Жаңалықтар

Білімнің қайнар көзі ізденісте

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың жаһандық үдерісінің негізі болып табылады. Қазір ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру оқи және жаза білумен бір қатарда тұр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазіргі әлемде жай ғана сауат­тылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деп атап айтуы тегін емес. Бүгін көз жетіп отыр­ғанын­дай, жаһандық технологиялық революцияның бір бөлшегі болу үшін оқытудың және ғы­лы­ми зерттеулер жүргізудің түбі­рі­нен жаңа мүмкіндіктерін жа­сайтын ақпараттық және теле­коммуникациялық технологиялар саласында зерттеу жұмыс­тарын барынша дамыту қажет.Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі ақпараттық технология­лар институтының дирек­торы, академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Шокин айтқандай, әртүрлі елдердің ғылыми және академиялық ұйымдары ара­сын­дағы ынтымақтастық ғылыми қыз­метті дамытудың маңызды аспектісі және индикаторы болып табылады. Ғылыми қауымдастық ғылым және ұйымдастыру мін­деттерін шешу барысында күш жігерді біріктіруді дәстүрге ай­нал­­дырған. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі, ҚР Ұлт­тық инженерлік академиясы, Қазақстанның жетекші оқу орындарының математика және информатика саласындағы озық ғылыми күштері арасындағы ынтымақтың тамыры тереңде жатыр. Математика, информатика және жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтың бас­ты міндеті – тәжірибе алмасу, ма­мандардың шеберлігін шың­дау, ортақ шешімге келу және бір­лескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми қорытындылармен алмасу. Ресей мен Қазақстанның бұл саладағы бірлескен қимылы бұл іске қатысатын барлық тараптар үшін өте маңызды. Екі ел ғалымдары арасындағы берік ғы­лыми байланыстар күрделі ғылыми проблемаларды бірлесе шешуге, ғылыми талдауларды енгізуде өзара көмектесуге, жас ғылыми кадрларды тәрбиелеу деңгейін арттыруға, ғылымды дамытып, Ресей мен Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге әсер етеді. Бұл мақсатқа жетуге алдағы қыркүйек айында Өскеменде өтетін «Ғылымдағы техникадағы және білім берудегі есептеу жә­­не ақпараттық технологиялар» («ЕАТ-2013»)деп аталатын ха­лық­аралық конференция ықпал етері сөзсіз. Бұл конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, оның жанындағы математика және механика ғы­лыми-зерттеу институтымен, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің есептеу технологиялары институтымен бірлесе өткізу құрметіне бұл күндері өзінің 55 жылдығын атап өтіп отырған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қа­зақстан мемлекеттік техникалық университеті ие болды. Оңдасын ЕЛУБАЙ
20.09.2013 03:32 3681

Жедел дамып отырған ғылыми-техникалық прогресс қоғам өмірінің барлық салаларын ақпараттандырудың жаһандық үдерісінің негізі болып табылады. Қазір ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды игеру оқи және жаза білумен бір қатарда тұр. «Қазақстан-2050» Стратегиясы – қалыптасқан мем­лекеттің жаңа саяси бағыты» атты Жолдауында Нұр­сұлтан Назарбаевтың «Қазіргі әлемде жай ғана сауат­тылық жеткіліксіз болып қалғалы қашан. Біздің азаматтарымыз үнемі ең озық жабдықтармен және ең заманауи өндірістерде жұмыс жасау машығын меңгеруге дайын болуға тиіс», деп атап айтуы тегін емес.

Бүгін көз жетіп отыр­ғанын­дай, жаһандық технологиялық революцияның бір бөлшегі болу үшін оқытудың және ғы­лы­ми зерттеулер жүргізудің түбі­рі­нен жаңа мүмкіндіктерін жа­сайтын ақпараттық және теле­коммуникациялық технологиялар саласында зерттеу жұмыс­тарын барынша дамыту қажет.Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі ақпараттық технология­лар институтының дирек­торы, академик, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Юрий Шокин айтқандай, әртүрлі елдердің ғылыми және академиялық ұйымдары ара­сын­дағы ынтымақтастық ғылыми қыз­метті дамытудың маңызды аспектісі және индикаторы болып табылады. Ғылыми қауымдастық ғылым және ұйымдастыру мін­деттерін шешу барысында күш жігерді біріктіруді дәстүрге ай­нал­­дырған. Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесі, ҚР Ұлт­тық инженерлік академиясы, Қазақстанның жетекші оқу орындарының математика және информатика саласындағы озық ғылыми күштері арасындағы ынтымақтың тамыры тереңде жатыр. Математика, информатика және жоғары өнімді есептеулер саласындағы ынтымақтың бас­ты міндеті – тәжірибе алмасу, ма­мандардың шеберлігін шың­дау, ортақ шешімге келу және бір­лескен зерттеулер жүргізу үшін ғылыми қорытындылармен алмасу.

Ресей мен Қазақстанның бұл саладағы бірлескен қимылы бұл іске қатысатын барлық тараптар үшін өте маңызды. Екі ел ғалымдары арасындағы берік ғы­лыми байланыстар күрделі ғылыми проблемаларды бірлесе шешуге, ғылыми талдауларды енгізуде өзара көмектесуге, жас ғылыми кадрларды тәрбиелеу деңгейін арттыруға, ғылымды дамытып, Ресей мен Қазақстанда ғылыми-техникалық прогресті жеделдетуге әсер етеді.

Бұл мақсатқа жетуге алдағы қыркүйек айында Өскеменде өтетін «Ғылымдағы техникадағы және білім берудегі есептеу жә­­не ақпараттық технологиялар» («ЕАТ-2013»)деп аталатын ха­лық­аралық конференция ықпал етері сөзсіз. Бұл конференцияны Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетімен, оның жанындағы математика және механика ғы­лыми-зерттеу институтымен, ҚР Ұлттық инженерлік академиясы және Ресей Ғылым академиясы Сібір бөлімшесінің есептеу технологиялары институтымен бірлесе өткізу құрметіне бұл күндері өзінің 55 жылдығын атап өтіп отырған Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қа­зақстан мемлекеттік техникалық университеті ие болды.

Оңдасын ЕЛУБАЙ

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға