Жаңалықтар

Гомеопатия – ғасыр емі

Медицинаға гомеопатияны неміс ғалымы Самуил Ганнеман ғылым ретінде енгізген. Ал біздің елімізде бұл ем түрінің қолданыла бастағанына 20 жылдай болды. Оны 1990 жылдары «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» директоры, халықаралық гомеопаттар лигасының мүшесі, гомеопат-дәрігер Әсемгүл Оразбекқызы емдеу түрі ретінде шетелден алып келген. Негізінде ертеде ата-бабаларымыз талай ауруды операциясыз-ақ емдеп жазған. Бұған қарап, ертедегі қазақ халқының медицинасы гомеопатияға негізделгендей деп те айтуға болады. Аурудың алдын алудың төте жолы Тарихқа көз жүгіртсек, тырысқақ эпидемиясына алғаш рет осы гомеопатия жолымен тосқауыл болып, халықтың біраз бөлігін індеттен сақтап қалғаны белгілі. Алайда қоғамымыз уақыт өте Батыстың химиялық дәрілеріне кеңінен көңіл бөліп, гомеопатия ілімі тасада қала берген. Айта кетер жайт, гомеопатия емі қымбат саналатындықтан, әлем бойынша тек ақсүйектер мен байлардың емделетін ем түрі саналады. Тіпті кезінде Мәскеуде Кремльдің адамдары ғана пайдаланған деген дерек бар. Алайда Батыспен салыстырғанда біздегі гомеопатиялық емнің бағасы тіпті дәстүрлі емнен әлдеқайда арзан. Гомеопатия, негізінен, «пышақсыз» емдеуді қарастырады. Ауырған адамның барлығын бір мүшесінен айыру бүгінгідей медицина дамыған заманда медицинаға сын екені сөзсіз. Ал гомеопатия арқылы емдеп қана қоймай, операцияның да алдын алуға болады. Тәнге де, жанға да – дауа Аурудың көпшілігі дерлік күнделікті тұрмыста туындайтын ашу шақырудан, уайым мен жүйке жұқаруынан пайда болатыны бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осындай кездерде адам не психиатрға, не терапевтке жүгінерін білмей, сарсаңға түседі. Ал гомеопатия адамның тәніне қоса, жанын да емдейді. Дәстүрлі медицинада толық емделіп шығу үшін әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің алдынан өтуге тура келеді. Және белгіленген ем түрі тек қана белгіленген аймақты ғана емдейді. Тіпті кейде қабылдаған дәріңіз бір жерін емдей отырып, екінші мүшеңізге залалын да тигізуі мүмкін. Ал гомеопатиялық түйіршіктің бір ғана түрі арқылы науқастың барлық дертіне шипа дарытуға болады. Гомеопатиялық емдеу денеңізді бөлшектемей, кешенді түрде адамның барлық денесін тұтас емдеуді қарастырады. Дәрілер өсімдіктерден, минералдардан және органикалық заттардан алынып, табиғи жолмен дайындалады, яғни ешқандай химиялық қоспасы жоқ. Және табиғи жолмен дайындалатын болғандықтан, адамдардың организміне зиянды әсерін тигізбейді. Есесіне дәрі науқастың денесіне тез сіңіп, шипалық деңгейін де тез көрсетеді. Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ
20.09.2013 03:40 12750

Медицинаға гомеопатияны неміс ғалымы Самуил Ганнеман ғылым ретінде енгізген. Ал біздің елімізде бұл ем түрінің қолданыла бастағанына 20 жылдай болды. Оны 1990 жылдары «Қазақстан гомеопатиялық медицина орталығының» директоры, халықаралық гомеопаттар лигасының мүшесі, гомеопат-дәрігер Әсемгүл Оразбекқызы емдеу түрі ретінде шетелден алып келген. Негізінде ертеде ата-бабаларымыз талай ауруды операциясыз-ақ емдеп жазған. Бұған қарап, ертедегі қазақ халқының медицинасы гомеопатияға негізделгендей деп те айтуға болады.

Аурудың алдын алудың төте жолы

Тарихқа көз жүгіртсек, тырысқақ эпидемиясына алғаш рет осы гомеопатия жолымен тосқауыл болып, халықтың біраз бөлігін індеттен сақтап қалғаны белгілі. Алайда қоғамымыз уақыт өте Батыстың химиялық дәрілеріне кеңінен көңіл бөліп, гомеопатия ілімі тасада қала берген. Айта кетер жайт, гомеопатия емі қымбат саналатындықтан, әлем бойынша тек ақсүйектер мен байлардың емделетін ем түрі саналады. Тіпті кезінде Мәскеуде Кремльдің адамдары ғана пайдаланған деген дерек бар. Алайда Батыспен салыстырғанда біздегі гомеопатиялық емнің бағасы тіпті дәстүрлі емнен әлдеқайда арзан. Гомеопатия, негізінен, «пышақсыз» емдеуді қарастырады. Ауырған адамның барлығын бір мүшесінен айыру бүгінгідей медицина дамыған заманда медицинаға сын екені сөзсіз. Ал гомеопатия арқылы емдеп қана қоймай, операцияның да алдын алуға болады.

Тәнге де, жанға да – дауа

Аурудың көпшілігі дерлік күнделікті тұрмыста туындайтын ашу шақырудан, уайым мен жүйке жұқаруынан пайда болатыны бүгінгі таңда ғылыми тұрғыдан дәлелденген. Осындай кездерде адам не психиатрға, не терапевтке жүгінерін білмей, сарсаңға түседі. Ал гомеопатия адамның тәніне қоса, жанын да емдейді. Дәстүрлі медицинада толық емделіп шығу үшін әртүрлі мамандықтағы дәрігерлердің алдынан өтуге тура келеді. Және белгіленген ем түрі тек қана белгіленген аймақты ғана емдейді. Тіпті кейде қабылдаған дәріңіз бір жерін емдей отырып, екінші мүшеңізге залалын да тигізуі мүмкін. Ал гомеопатиялық түйіршіктің бір ғана түрі арқылы науқастың барлық дертіне шипа дарытуға болады. Гомеопатиялық емдеу денеңізді бөлшектемей, кешенді түрде адамның барлық денесін тұтас емдеуді қарастырады. Дәрілер өсімдіктерден, минералдардан және органикалық заттардан алынып, табиғи жолмен дайындалады, яғни ешқандай химиялық қоспасы жоқ. Және табиғи жолмен дайындалатын болғандықтан, адамдардың организміне зиянды әсерін тигізбейді. Есесіне дәрі науқастың денесіне тез сіңіп, шипалық деңгейін де тез көрсетеді.

Қуаныш ӘБІЛДӘҚЫЗЫ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға