Оңтүстікті су емес, өзбек басу қаупі бар
Біз Қазақ халқы табиғатымыздан ашық-жарқын, ақ көңіл, кең қолтық, туысқанды жанымызға жақын тартар халықпыз. Деседе, осы асыра меймандостығымыз өзімізге жаза қамшысы болып тиіп жатқанын сезбей де, білмей жүрген жоқпыз. Оған мысал етер ұлт аралық қақтығыстардан туындаған келеңсіз жағдайлар көп. Кешегі ұйғыр ауданындағы, шелектегі болған оқиғалар, басытағы мұнай компанияларындағы кейбір келеңсіздіктерді айта кетсек те жетіп жатыр. Әрине, қазір айтпағым ол емес.
Тәуелсіз қазақ елінің оңтүстік өңірі Өзбек ағайындар мен тарихтан шекаралас, көрші болып келеді. Алайда, өз ағамыз деген Өзбектер өзімізді қалай жаулап бара жатқанын сезбей отырмыз. Бар қазақ шығыстағы
«Қытайдан қауып бар» -деп алаңдап шулап жатқанда, «ел тойға айналғанда, Қасқыр қойға айналпты» дегендей өзбектер «әкалап-Укәлап» жүріп оңтүстікке сіңіп болды. Алаңдамауға болмайды, тауы мен тасы тарих болған, даласы дастанға айналған ордалы мекен оңтүстік бұл. Бұдан екі жылдай бұрын Түркістан қаласының өзбектері қала халқының 50 пайызға жуығын ұстайды деген деректерді көзіміз шалған болатын. Бұдан басқа облыс орталығы Шымкент, Сайрам, Ордабасы, Отырар, Қазығұрт, Ақсукент, Созақ, Кентау, Бәйдібек, Мақтаарал, Сарыағаш сияқты аудан, қалалар мен ауылдарда қазақпен жан саны тең немесе көп.
Несін жасырайық, 30 миллионға жуық өзбек өмір сүріп жатқан Өзбекстанның жерінің тапшылығы мен экономикалық жағдайының төмендігі оларды басқа елге көшуге әрекет жасатып отыр. Саяси мақсаты жер иеленіп територияларын кеңейту. Сонымен, көп санды өзекеңдер Ресейдегі ұлтшыл-скинхед-тақырбастардан именіп, діні, ділі, тілі ұқсас қазақтың жеріне келгенді жөн көреді. Бүгін бір өзбек Қазақстанға келіп азаматтық алып қоныстанса, ертең он өзбек алғашқысын жақын тартып көшіп келіп қазақ елінде өсіп өркендеп келеді. Біз қызғанғанымыздан көре алмағандығымыздан айтпаймыз. Өзбектер қазақ еліне келсін, жұмыс істесін, өркендесін, ниеті түзік болып бейбіт өмір сүрсе біз аузымызды ашпас едік. Бірақ олардың асыра ұлтшылдығы адамды алаңдатады. Қалай дейсіз ғой? Қазір базар шаруашылығын толықтай иемденіп алған өзбектер енді мемлекеттік, ұлттық құндылықтарымызға да ауыз сала бастады. Бүгінде, облыс көлемінде тарайтын газет-журналдардың тең жартысы Өзбек тілінде, Облыстық “Қазақстан-Шымкент”, “Отырар”, аудандық “Сайрам ақшамы” теле арнасында да өзбекше жаңалықтар мен бағдарламалар, жарнамалар тарай бастады. Осылайша, өзбекше теле арналар мен газеттер күн санап көбейіп келеді. Бұның бәрі қазақ қаржысымен жүзеге асып жатқан жобалар. Ал, Ала тақиялы ағайындардың алыстағы көкелері қазақ жеріне жақын елді мекендердің арналық толқын қуатын күшейтіп қазақша телеарналарды өзбекшенің тұншықтырып тастауына мүмкіндік жасап беріп отыр. Сонымен, Оңтүстіктегі көптеген аудандардың тұрғындары Өзбекстандық «Ташкент», «Өзбекстан-1», «Яшлар», «Өзбек-МузТВ», «30-канал», «Спорт», «Маркас» секілді басқа да телеарналарды көріп келеді. Міне осының әсерінде әлеуметтік, қоғамдық орындарда өзбекпен қазақ емес, қазақ пен қазақ өзбекше сөйлесетін дәрежеге жетті. Кеше, қазақтың босағасына келіп батпақ илеп кірпіш құятын өзбектер бүгін қазақты жұмысына жалшылыққа алмайтын, көзге ілмейтін «дөкейге» айнала бастады. Әрине, олардың осындай дәрежеге жетуі еңбекқорлығының арқасы дейтін де шығармыз, алайда бұлардың еркінсіп жүруін зіміз қамтамасыз етіп отырғанымызды сезггенде алайдамай тұра алмайсың. Бүгін касіпорындық базарың мен жеріңді иемденген олардың ертең облысыңды бөліп аламыз деп күшеймесіне кім кепіл?
Осыдан екі жыл бұрынғы, яғыни, 2010 жылғы ресми санаққа негізделсек, Оңтүстік Қазақстан облысында таза өзбек тілінде оқытатын 64 мектеп, аралас оқытылатын 75 мектеп жұмыс жасайды екен. Бұл көрсеткіштің екі жыл ішінде қанша есеге өскендігін кім білсін? Өйткені, өзбектің жеке кәсіпкерлері өздері тығыз орналасқан ауылдарға мектеп салып «қайырмдылық» шараларын өткізіп жататынын басылмдардан оқып қалып жатамыз. Ауылдағы ұлтжанды қазақтар өз балаларын қазақша оқытайын деседе дәрмені жетпей, ұрпағын өзгенің тілінде сауаттандыруға мәжбүр болып отыр. Енді өздеріңіз ойлаңыздар, Қазақстанда өз елінде тұрып, өз тілінде әліппе бетін аша алмай, отандық телеарналар мен радиолардың «қызығын» көре алмай отырған жас өспірімдердің ертеңгі күндері не болмақ? Алпыс жастағы шал емес, алты жасар балаға дейін қазір өзбекше ойлап, сол елдің саясатына икемделе бастады. Өзекеңнің жаңалықтарын тыңдап, сериалдарын тамашалайтын, солардың өнер жұлдыздарын жақсы танитын оңтүстіктегі қаракөздеріміз елдік, ұлттық мәселеге деген көзқарасы да көршілерге ұқсай бастады. Жасыратыны жоқ, шекаралас аудандарда қазақтың кей салт-дәстүріне өзағамыздыкі баяғыда араласып кеткен. Көшеде өзбекше «гәпірәтін» қазақ азаматтарының көбейіп бара жатқаны өзбектердің ұлттық идеологияға, ұлтшылдыққа баса мән беріп, қазақ санасын теледидар, радио арқылы улап оңтүстік аймақты жаулап бара жатқанынан дерек берсе керек.
P.S: Қазақта “Жақсылықты басыңа қыл, басыңнан артылса, досыңа қыл” деген мақал бар. Өзімізді өзіміз қоғай білмесек елдігімізге, егемендігімізге сын. Қазақы орта деген Оңтүстігіміз қолдан кетсе, ел тұтастығын ойлау қиын. Қазақианың болашағы қазақта екенін әр қашан ұмытпайық. Өзiмізді өзiміз жаттай сыйлап, жат жанын түңiлдірсек ешкімде бізді ауздықтай алмасы еді.
Ал өзбекстандағы қазақ қандастарымыздың мектептері жабылып өзбекше оқытылып жатыр. Бізде керісінше!..
Тоқтар Жетпісбай.