Жаңалықтар

Жақында «Мәңгі ел» ғылыми-көпшілік тарихи журналы жарық көреді

Бүгінде елімізде Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің «тарих жаңа көзқараспен қайтадан жазылу керек» деп көтерген бастамасы аясында үлкен жұмыстар басталып кетті. Жаңа оқулықтар жазылып жатыр, тарихшыларымыз тың дерек іздеп, шетелдегі мұрағаттарда тер төгуде. Ұлттық тарихты зерделеу бағытында жүктелген міндеттің бірі – «Мәңгілік ел» журналын жарыққа әкелу еді. Жаңа ғылыми-көпшілік тарихи журналының алғашқы санының тұсаукесері 25 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр. «Бұл журнал жай ғылыми журнал емес, ғылыми-көпшілік журнал болады. Яғни, неғұрлым көп оқушысы болатындай аясы кең, оқырмандардың әлеуметтік мәртебесі де, дәрежесі де әр түрлі адамдарды қамти алатындай, оларды қызықтыра алатындай, таралымы кең, үш тілдегі журнал шығару міндеті қойылған еді. Бұл тапсырма оңай болған жоқ. Аз уақыттың ішінде алғашқы нөмірін әзірлеуге тура келді», - деді журналдың бас редакторы, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінің төрағасы Ерлан Сыдықов. Жаңа ғылыми-көпшілік тарихи журналы үш тілде жарық көреді. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің 20-25 еліне таратылады деп көзделуде. «Сонымен қатар, журналдағы мақалалардың жазылу стилі жеңіл болады. Борт журналына айналдыру тапсырмасы да бар. Яғни, ұшақтарда, пойыздарда, пошта арқылы таратылады. Содан кейін журналға жазылу жұмыстары да жүргізіледі. Келер жылдан бастап оны бюджет аясына енгіземіз деген ойымыз бар», - деп алдағы күннің жоспарымен бөлісті Ерлан Сыдықов. Әзірге журналдың екі айда бір нөмірін шығару көзделген. Ал 2014 жылдан «Мәңгі ел» ай сайын жарық көретін болады. «Таза ғылыми журнал болмайды, онда тек қана жеңіл тілмен жазылған тарихи мақалалар, оқиғалар, эсселер, оқиғалар басылады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылуы керек, бірақ материал қызықты болуы қажет. Оны мектепте оқып жүрген бала да, 70-80 жастағы қариялар да жеңіл оқуы керек. Себебі, ол бүкіл қоғамға, елге, барлық азаматтарға арналған журнал», - деп толықтырды ЕҰУ профессоры, журналдың редакциялық алқасының мүшесі Зиябек Қабылдинов. Журналдың редакциялық алқасында 12 адам бар. Оған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ тарихи институттардың директорлары, тарихшылар, филологтар кіреді. Жаңа журналдың алғашқы санының тұсаукесері 25 қыркүйекте ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында өтеді деп жоспарланған. BNews.kz
19.09.2013 08:03 3739

Бүгінде елімізде Мемлекеттік хатшы М. Тәжиннің «тарих жаңа көзқараспен қайтадан жазылу керек» деп көтерген бастамасы аясында үлкен жұмыстар басталып кетті. Жаңа оқулықтар жазылып жатыр, тарихшыларымыз тың дерек іздеп, шетелдегі мұрағаттарда тер төгуде. Ұлттық тарихты зерделеу бағытында жүктелген міндеттің бірі – «Мәңгілік ел» журналын жарыққа әкелу еді. Жаңа ғылыми-көпшілік тарихи журналының алғашқы санының тұсаукесері 25 қыркүйекте өтеді деп жоспарланып отыр.

«Бұл журнал жай ғылыми журнал емес, ғылыми-көпшілік журнал болады. Яғни, неғұрлым көп оқушысы болатындай аясы кең, оқырмандардың әлеуметтік мәртебесі де, дәрежесі де әр түрлі адамдарды қамти алатындай, оларды қызықтыра алатындай, таралымы кең, үш тілдегі журнал шығару міндеті қойылған еді. Бұл тапсырма оңай болған жоқ. Аз уақыттың ішінде алғашқы нөмірін әзірлеуге тура келді», - деді журналдың бас редакторы, Еуразия ұлттық университетінің ректоры, Қазақстан тарихшыларының ұлттық конгресінің төрағасы Ерлан Сыдықов.
Жаңа ғылыми-көпшілік тарихи журналы үш тілде жарық көреді. Ол тек Қазақстанда ғана емес, әлемнің 20-25 еліне таратылады деп көзделуде.
«Сонымен қатар, журналдағы мақалалардың жазылу стилі жеңіл болады. Борт журналына айналдыру тапсырмасы да бар. Яғни, ұшақтарда, пойыздарда, пошта арқылы таратылады. Содан кейін журналға жазылу жұмыстары да жүргізіледі. Келер жылдан бастап оны бюджет аясына енгіземіз деген ойымыз бар», - деп алдағы күннің жоспарымен бөлісті Ерлан Сыдықов.
Әзірге журналдың екі айда бір нөмірін шығару көзделген. Ал 2014 жылдан «Мәңгі ел» ай сайын жарық көретін болады.
«Таза ғылыми журнал болмайды, онда тек қана жеңіл тілмен жазылған тарихи мақалалар, оқиғалар, эсселер, оқиғалар басылады. Қазақ, орыс, ағылшын тілінде жазылуы керек, бірақ материал қызықты болуы қажет. Оны мектепте оқып жүрген бала да, 70-80 жастағы қариялар да жеңіл оқуы керек. Себебі, ол бүкіл қоғамға, елге, барлық азаматтарға арналған журнал», - деп толықтырды ЕҰУ профессоры, журналдың редакциялық алқасының мүшесі Зиябек Қабылдинов.
Журналдың редакциялық алқасында 12 адам бар. Оған Мемлекеттік хатшы Марат Тәжин, ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед, сондай-ақ тарихи институттардың директорлары, тарихшылар, филологтар кіреді.
Жаңа журналдың алғашқы санының тұсаукесері 25 қыркүйекте ұлттық тарихты зерделеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссиясының кезекті отырысында өтеді деп жоспарланған.

BNews.kz

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға