Эмиль Кенжесариев алаңға бір жылдан соң оралады
«Ақтөбе» футбол клубының дәрігері Сергей Елисеев ауруханада жатқан Эмиль Кенжесариевтің жағдайы түзеліп келе жатқанын айтты.
«Ақтөбе» футбол клубының дәрігері Сергей Елисеев ауруханада жатқан футболшы Эмиль Кенжесариевтің қазіргі жағдайын айтып берді.
«Эмильге Германияда немесе Израильде емделу қажет. Ол дәріден де, басқадан да таршылық көріп жатқан жоқ. Қазір өзі жүре алады, әзілдеседі де. Ал футболға қайта оралу мәселесіне келсек, бәрі де мүмкін. Егер бәрі ойдағыдай болса, Кенжесариев бір жыл ішінде толық айығады», - дейді дәрігер.
Айта кету керек, Эмиль Кенжесариев 10 тамыз күні соққыға жығылып, ауруханаға түскен болатын. 11 тамыз күні Алматы емханаларының бірінде оның бас сүйегіне ота жасалды. Кейіннен ол өкпесін емдеу мақсатында жасанды аппаратқа таңылды. Кенжесариев толық айыққан соң, оған тағы бір ота жасалмақ, деп жазады "Қазақстан телеарнасы".
Baq. kz