Жаңалықтар

Жас айтыскерлер ескерсе...

Қазақ өлеңсіз оты жағылмаған халық. Ұлтымыздың тұрмыс тіршілігі ертеден ән мен жырға ұйқасып, біте қайнасып жатыр.  Мұны какім Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп түйіндейді. Бұл жағыннан  өзімізді-өзіміз мойындап қоймай, өзге ел де, мойындап отыр. Қытайдың қазақ тілді басылымы «Алтай» газетінің 1998-жылы 5-айдың 2 күнгі санындағы, Қытайдың белгілі ақыны Жиаң ЛИЖУНнің «Тау әні» атты шалқымасында «тамыздың тамылжыған күндерінде тауға бара қалсаңыз, самал шалғынға сүңгіп, қыр өртеніп, гүл жанады. Бойың елітіп, жаның рахат табады... Айналаңның бәрі өлең... Жасыл далада еңбекшіл, ержүрек Қазақ шаруалары өздерінің кенен ой, кенеулі жасампаздық қабілеті мен көрікті көркем сахaра мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап жасап келеді. Осы халықтың той-томалақта өткізілетін ақындар айтысы-- сөзі- жаңбыр, дауысы-дауыл, әні-ескек секілді...» деп жазады. Айтса айтқандай ақындар айтысы бейнелеу өнері жағыннан, қарайған халық алдында сурып салып, қолма-қол өлең ұйқастыра айта білетін ауыз әдебиетіміздің бір түрі. Ата бабаларымыз тарихтан тау жамылып, тас жастанып көшпелі тұрмыс кешірсе де, қасиетті қара өлеңнің тамырына қан жүгіртіп, алапат жылдардан, зар заманнан аман алып бүгінге жеткізді... Қазір де, төрткүл дүниенің  аспанында еркін самғататын рухани байлығымыз болған  мәйекті мәдениетіміз айтыс өнерінің шын жанашырлары да жоқ емес. Бір жағынан, мемлекет айтысты өз қарауына алса, енді бір жағынан, ұлт мақтанышына айналған кей ағаларымыз, аламан айтыс ұйымдастырып, елге сауын айтып, жүлдегерге темірден тұлпар мінгізіп, дүрілдетіп той жасап, айтыскерлерді жетімсіретпей, айтыс өнерін өлтірмей насихаттап жатыр. Қытайдағы қандастарымыз да, айтыс өнерін «бейзаттық мәдени мұралар» қатарына қосып, құзырлы айтысымыздың құндылығын жалпақ әлемге жария етті. Десе де, айтыс өнеріміздің құны биіктеген сайын айтыскер ақындарымыз таяздап, Айтыскерлерміз саны көбейген сайын, сапамыз әлсірей бастады. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, аузымен от шайнап, жалын бүріккен айтыскер ақындарымыз бар болғанымен, саусақпен санарлық ғана. Әсіресе, кейінгі шыққан кейбір жас айтыскерлерміз айтыс өнеріне көлеңке түсіре бастады десек те болады. Атын атап, түсін түстемесек те, қырағы жұрт кімдерді айтып отырғанымызды анық білер. Кейбір айтыскерлеріміз айтыс барсында айтыстың «Ұстасып айтысу» дейтін ең негізгі ерекшелігін қайырып қойып, жаттампаздыққа бой ұрып, жалаң суреттеумен жадағай әдемілікті қуалайтын жолға түсіп келе жатқан сияқты. Ойын образға орап жеткізіп, тілдік көркемдікке мән беремін деп жазба поэзяға көзсіз еліктеп әріптесінің не айтқанында шаруасы жоқ, өзінің дайындалып, жаттап келген дүниелерін,  термелеп  уақытты алатын айтыскерлеріміз көбейіп келеді. Мұндай айтыскерлеріміз айтыс барысында он неше шумақты төгіп салады. Бір қарағанда сурып салма, төкпе ақын ретінде көрінгенімен жіпселей назар аударсаңыз оның артында  дайындықтан шыққан жаттама екендігін байқау онша қиын емес. Ал кейде, әріптес екі ақын күні бұрын келісіп, бірігіп жазып-сызып, ертесі сахнада ойын ойнайтын жайттер де кездесіп жатады. (Негізі айтыс ақындар бейне арысқа түскен балуандардай бір-бірімен ұстаса кетіп, белгілі бір тақырпта ой өрбітіп, өзара жауаптасып, қағысқанда ғане тыңдарманды таңдай қақтырары хақ…) Сонымен, ойын ойнаған екі ақынның қайсысының жеңіліп, қайсысының жеңгендігін біле алмай халық та, «қара қылды қақ жарар» әділқазылар да дал болады. Тіпті айтысып отырған екі ақын да өздерінің жеңген, жеңілгенін білмейді. Бұл туралы  Жүрсін Ерман ағамыз өзінің «Екі тізгін, бір шылбыр» атты кітабында былай дейді: «Негізі бар кілтипан ақындардың өз қолында ма? деп ойлаймын. Бұрынғының ақындары сөзден тосылса, жеңілгенін мойындап, етегін түріп тұрып кетушы еді. Осы заманның айтыскерлері омақаса құлап жеңіліп жатса да, жағаға жармасқанын қоймайды. Байанғали Әлімжановтан басқа жеңілдім деп қол көтерген ақынды көре алмай келемін». Міне, мұның өзі айтыскерлеріміздің айтыс дәстүрін басқа арнаға бұрып бара жатқанының айқын дәлелі.  Ұлттың мақтанышы, айтыстың мұрагері, деп таныған айтыскер жастарымыздың  «Жұлдыз» ауруына шалдыққандарын да кездестіріп жатамыз. «Тасқын су, жардан асқанмен, талдан аспайды.» деген Қазақ. Айтыс дейтін сүбелі сөз өнеріне сәл қарап, жетім деп желкілдеу жетесіздік саналар. Ал тағы бір топ жас айтыскерлеріміз «Қарғаның қаз болам» дегені сияқты ессіз еліктеуге кетіп барады. Сөзінің мәніне емес, әуенінің әріне мән берем деп, белгілі шоқтығы биік ақынның лақамына салып өзін қинайтындар да арамыздан табылады. Әр айтыс ақынның, өзіне тән дара ерекшелігі, сұлулығы болу керек. Алдағы ағалардан үлгі аламын деп, ессіз еліктеудеің қажеті шамалы ...  Жасыратыны жоқ, «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, жас айтыскерлеріміз туралы айтып отырған кінәраттарға себепші болған айтыстың басы қасында жүрген, ел басқарар ағалардың қанымызға қарыстап, сүйегімізге сүйемдеп кірген рушылдық, жершілдік дейтін індеттен арыла алмағандығында. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. «Бір ақынның сау болса тіл мен жағы, мың адамның айтылар мұң мен зары» дегендей,  ақын халық мұңын жеткізуші. Алайда,  «Күріштің арқасында, күрмектің су ішкені» сияқты, қосақ арасында дайын астың иесі болып «жүлделі жүйрік» атанып жүргендер қанша ма? Қарын қамын, дарын қамынан жоғары қойып жолсыздық істеп «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деп арзан сөзді ақындарды алдыға салатын көкелермізге не қайыр...  Бабаларымыздан басымызға бақ болып қонған, айтыс өнерінің түйіні – ақиқат. Айтыстағы жеңілу мен жеңіс те, шындықтан жалтарып құтылып кете алмас, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иері хақ. Сенімді көкесі мен жаттампаздығына сүйеніп халықты алдау өзін алдаумен бірдей. Заманының ұлы шындығын, көкейтесті сауалдарын алтын зердей тапқыр өлеңге бөлеп айтып, аламанда өзіндік өріс тауып, арқан бойы алда келетін нағыз айтыскерлерімізді қолдай білсе ұлт одан ұтпаса, ұтылмайды. Тоқтар Жетпісбай
19.09.2013 07:29 5418

Қазақ өлеңсіз оты жағылмаған халық. Ұлтымыздың тұрмыс тіршілігі ертеден ән мен жырға ұйқасып, біте қайнасып жатыр.  Мұны какім Абай «Туғанда дүние есігін ашады өлең, Өлеңмен жер қойнына кірер денең» деп түйіндейді. Бұл жағыннан  өзімізді-өзіміз мойындап қоймай, өзге ел де, мойындап отыр. Қытайдың қазақ тілді басылымы «Алтай» газетінің 1998-жылы 5-айдың 2 күнгі санындағы, Қытайдың белгілі ақыны Жиаң ЛИЖУНнің «Тау әні» атты шалқымасында «тамыздың тамылжыған күндерінде тауға бара қалсаңыз, самал шалғынға сүңгіп, қыр өртеніп, гүл жанады. Бойың елітіп, жаның рахат табады... Айналаңның бәрі өлең... Жасыл далада еңбекшіл, ержүрек Қазақ шаруалары өздерінің кенен ой, кенеулі жасампаздық қабілеті мен көрікті көркем сахaра мәдениетін ұрпақтан-ұрпаққа жалғап жасап келеді. Осы халықтың той-томалақта өткізілетін ақындар айтысы-- сөзі- жаңбыр, дауысы-дауыл, әні-ескек секілді...» деп жазады. Айтса айтқандай ақындар айтысы бейнелеу өнері жағыннан, қарайған халық алдында сурып салып, қолма-қол өлең ұйқастыра айта білетін ауыз әдебиетіміздің бір түрі. Ата бабаларымыз тарихтан тау жамылып, тас жастанып көшпелі тұрмыс кешірсе де, қасиетті қара өлеңнің тамырына қан жүгіртіп, алапат жылдардан, зар заманнан аман алып бүгінге жеткізді...

Қазір де, төрткүл дүниенің  аспанында еркін самғататын рухани байлығымыз болған  мәйекті мәдениетіміз айтыс өнерінің шын жанашырлары да жоқ емес. Бір жағынан, мемлекет айтысты өз қарауына алса, енді бір жағынан, ұлт мақтанышына айналған кей ағаларымыз, аламан айтыс ұйымдастырып, елге сауын айтып, жүлдегерге темірден тұлпар мінгізіп, дүрілдетіп той жасап, айтыскерлерді жетімсіретпей, айтыс өнерін өлтірмей насихаттап жатыр. Қытайдағы қандастарымыз да, айтыс өнерін «бейзаттық мәдени мұралар» қатарына қосып, құзырлы айтысымыздың құндылығын жалпақ әлемге жария етті. Десе де, айтыс өнеріміздің құны биіктеген сайын айтыскер ақындарымыз таяздап, Айтыскерлерміз саны көбейген сайын, сапамыз әлсірей бастады. Әрине, көпке топырақ шашудан аулақпын, аузымен от шайнап, жалын бүріккен айтыскер ақындарымыз бар болғанымен, саусақпен санарлық ғана. Әсіресе, кейінгі шыққан кейбір жас айтыскерлерміз айтыс өнеріне көлеңке түсіре бастады десек те болады. Атын атап, түсін түстемесек те, қырағы жұрт кімдерді айтып отырғанымызды анық білер. Кейбір айтыскерлеріміз айтыс барсында айтыстың «Ұстасып айтысу» дейтін ең негізгі ерекшелігін қайырып қойып, жаттампаздыққа бой ұрып, жалаң суреттеумен жадағай әдемілікті қуалайтын жолға түсіп келе жатқан сияқты. Ойын образға орап жеткізіп, тілдік көркемдікке мән беремін деп жазба поэзяға көзсіз еліктеп әріптесінің не айтқанында шаруасы жоқ, өзінің дайындалып, жаттап келген дүниелерін,  термелеп  уақытты алатын айтыскерлеріміз көбейіп келеді. Мұндай айтыскерлеріміз айтыс барысында он неше шумақты төгіп салады. Бір қарағанда сурып салма, төкпе ақын ретінде көрінгенімен жіпселей назар аударсаңыз оның артында  дайындықтан шыққан жаттама екендігін байқау онша қиын емес. Ал кейде, әріптес екі ақын күні бұрын келісіп, бірігіп жазып-сызып, ертесі сахнада ойын ойнайтын жайттер де кездесіп жатады. (Негізі айтыс ақындар бейне арысқа түскен балуандардай бір-бірімен ұстаса кетіп, белгілі бір тақырпта ой өрбітіп, өзара жауаптасып, қағысқанда ғане тыңдарманды таңдай қақтырары хақ…) Сонымен, ойын ойнаған екі ақынның қайсысының жеңіліп, қайсысының жеңгендігін біле алмай халық та, «қара қылды қақ жарар» әділқазылар да дал болады. Тіпті айтысып отырған екі ақын да өздерінің жеңген, жеңілгенін білмейді. Бұл туралы  Жүрсін Ерман ағамыз өзінің «Екі тізгін, бір шылбыр» атты кітабында былай дейді: «Негізі бар кілтипан ақындардың өз қолында ма? деп ойлаймын. Бұрынғының ақындары сөзден тосылса, жеңілгенін мойындап, етегін түріп тұрып кетушы еді. Осы заманның айтыскерлері омақаса құлап жеңіліп жатса да, жағаға жармасқанын қоймайды. Байанғали Әлімжановтан басқа жеңілдім деп қол көтерген ақынды көре алмай келемін». Міне, мұның өзі айтыскерлеріміздің айтыс дәстүрін басқа арнаға бұрып бара жатқанының айқын дәлелі.

 Ұлттың мақтанышы, айтыстың мұрагері, деп таныған айтыскер жастарымыздың  «Жұлдыз» ауруына шалдыққандарын да кездестіріп жатамыз. «Тасқын су, жардан асқанмен, талдан аспайды.» деген Қазақ. Айтыс дейтін сүбелі сөз өнеріне сәл қарап, жетім деп желкілдеу жетесіздік саналар. Ал тағы бір топ жас айтыскерлеріміз «Қарғаның қаз болам» дегені сияқты ессіз еліктеуге кетіп барады. Сөзінің мәніне емес, әуенінің әріне мән берем деп, белгілі шоқтығы биік ақынның лақамына салып өзін қинайтындар да арамыздан табылады. Әр айтыс ақынның, өзіне тән дара ерекшелігі, сұлулығы болу керек. Алдағы ағалардан үлгі аламын деп, ессіз еліктеудеің қажеті шамалы ...

 Жасыратыны жоқ, «Жел соқпаса, шөптің басы қимылдамайды» дегендей, жас айтыскерлеріміз туралы айтып отырған кінәраттарға себепші болған айтыстың басы қасында жүрген, ел басқарар ағалардың қанымызға қарыстап, сүйегімізге сүйемдеп кірген рушылдық, жершілдік дейтін індеттен арыла алмағандығында. Айтыстың негізгі салмағы да, түйіні де өмір шындығы. «Бір ақынның сау болса тіл мен жағы, мың адамның айтылар мұң мен зары» дегендей,  ақын халық мұңын жеткізуші. Алайда,  «Күріштің арқасында, күрмектің су ішкені» сияқты, қосақ арасында дайын астың иесі болып «жүлделі жүйрік» атанып жүргендер қанша ма? Қарын қамын, дарын қамынан жоғары қойып жолсыздық істеп «Аузы қисық болса да, байдың ұлы сөйлесін» деп арзан сөзді ақындарды алдыға салатын көкелермізге не қайыр...

 Бабаларымыздан басымызға бақ болып қонған, айтыс өнерінің түйіні – ақиқат. Айтыстағы жеңілу мен жеңіс те, шындықтан жалтарып құтылып кете алмас, оның бәрі де тек шындықпен суарылған аталы сөзге тоқтап бас иері хақ. Сенімді көкесі мен жаттампаздығына сүйеніп халықты алдау өзін алдаумен бірдей. Заманының ұлы шындығын, көкейтесті сауалдарын алтын зердей тапқыр өлеңге бөлеп айтып, аламанда өзіндік өріс тауып, арқан бойы алда келетін нағыз айтыскерлерімізді қолдай білсе ұлт одан ұтпаса, ұтылмайды.

Тоқтар Жетпісбай

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға