. Ал  мұғалімдер біліктілігін арттыру институттары 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тынымсыз ізденіске толы қауырт жұмысқа кіріскен. Әртүрлі пәндер бойынша қысқа мерзімдік курс, үш айлық курс, қашықтықтан оқыту сияқты  мұғалім біліктілігін арттыруға арналған курстармен қатар  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 1-сыныптан ағылшын тілі енгізілетіндігіне байланысты мұғалімдерді даярлау мақсатында ауқымды істерді  жүзеге асырып отыр. Мәселен,  біздің институтта көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, өз жұмысын тиімді жалғастырып отыр. Оның ішіндегі ресурс орталығына мұғалімдерге қажетті мағлұматтар, әдістемелік нұсқаулықтар жинақталған. Ғаламторға шығатын  фейсбукте 2 топ құрылды. Оның бірі – ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер үшін: Shaping the way we teach English - Kazakhstan" 2 - "Alraming Working Group". Екінші топ ағылшын тілінде сабақ өткізетін пән мұғалімдері үшін: _Life – long learning.  Сонымен қатар  фейсбукте Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ көптілділікті дамыту орталығының арнайы  беті ұйымдастырылды. Онда ағылшын тілін 1-сыныпта оқытудың ерекшеліктеріне байланысты біздің әдіскер мұғалімдеріміздің кеңестері мен курс материалдары, семинарлар, тіл дамытуға қатысты түрлі іс-шаралар жарияланады. Қазір көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында институтта қала мұғалімдері даярлықтан өтуде. Ағылшын тілі бойынша «Intermediate» деңгейінде  (математика, информатика, биология, тарих, физика,  география пәндері бойынша) және (математика, биология, химия, физика, география) «Starter» деңгейінде мұғалімдер арнайы курста біліктілігін арттыруда. Ағылшын тілі мұғалімдері үшін күндізгі-қашықтықтан оқыту курстары ұйымдастырылған. «Альраминь» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе «Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың ерекше әдістері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Оған әйгілі ғалым, тіл маманы Роберт Диннің лекторлық жасады. Британ кеңесімен әріптестік қарым-қатынас аясында ПҚ БАИ қызметкері Л.Петрова дәрісімен  "Teaching Knowledge Test" және "Using Digital Resources" атты  ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған курстар өткізілді. Ал АҚШ елшілігімен әріптестік қарым-қатынас аясында айына 2-рет америкалық бұрышта вебинар, семинарлар Валери Пфагтың дәрісімен өткізілуде. Ғаламтор платформасында электронды сынып жүйесін іске қосу қарастырылуда. Заманауи әдістемелік-технологиялармен жасақталған біліктілікті арттырудың жаңа жүйесінде, яғни үш айлық курс сертификатын иеленген қала мұғалімдерінің жемісті еңбек атқаруына институттың тиімді ықпал жасауы  бізді қанаттандыра түседі. Раушан Ахмедова «Айқын»
20.09.2013 03:57 6513

Елбасы «Қазақстан – 2050» стратегиясы – қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауында «Біз ағылшын тілін игеруде серпіліс жасауымыз керек.

Қазіргі әлемнің осы «лингвафранкасын» меңгеру біздің еліміздің әрбір азаматына өмірдегі шексіз жаңа мүмкіндіктерді ашады», – деп атап көрсеткені белгілі.

Демек ағылшын тілін білмей, заман талабына лайықты, бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыруға толық қол жеткізе алмаймыз.  Орыс тілі арқылы қосымша білім алып, дүниетанымын байытып, араласатын ортасын кеңейтіп, іргелес мемлекеттерден анағұрлым ілгері тұрған Қазақстан бұл жетістіктерімен шектеліп қалмау үшін де көптілділікке ұмтылуда. Өйткені еліміздің біліктілігі мен сауаттылық деңгейін әлемге танытып, алпауыт мемлекеттермен тереземізді теңестіру мүмкіндігіне жетелейтін қадамдардың маңыздысы – көптілділік.  Шетелдіктердің арасында біліктілігімен, сауаттылығымен суырылып алға шығу үшін де тіл білу маңызды.

Ғалымдардың зерттеуінше, 5-7 жас аралығындағы баланың қабылдау қабілеті өте жоғары болады. Баланың ерте жастан зейін-қабілетін дамыту мақсатында Білім және ғылым министрлігінің ағылшын тілін бастауыш сыныптан бастап үйретуге баса назар аударуда.  Биылғы оқу жылында еліміздің 1-сынып бағдарламасына ағылшын тілі енгізіліп отыр. Бұл – өте күрделі талап.

Ұтқыр шешімдер мен тиімді әдіс-тәсілдерді шеберлікпен қолдану мұғалімнің біліктілігін айқындайды. Ал  мұғалімдер біліктілігін арттыру институттары 12 жылдық білім беруге көшу жағдайында тынымсыз ізденіске толы қауырт жұмысқа кіріскен. Әртүрлі пәндер бойынша қысқа мерзімдік курс, үш айлық курс, қашықтықтан оқыту сияқты  мұғалім біліктілігін арттыруға арналған курстармен қатар  «Өрлеу» БАҰО АҚ филиалы Алматы қаласы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты 1-сыныптан ағылшын тілі енгізілетіндігіне байланысты мұғалімдерді даярлау мақсатында ауқымды істерді  жүзеге асырып отыр.

Мәселен,  біздің институтта көптілді білім беруді дамыту орталығы ашылып, өз жұмысын тиімді жалғастырып отыр. Оның ішіндегі ресурс орталығына мұғалімдерге қажетті мағлұматтар, әдістемелік нұсқаулықтар жинақталған. Ғаламторға шығатын  фейсбукте 2 топ құрылды. Оның бірі – ағылшын тілін оқытатын мұғалімдер үшін: Shaping the way we teach English - Kazakhstan" 2 - "Alraming Working Group". Екінші топ ағылшын тілінде сабақ өткізетін пән мұғалімдері үшін: _Life – long learning.  Сонымен қатар  фейсбукте Алматы қаласы бойынша ПҚ БАИ көптілділікті дамыту орталығының арнайы  беті ұйымдастырылды. Онда ағылшын тілін 1-сыныпта оқытудың ерекшеліктеріне байланысты біздің әдіскер мұғалімдеріміздің кеңестері мен курс материалдары, семинарлар, тіл дамытуға қатысты түрлі іс-шаралар жарияланады.

Қазір көптілді білім беру бағдарламасын жүзеге асыру аясында институтта қала мұғалімдері даярлықтан өтуде. Ағылшын тілі бойынша «Intermediate» деңгейінде  (математика, информатика, биология, тарих, физика,  география пәндері бойынша) және (математика, биология, химия, физика, география) «Starter» деңгейінде мұғалімдер арнайы курста біліктілігін арттыруда. Ағылшын тілі мұғалімдері үшін күндізгі-қашықтықтан оқыту курстары ұйымдастырылған.

«Альраминь» оқу-әдістемелік орталығымен бірлесе «Бастауыш мектепте ағылшын тілін оқытудың ерекше әдістері» тақырыбы бойынша семинар өткізілді. Оған әйгілі ғалым, тіл маманы Роберт Диннің лекторлық жасады.

Британ кеңесімен әріптестік қарым-қатынас аясында ПҚ БАИ қызметкері Л.Петрова дәрісімен  "Teaching Knowledge Test" және "Using Digital Resources" атты  ағылшын тілінен сабақ беретін мұғалімдерге арналған курстар өткізілді. Ал АҚШ елшілігімен әріптестік қарым-қатынас аясында айына 2-рет америкалық бұрышта вебинар, семинарлар Валери Пфагтың дәрісімен өткізілуде. Ғаламтор платформасында электронды сынып жүйесін іске қосу қарастырылуда.

Заманауи әдістемелік-технологиялармен жасақталған біліктілікті арттырудың жаңа жүйесінде, яғни үш айлық курс сертификатын иеленген қала мұғалімдерінің жемісті еңбек атқаруына институттың тиімді ықпал жасауы  бізді қанаттандыра түседі.

Раушан Ахмедова

«Айқын»

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға