Жаңалықтар

Италия баспасөзі тарихы. 1943-1945 жылдар.

1940 жылдардағы Итальян журналистикасы негізінен сол кезде мемлекетте қалыптасқан саяси жағдайдың көрінісі іспетті. ұлттық баспасөз аяғынан тұрып үлгермей тоталитарлық режимнің қыспағына түседі. Оппозциялық газеттер жойылып, кейбіреулері ғана жасырын шығарыла береді. Ең беделді «Стефани» ақпарат агентгігі Муссалини басқаруымен фашизмнің ресми қаруына айналды. Күнделікті газеттер саны қысқартылып, оқырмаңдардың объективті бағалалау мүмкіндігі әлсіреді. 1943 жылдың шілде айыңда Кеңес Одағының әскери күші Сицилияда орналастырырылып, Англо-Амержандың эскери басшылық іске арнайы дайындалған психологиялық соғыс жүргізетін бөлімшені қосты. Оның атқаратын қызметіне Жерорта теңізі бойыңдағы соғыс әрекеттері жайлы барлық ақпараттарды қадағалау кірді. Олар цензураны енгізе отырып, газеттердің шығарылуына рұқсат беру, не тыйым сала алды, өздерінің жекеменшік баспасөз ұйымдарын және радио құру мүмкіндігін алды. Италияны қолдаушы одақтастар, консерванттық күштер ұлттық бостаңдық комитет партияларының ықпалын, әсіресе, Солтүстік Италия Бостандық Комитетін (СИБК) әлсіреткісі келді. СИБК жалпы тұлғалардың дефашизациялануын қадағалайтын заңды ұстауды, фашист оккупанпарымен байланысқа түскен барлық басылымдарды жабуды талап етеді. Одақтастардың қамкорлығымен, не рұқсатымен қарапайым және бұрын көбісі жасырын шығарылған антифашистік партия басылымдары шығарылады. Таныматынары: «Аванти» коммунистік «Унита», демократиялык «Пополо» және «Итатия Либера». 1944 жылы шілде айыңда Рим бостандық алғаннан кейін бұл басылымдар өздерінің шарықтау кезеңіне жетті. Осы тұста газет таралымының көлемі біршама ұлғайды. Психологиялық соғыс бөлімдерінің газеті Палермодан бастап, басқа да ірі қалаларда ашыла бастады. Азат етілген жердің ең бірінші «Сицилия Либерато» газеті 1943 жылы 6 тамызда Палермода жарық көрді. Психологиялық соғыс бөлімінен тәуелсіз, бірақ олардың бақылауымен «Рисорджименто», «Темпо» газеттері шығарыла бастайды. Олар халыққа қажетгі мәдениет және сатира салаларыңда ақпарат тарата бастайды. 1944 жылы 11 тамыз күні, оккупация кезінде шығарылған қаржылық «Иль Солее» және католиктік «Л'Итале» басылымдарынан басқа барлық газет-журналдар жабылсын деген СИБК баспасөз мәселелеріне қатысты құжат қабылданады. 1945 жылы кооперацияның бастаумен партия газеттерінің ұсынысымен ассоциацияланған ұлттық баспасөз агентгігі құрылады. Олардың негізгі ұстанымы бостандық пен шындықты жазу болды. Журнал шығару ұйымдарының да жұмыстары жаңадан басталып, Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Италия Ұлттық Баспасөз Федерация (ИҰБФ) өз жұмысын жаңдаңдырды. 1944 жылы журналистер тізімі мен қабылдау ретін анықтап 11 облыс пен облысаралық жұмысты қадағалау мақсатымен Бірыңғай комиссия құрылсын деген №384 декрет қабылданады. Комиссияға итальяндық журналистиканы дефашизациялану жүктелді. Осылайша Италия 1945 жылы толық бостандыққа ие болған тұста мемлекетте антифашистік үкіметгің коалициялық партиясымен қатар, қалыптасқан одақтастық бақылау партиясы жұмыс істей бастайды. Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл "Шетел Журналистикасы"
19.09.2013 04:12 11456

1940 жылдардағы Итальян журналистикасы негізінен сол кезде мемлекетте қалыптасқан саяси жағдайдың көрінісі іспетті. ұлттық баспасөз аяғынан тұрып үлгермей тоталитарлық режимнің қыспағына түседі. Оппозциялық газеттер жойылып, кейбіреулері ғана жасырын шығарыла береді. Ең беделді «Стефани» ақпарат агентгігі Муссалини басқаруымен фашизмнің ресми қаруына айналды. Күнделікті газеттер саны қысқартылып, оқырмаңдардың объективті бағалалау мүмкіндігі әлсіреді. 1943 жылдың шілде айыңда Кеңес Одағының әскери күші Сицилияда орналастырырылып, Англо-Амержандың эскери басшылық іске арнайы дайындалған психологиялық соғыс жүргізетін бөлімшені қосты. Оның атқаратын қызметіне Жерорта теңізі бойыңдағы соғыс әрекеттері жайлы барлық ақпараттарды қадағалау кірді. Олар цензураны енгізе отырып, газеттердің шығарылуына рұқсат беру, не тыйым сала алды, өздерінің жекеменшік баспасөз ұйымдарын және радио құру мүмкіндігін алды. Италияны қолдаушы одақтастар, консерванттық күштер ұлттық бостаңдық комитет партияларының ықпалын, әсіресе, Солтүстік Италия Бостандық Комитетін (СИБК) әлсіреткісі келді. СИБК жалпы тұлғалардың дефашизациялануын қадағалайтын заңды ұстауды, фашист оккупанпарымен байланысқа түскен барлық басылымдарды жабуды талап етеді. Одақтастардың қамкорлығымен, не рұқсатымен қарапайым және бұрын көбісі жасырын шығарылған антифашистік партия басылымдары шығарылады. Таныматынары: «Аванти» коммунистік «Унита», демократиялык «Пополо» және «Итатия Либера». 1944 жылы шілде айыңда Рим бостандық алғаннан кейін бұл басылымдар өздерінің шарықтау кезеңіне жетті.

Осы тұста газет таралымының көлемі біршама ұлғайды. Психологиялық соғыс бөлімдерінің газеті Палермодан бастап, басқа да ірі қалаларда ашыла бастады. Азат етілген жердің ең бірінші «Сицилия Либерато» газеті 1943 жылы 6 тамызда Палермода жарық көрді. Психологиялық соғыс бөлімінен тәуелсіз, бірақ олардың бақылауымен «Рисорджименто», «Темпо» газеттері шығарыла бастайды. Олар халыққа қажетгі мәдениет және сатира салаларыңда ақпарат тарата бастайды. 1944 жылы 11 тамыз күні, оккупация кезінде шығарылған қаржылық «Иль Солее» және католиктік «Л'Итале» басылымдарынан басқа барлық газет-журналдар жабылсын деген СИБК баспасөз мәселелеріне қатысты құжат қабылданады. 1945 жылы кооперацияның бастаумен партия газеттерінің ұсынысымен ассоциацияланған ұлттық баспасөз агентгігі құрылады. Олардың негізгі ұстанымы бостандық пен шындықты жазу болды. Журнал шығару ұйымдарының да жұмыстары жаңадан басталып, Муссолини қызметтен кеткеннен кейін Италия Ұлттық Баспасөз Федерация (ИҰБФ) өз жұмысын жаңдаңдырды. 1944 жылы журналистер тізімі мен қабылдау ретін анықтап 11 облыс пен облысаралық жұмысты қадағалау мақсатымен Бірыңғай комиссия құрылсын деген №384 декрет қабылданады. Комиссияға итальяндық журналистиканы дефашизациялану жүктелді. Осылайша Италия 1945 жылы толық бостандыққа ие болған тұста мемлекетте антифашистік үкіметгің коалициялық партиясымен қатар, қалыптасқан одақтастық бақылау партиясы жұмыс істей бастайды.

Дереккөз: Шындалиева Меңдігүл

"Шетел Журналистикасы"

Бөлісу:
Telegram Қысқа да нұсқа. Жазылыңыз telegram - ға