Жаңалықтар

Халықаралық ЕАТ конференциясы

ЕАТ конференциялары Қа­зақстанда алты рет болған. Ал­ғашқысы 2002 жылы Алматыда, екіншісі 2003 жылы Өскеменде өткен. Оған Ресейдің, Гер­ма­ния­­­­ның, Италияның, Чехияның, Түр­­кияның, Жапонияның, Кана­даның, Қытай және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары қа­­тыс­қан. Міне, он жылдан соң Шы­ғыс Қазақстан маңызды жиынды өткізуге тағы әзірленуде. – Биыл біз Өскеменде бас қос­қалы отырмыз, – дейді Юрий Шо­­кин. – Бұл шараға көрнекті ғалым, академик, ҚР Ұлттық ин­женерлік академиясының пре­зиденті Бақытжан Жұмағұлов ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Ма­­тематикалық модельдеудің мін­деттері әрдайым есептеу технологиялары мен компьютерлік жүйеге тығыз байланысты бол­ған. Практикалық және түбегейлі міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігі қан­дай, қандай бағдарламалар мен алгоритмдер, қандай тәсілдер қол­­да­нылатынына тікелей бай­ланыс­ты. Юрий Ивановичтің айтуынша, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың математикалық модельдеу саласындағы өзара іс-қимылы осы саладағы ынты­мақ­­тастығының жалғасы іспетті. Маңызды ғылыми форумдарда ғалымдар тәжірибе алмасып, өздерінің озық талдаула­рын ортаға салады. Алдағы апта­да өтетін отандық және шет­­ел­­дік ғалымдардың кез­де­суін­де ғылымның түрлі са­ла­сын­да­ғы ақпараттық-есеп­теу тех­но­ло­гияларының, техни­ка­ның, бі­лім­нің проблемалары тал­қы­ла­нып, халықаралық ын­тымақ­тас­тықтың ауқымы кеңеюіне жағ­дай туғызылады. Қазақстан, Ресей, Швеция, Түркия, Германия, Словения, Әзер­байжан, Өзбекстан, Қырғыз­стан, Сербия және басқалар үшін аталмыш конференцияларды өткізу дәстүрге айналды, дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика және механика ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Нар­ғозы Данаев. ЕАТ-2013 кон­­ференциясының ғылыми бағ­дарламасы үш негізгі бағыт­тан тұрады: есептеу технология­ла­ры, ақпараттық және телеком­муникациялық технологиялар, есептеу математикасы. Осылардың аясында есептеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ма­ңызды инновациялық талдау­ларды талқылап, ғылымның осы саласының проблемаларын айқындап, бұл бағыттарды дамыту жолында бірінші кезек­тегі міндеттер қойылады. Кон­фе­ренцияда талқыланатын проб­лемалар ауқымы таза тео­риялық проб­лемалармен қатар оларды өндірісте пайдалану, тех­никалық жүйенің қауіпсіздігі, жаңа техника үлгілерін жобалау, ақпараттық технологияларды ғылым, білімге, қоршаған ортаны қорғауға енгізу мәселелерін көтереді. Нарғозы Тұрсынбайұлының ойынша, кезінде мемлекетаралық мәртебе алып, халықаралық деңгейдегі ғалымдарды мо­йын­датқан конференция қазақстандық ғылымның әлеуетін шамалауға, әртүрлі елдер ғалымдарының ынтымағын одан әрі тереңдету жол­дарын белгілеуге ықпал етеді. Конференция қо­ры­­­­тын­дысы бойынша, есептеу жә­не ақпараттық технологияларды болашақтағы он жылдықта да­мытудың стратегиялық бағыт­тары анықталмақ. Сонымен қа­тар, Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қар­саңында ұйымдас­тырылып отыр­ған басқосудың маңызы арта түспек. Халықаралық «ЕАТ-2013» кон­ференциясы өткізілетін жоғары оқу орны ШҚМТУ базасы болып таңдалуы тегін емес. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мем­лекеттік техникалық универ­ситеті ақпараттық және есептеу технологиялары саласында Қа­зақстан Республикасындағы жетекші жоға­ры оқу орындарының бірі болып саналады. Соңғы жылдары уни­верситет ғалымдары есептеу математикасы, ақпараттық технологиялар мен аспаптық құралдар талдап жасау жөнінде гранттық жобалар мен шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстар аясында бірқатар ғылыми зерттеулер орындауда. Бұл күндері университетте «Атмосфераның шекаралық қа­батын теңдеу үшін айырымдық жүйелердің математикалық мәсе­лелері», «Атмосфераны ластауды модельдеудің вариациялық алгоритмді пайдалану арқылы алынатын өлшем деректері бойынша қоспалар көзін зиянсыздандырудың ақпараттық технологияларын талдап жасау» гранттық жобалары жүзеге асуда, сондай-ақ гранттық жоба аясында «е-университет тілі­нің онтологиялық базасын талдау» жөнінде зерттеу жүргізілуде. Университетте білім беру ста­тистикасының ақпараттық жүйесі жасалған, оның клиенттік бөлігіне Интернет желісіне қосыл­ған веб-сайт кіреді. Зерттеулер «ҚР білім жүйесінде білім сапасын бағалау, білім беру статис­тикасының ин­фақұрылымын және мониторинг құру» тақырыпты гранттық жоба аясында жүргі­зілуде. Білім саласында оқытудың заманауи интерактивті құралдарын пайдалануға қатысты қолданбалы зерттеулердің бірі студенттерге мультимедиа құралдарымен кә­сіби ағылшын тілін оқыту жө­нін­дегі авторлық бағдарламаны жасау болып табылады. Бұл жерде бір ескертетін жай: студенттер қа­зақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс. Аталмыш жұмыс та грант­тық жоба аясында іске асып жатыр. Жоғары оқу орнында Интернет контенті әлеуметтік секторын интеллектуалды талдауға қатысты ғылыми зерттеулер бағыты қа­лыптасуда. Бұл жұмыс «Data Mining интеллектуалды талдау тәсілдері негізінде интернет желісінің жабық бөлігіндегі экс­­­­перименттік контентті табу меха­низмдерін зерттеу» гранттық жобасы бойынша атқарылуда. Оңдасын ЕЛУБАЙ
20.09.2013 03:34 3380

ЕАТ конференциялары Қа­зақстанда алты рет болған. Ал­ғашқысы 2002 жылы Алматыда, екіншісі 2003 жылы Өскеменде өткен. Оған Ресейдің, Гер­ма­ния­­­­ның, Италияның, Чехияның, Түр­­кияның, Жапонияның, Кана­даның, Қытай және басқа да елдердің көрнекті ғалымдары қа­­тыс­қан. Міне, он жылдан соң Шы­ғыс Қазақстан маңызды жиынды өткізуге тағы әзірленуде.

– Биыл біз Өскеменде бас қос­қалы отырмыз, – дейді Юрий Шо­­кин. – Бұл шараға көрнекті ғалым, академик, ҚР Ұлттық ин­женерлік академиясының пре­зиденті Бақытжан Жұмағұлов ұдайы қолдау көрсетіп келеді. Ма­­тематикалық модельдеудің мін­деттері әрдайым есептеу технологиялары мен компьютерлік жүйеге тығыз байланысты бол­ған. Практикалық және түбегейлі міндеттерді шешу үшін оларды пайдаланудың тиімділігі қан­дай, қандай бағдарламалар мен алгоритмдер, қандай тәсілдер қол­­да­нылатынына тікелей бай­ланыс­ты.

Юрий Ивановичтің айтуынша, қазақстандық және ресейлік ғалымдардың математикалық модельдеу саласындағы өзара іс-қимылы осы саладағы ынты­мақ­­тастығының жалғасы іспетті. Маңызды ғылыми форумдарда ғалымдар тәжірибе алмасып, өздерінің озық талдаула­рын ортаға салады. Алдағы апта­да өтетін отандық және шет­­ел­­дік ғалымдардың кез­де­суін­де ғылымның түрлі са­ла­сын­да­ғы ақпараттық-есеп­теу тех­но­ло­гияларының, техни­ка­ның, бі­лім­нің проблемалары тал­қы­ла­нып, халықаралық ын­тымақ­тас­тықтың ауқымы кеңеюіне жағ­дай туғызылады.

Қазақстан, Ресей, Швеция, Түркия, Германия, Словения, Әзер­байжан, Өзбекстан, Қырғыз­стан, Сербия және басқалар үшін аталмыш конференцияларды өткізу дәстүрге айналды, дейді Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің математика және механика ғылыми-зерттеу институтының директоры, академик, физика-математика ғылымдарының докторы Нар­ғозы Данаев. ЕАТ-2013 кон­­ференциясының ғылыми бағ­дарламасы үш негізгі бағыт­тан тұрады: есептеу технология­ла­ры, ақпараттық және телеком­муникациялық технологиялар, есептеу математикасы. Осылардың аясында есептеу және ақпараттық технологиялар саласындағы ма­ңызды инновациялық талдау­ларды талқылап, ғылымның осы саласының проблемаларын айқындап, бұл бағыттарды дамыту жолында бірінші кезек­тегі міндеттер қойылады. Кон­фе­ренцияда талқыланатын проб­лемалар ауқымы таза тео­риялық проб­лемалармен қатар оларды өндірісте пайдалану, тех­никалық жүйенің қауіпсіздігі, жаңа техника үлгілерін жобалау, ақпараттық технологияларды ғылым, білімге, қоршаған ортаны қорғауға енгізу мәселелерін көтереді.

Нарғозы Тұрсынбайұлының ойынша, кезінде мемлекетаралық мәртебе алып, халықаралық деңгейдегі ғалымдарды мо­йын­датқан конференция қазақстандық ғылымның әлеуетін шамалауға, әртүрлі елдер ғалымдарының ынтымағын одан әрі тереңдету жол­дарын белгілеуге ықпал етеді. Конференция қо­ры­­­­тын­дысы бойынша, есептеу жә­не ақпараттық технологияларды болашақтағы он жылдықта да­мытудың стратегиялық бағыт­тары анықталмақ. Сонымен қа­тар, Қазақстанда өткізілетін ЭКСПО-2017 халықаралық көрмесі қар­саңында ұйымдас­тырылып отыр­ған басқосудың маңызы арта түспек.

Халықаралық «ЕАТ-2013» кон­ференциясы өткізілетін жоғары оқу орны ШҚМТУ базасы болып таңдалуы тегін емес. Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мем­лекеттік техникалық универ­ситеті ақпараттық және есептеу технологиялары саласында Қа­зақстан Республикасындағы жетекші жоға­ры оқу орындарының бірі болып саналады. Соңғы жылдары уни­верситет ғалымдары есептеу математикасы, ақпараттық технологиялар мен аспаптық құралдар талдап жасау жөнінде гранттық жобалар мен шаруашылық келісім ғылыми-зерттеу жұмыстар аясында бірқатар ғылыми зерттеулер орындауда.

Бұл күндері университетте «Атмосфераның шекаралық қа­батын теңдеу үшін айырымдық жүйелердің математикалық мәсе­лелері», «Атмосфераны ластауды модельдеудің вариациялық алгоритмді пайдалану арқылы алынатын өлшем деректері бойынша қоспалар көзін зиянсыздандырудың ақпараттық технологияларын талдап жасау» гранттық жобалары жүзеге асуда, сондай-ақ гранттық жоба аясында «е-университет тілі­нің онтологиялық базасын талдау» жөнінде зерттеу жүргізілуде.

Университетте білім беру ста­тистикасының ақпараттық жүйесі жасалған, оның клиенттік бөлігіне Интернет желісіне қосыл­ған веб-сайт кіреді. Зерттеулер «ҚР білім жүйесінде білім сапасын бағалау, білім беру статис­тикасының ин­фақұрылымын және мониторинг құру» тақырыпты гранттық жоба аясында жүргі­зілуде.

Білім саласында оқытудың заманауи интерактивті құралдарын пайдалануға қатысты қолданбалы зерттеулердің бірі студенттерге мультимедиа құралдарымен кә­сіби ағылшын тілін оқыту жө­нін­дегі авторлық бағдарламаны жасау болып табылады. Бұл жерде бір ескертетін жай: студенттер қа­зақ және орыс тілдерін жетік білуі тиіс. Аталмыш жұмыс та грант­тық жоба аясында іске асып жатыр.

Жоғары оқу орнында Интернет контенті әлеуметтік секторын интеллектуалды талдауға қатысты ғылыми зерттеулер бағыты қа­лыптасуда. Бұл жұмыс «Data Mining интеллектуалды талдау тәсілдері негізінде интернет желісінің жабық бөлігіндегі экс­­­­перименттік контентті табу меха­низмдерін зерттеу» гранттық жобасы бойынша атқарылуда.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға