Жаңалықтар

Қазақ, өзбек бір туған...

Географиялық орналасуында және кейбір мәдени ерекшеліктер болмаса, қазақ пен өзбектің тілі, діні, ділі бір. Түркі халықтарының ішінде бір-бірінен ең соңында ажырап, енші алған халықтар қазақ пен өзбек десек, сірә, қателеспейміз. Олар өздерін қазақ халқының бір бөлшегіндейміз деп есептейді. Әрине, бұған жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясындағы Елбасымыздың: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек. Қазақ жері 100-ден астам этносты біріктірді. Әрине, осы этностық әр алуандықтың бәрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент қызметін атқарып отыр» деген ұлағатты сөзі дәлел. Бірлік болған жерде береке болатындығы хақ дінімізде де  айтылады. Сонау бір жылдары  оңтүстіктің үш ауданындағы 2000-ға жуық отбасының үйлерін тасқын су басып кеткен шақта Елбасының тікелей тапсырмасымен Үкімет іске кіріскенде, халық та өзінде барын аямады. Осы тұста  «қазақ, өзбек бір туған» деп, Өзбек мәдени орта­лығының мұрындық болуымен “Офот айтиб келмайди” акциясы өтіп, Сарыағаш ауда­нында тасқын судан зардап шеккендерге 2 млн 300 мың теңге көмек берілген болатын. Күнгей өлкедегі ала тақиялы ағайын­дар­дың саны, 2010 жылдың есебімен алған­да, 425 110-ды құрап, басқа этнос өкіл­дерімен салыстырғанда, өңірде екінші орында тұр. Оның ішінде республика аума­ғында өзін-өзі мемлекеттің көмегінсіз то­лық қамтамасыз ететін Сайрам ауданында осы өзағаңдардың үлесі көп. Қияр егіп, қы­занақ өсіреді. Жеке шаруа қожалық­тарын­да баптаған көкөніс, азық-түліктер залалсыз әрі арзан. Солтүстік пен орталық, батыс аймақтарға дейін қыс түскенше қа­уын-қарбызды осы бау-бақшалы оңтүс­тік­тен тасып жатады. «Көршіңіз байып жат­са, қуа­ныңыз...» демекші, туысқан ұлт­тың ең­бек­қорлығы – өңірдегі өзге ұлттарға да үлгі-өнеге. Қаншама қаракөздеріміз Шым­кент­­тен шығып, еліміздің әр өңірінде табан ет, маңдай терінің жемісін көріп жүр. Оң­түс­­тік адамдарының жүрегі өлкенің табиға­тындай жұмсақ. Мынау өзге ұлт өкілі деп сыртқа тебе бермейді. Қазақстан­нан қоныс тапқандар жүрек жылуын біл­дір­се, қазақтар екі есе ыстық ықыласпен жа­уап береді. Оны өзге ұлт өкілдері түсінеді. Сауда-саттыққа ебі бар ала дорбалы өзбектердің еліміздің қиын-қыстау кезде бас­тарына іс түскен жүздеген ұлтқа пана бол­­­ғандығын жақсы біледі. Олар: «Біздің өзгелерден жөніміз бөлек, себебі енші алыспаған ағай­ындардай қазақтар­мен бірге өмір сүріп ке­леміз» дейді. Міне, осы шынайы, бүкпесіз айтылған сөзді біраз жыл бұрын Сайрамдағы Өзбек драма теат­рының ашылу салтанатында Президентіміз де айтқан болатын. Кез келген өзбек аға­йыннан сұрасаңыз, қазақтардың бізді өзім­сініп, ішке тартатындығы жүрегімізді жылытады дейді. Шындығында, қазақтың досқа құшағы Қазақияның даласындай кең. Сан ғасырлар бойы бірге жасап, қуаныш пен қайғыны қатар көтеріп келе жатқан мұндағы өзбектер өздерін осы елде жат сезінген емес. Бар болса – тасын­байды, жоқ болса – аяққа бас ұрып жа­лын­байтын қасиетінен айырылмаған өзағаңдар ара шаруаға келгенде пысық екендігі белгілі. Әлсін-әлсін еңбекқорлы­ғын, өлермендігін айта беруіміздің себебі – елімізде өмір сүріп жатқан туысқан ұлттардан үлгі алар тұстарымыз­дың көп екендігін еске салу ғана. Өзағаң­ның аула­сындағы алақандай жерінен бір мау­сымда екі-үш қайтара өнім алып, дас­тар­қаны жайнап отыратын мал тапқыш­ты­ғын неге үйренбеске? Кеңқолтық қазақтың мейірінің тасуына, қолындағы нанының жартысын бөліп беруіне қарай, елімізде әр ұлттың ынты­ма­ғы жарасқан. Кеңестік кезеңнің ықпалымен әлі де шовинистік пиғылда, уақытша қо­нақ­та жүргендей сезінетін бірен-сарандар бол­маса, «қой үстіне бозторғай жұмыртқа­ла­ған» заманда өмір сүріп, барлық жағ­дайы жасалған өзбек, түрік, парсы, корей ағай­ындардың еліне деген сүйіспеншілігі алабөтен. Автор: Нұрбақ ЕДІГЕ "Алаш айнасы"
20.09.2013 02:52 5557

Географиялық орналасуында және кейбір мәдени ерекшеліктер болмаса, қазақ пен өзбектің тілі, діні, ділі бір. Түркі халықтарының ішінде бір-бірінен ең соңында ажырап, енші алған халықтар қазақ пен өзбек десек, сірә, қателеспейміз. Олар өздерін қазақ халқының бір бөлшегіндейміз деп есептейді. Әрине, бұған жақында Қазақстан халқы Ассамблеясының мерейтойлық ХХ сессиясындағы Елбасымыздың: «Қазақстандағы қоғамдық келісім, ең алдымен, қазақтың келісімі. Татулық пен тұрақтылық ел иесі ретінде, ең алдымен, қазаққа керек. Қазақ жері 100-ден астам этносты біріктірді. Әрине, осы этностық әр алуандықтың бәрі біртұтас ұлтқа айналуы үшін жақсы цемент қызметін атқарып отыр» деген ұлағатты сөзі дәлел. Бірлік болған жерде береке болатындығы хақ дінімізде де  айтылады. Сонау бір жылдары  оңтүстіктің үш ауданындағы 2000-ға жуық отбасының үйлерін тасқын су басып кеткен шақта Елбасының тікелей тапсырмасымен Үкімет іске кіріскенде, халық та өзінде барын аямады. Осы тұста  «қазақ, өзбек бір туған» деп, Өзбек мәдени орта­лығының мұрындық болуымен “Офот айтиб келмайди” акциясы өтіп, Сарыағаш ауда­нында тасқын судан зардап шеккендерге 2 млн 300 мың теңге көмек берілген болатын.

Күнгей өлкедегі ала тақиялы ағайын­дар­дың саны, 2010 жылдың есебімен алған­да, 425 110-ды құрап, басқа этнос өкіл­дерімен салыстырғанда, өңірде екінші орында тұр. Оның ішінде республика аума­ғында өзін-өзі мемлекеттің көмегінсіз то­лық қамтамасыз ететін Сайрам ауданында осы өзағаңдардың үлесі көп. Қияр егіп, қы­занақ өсіреді. Жеке шаруа қожалық­тарын­да баптаған көкөніс, азық-түліктер залалсыз әрі арзан. Солтүстік пен орталық, батыс аймақтарға дейін қыс түскенше қа­уын-қарбызды осы бау-бақшалы оңтүс­тік­тен тасып жатады. «Көршіңіз байып жат­са, қуа­ныңыз...» демекші, туысқан ұлт­тың ең­бек­қорлығы – өңірдегі өзге ұлттарға да үлгі-өнеге. Қаншама қаракөздеріміз Шым­кент­­тен шығып, еліміздің әр өңірінде табан ет, маңдай терінің жемісін көріп жүр. Оң­түс­­тік адамдарының жүрегі өлкенің табиға­тындай жұмсақ. Мынау өзге ұлт өкілі деп сыртқа тебе бермейді. Қазақстан­нан қоныс тапқандар жүрек жылуын біл­дір­се, қазақтар екі есе ыстық ықыласпен жа­уап береді. Оны өзге ұлт өкілдері түсінеді.

Сауда-саттыққа ебі бар ала дорбалы өзбектердің еліміздің қиын-қыстау кезде бас­тарына іс түскен жүздеген ұлтқа пана бол­­­ғандығын жақсы біледі. Олар: «Біздің өзгелерден жөніміз бөлек, себебі енші алыспаған ағай­ындардай қазақтар­мен бірге өмір сүріп ке­леміз» дейді. Міне, осы шынайы, бүкпесіз айтылған сөзді біраз жыл бұрын Сайрамдағы Өзбек драма теат­рының ашылу салтанатында Президентіміз де айтқан болатын. Кез келген өзбек аға­йыннан сұрасаңыз, қазақтардың бізді өзім­сініп, ішке тартатындығы жүрегімізді жылытады дейді. Шындығында, қазақтың досқа құшағы Қазақияның даласындай кең. Сан ғасырлар бойы бірге жасап, қуаныш пен қайғыны қатар көтеріп келе жатқан мұндағы өзбектер өздерін осы елде жат сезінген емес. Бар болса – тасын­байды, жоқ болса – аяққа бас ұрып жа­лын­байтын қасиетінен айырылмаған өзағаңдар ара шаруаға келгенде пысық екендігі белгілі. Әлсін-әлсін еңбекқорлы­ғын, өлермендігін айта беруіміздің себебі – елімізде өмір сүріп жатқан туысқан ұлттардан үлгі алар тұстарымыз­дың көп екендігін еске салу ғана. Өзағаң­ның аула­сындағы алақандай жерінен бір мау­сымда екі-үш қайтара өнім алып, дас­тар­қаны жайнап отыратын мал тапқыш­ты­ғын неге үйренбеске?

Кеңқолтық қазақтың мейірінің тасуына, қолындағы нанының жартысын бөліп беруіне қарай, елімізде әр ұлттың ынты­ма­ғы жарасқан. Кеңестік кезеңнің ықпалымен әлі де шовинистік пиғылда, уақытша қо­нақ­та жүргендей сезінетін бірен-сарандар бол­маса, «қой үстіне бозторғай жұмыртқа­ла­ған» заманда өмір сүріп, барлық жағ­дайы жасалған өзбек, түрік, парсы, корей ағай­ындардың еліне деген сүйіспеншілігі алабөтен.

Автор: Нұрбақ ЕДІГЕ

"Алаш айнасы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға